• Басты
  • Мақтаарал: Авариялық-құтқару жұмыстарына қосымша күш тартылды
6 Мамыр, 2020 14:24

Мақтаарал: Авариялық-құтқару жұмыстарына қосымша күш тартылды

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдаймен күреске қосымша күш тартылуда, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 
 Мақтаарал: Авариялық-құтқару жұмыстарына қосымша күш тартылды

Түркістан облысынан 55 қызметкер 21 мотопомпа, 6 техника, Жамбыл облысынан 50 маман, 8 техника, 3 қайық, 15 мотопомпа келсе, Шымкент қаласынан 40 адам, 8 техника, 10 мотопомпа, 2 қайық, Қызылорда облысынан 45 қызметкер, 6 техника, 4 қайық, 10 мотопомпа келді.

Сондай-ақ Алматы қаласынан Ұлттық Гвардияның 28237 әскери бөлімінен 160 маман, 15 техника Мақтааралға жолға шықты.

Оқиға орнында жалпы жиыны жеке құрамның 350 қызметкері, 43 техника, 9 жүзу құралы, 56 мотопомпа жұмыс істемек.

Атап өтейік, 2 мамырда шұғыл түрде Мақтаарал ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, жедел штаб құрылды.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 986 адам, 10 дана жүзу құрылғысы, 180 дана техника жұмылдырылды.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды