• Басты
  • Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда
1 Маусым, 2020 17:23

Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте апат салдарын жойып, қалпына келтіру жұмыстарының барысы баяндалды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

 Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда

Фирдауси және Өргебас елді мекендері мен Мырзакент кентінде заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы мен 1200 орындық мектеп, полиция тірек пункті және 280 орындық бала-бақша құрылысы басталады. Бұл мақсатта облыс әкімдігі резервінен қаржы қарастырылады. Өмірзақ Естайұлы жаңадан бой көтерген ықшам ауданда орталық алаң салудың қажеттігін айтты.

"Бүгінде Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекен тұрғындарының келісімі бойынша, Мырзакент кентінде 425 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 235 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үйдің 150-і «Б.Өтемұратов», 20 үй «Салиқалы ұрпақ», 20 үй «Біз Біргеміз» қоры салуда. Жалпы 839 тұрғын үйге аккредитталған эксперттер тарапынан, техникалық зерттеу тексеруі жұмыстары жүргізіліп, 623 үйге техникалық қорытынды алынды", - делінген хабарламада. 



Бүгінгі таңда жалпы 32 мердігер мекеме тарапынан 383 тұрғын үйдің  құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аумағында 360 үйдің қазаншұқыры қазылып, іргетасы құйылды. 30 үйдің қабырға қалау жұмыстары жалғасуда. Құрылыс алаңына 1124 адамдар мен 68 арнайы техника құрылыс- монтаж жұмыстарына жұмылдырылған. Зардап шеккен ауылдарда жаңа тұрғын үй құрылысында инженерлік инфрақұрылым салу және Фирдауси мен Өргебас елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды