• Басты
  • Мақтааралға дүнген мәдени орталығының гуманитарлық көмегі келді
12 Мамыр, 2020 14:32

Мақтааралға дүнген мәдени орталығының гуманитарлық көмегі келді

Бүгін Мақтаарал ауданына Жамбыл облысы, Қордай ауданынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл қайырымдылық керуенін Қордай ауданы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлады Strategy2050.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.
 Мақтааралға дүнген мәдени орталығының гуманитарлық көмегі келді

5 млн. теңгенің гуманитарлық көмегі төтенше жағдай жөніндегі штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Оны еріктілер мен жауапты азаматтар қабылдап алды. Атап айтсақ, 11 тонна ұн, 2,5 тонна қант, 2,5 тонна күріш, 1,5 тонна макарон, 1500 литр өсімдік майы, 5,3 тонна картоп, 500 келі пияз, 300 келі тұз, 1000 қорап шәй және жууға арналған тазалық заттарын қосқанда жалпы 30 тоннаға жуық тауар жеткізілді.

Осылайша, дүнген этносының өкілдері мақтааралдықтармен бірге екенін дәлелдеп, Мырзашөлдің тез еңсе тіктеуіне тілектес екендерін жеткізді. Керуенді бастап келген Қордай ауданы, Сортөбе ауылының әкімі Ілияс Буларов Тұтас Қазақстан жұртшылығы бір халық ретінде жұдырықтай жұмылса, алынбас қамал жоқ екенін айтты.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев қиын кезеңде жанашырлық танытып, ыстық ықыласын ала келген қордайлықтарға алғысын білдірді. Іс-шараны үйлестіріп, ұйымдастырған Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері біртұтас Қазақ елінің бірлігін нығайтатын бастамалар жалғасатынын мәлімдеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды