• Басты
  • Мәжілісте Халық денсаулығы туралы Кодекс таныстырылды
17 Қазан, 2019 12:22

Мәжілісте Халық денсаулығы туралы Кодекс таныстырылды

Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редақциясы мен оған ілеспе Заң жобасы таныстырылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Мәжілісте Халық денсаулығы туралы Кодекс таныстырылды

Кодекс жобасын әзірлеу үшін Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы және ҚР Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы және Үкіметтің 2019 жылға арналған заң жобалау жүмыстарының негізі болып табылады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Кодекс қоғамдық денсаулық, медициналық көмек, білім және ғылым, фармацевтикалық қызмет, кадрлық саясат, цифрлық денсаулық сақтау сынды негізгі салаларды қамтитынын айтты. 

«Кодексті қабылдағаннан кейін заңға тәуелді актінің саны 350-ден 210 актіге дейін оңтайландырылатын болады. Кодекстің жаңа редакциясын талқылау үшін халықпен жария талқылау, оның ішінде «Nur Otan» партиясының және «Атамекен» ҰКП алаңында жария талқылаулар және өңірлерде семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді», - деді Е.Біртанов.

Сонымен қатар, министр айтылған негізгі 6 бағытқа қысқаша тоқталып өтті.

1.Қоғамдық денсаулық

«Кодекс жобасы халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған нормаларды көздейді. Олар: психикалық денсаулықты қорғау, психикаға белсенді әсер ететін заттармен, сондай-ақ, құмар ойындарға байланысты туындаған суицидтік мінез құлықтың және қауіптің профилактикасы бойынша нормалар регламенттеледі. Сондай-ақ, білім беру және түсіндіру, жасөспірімдер мен жастарға құпия кешенді көмек беру нормалары регламенттеледі»,- деді министр.

Сондай-ақ, министр айтқандай, аурудың профилактикасына бағытталған жаңа ережелер көзделеді.

«Атап айтқанда, азаматтардың өз денсаулығына міндетті түрде қамқорлық жасауы, оның ішінде скринингтен міндетті өтуі және профилактикалық егулер алу бойынша, қоршаған ортаның халық денсаулығына әсері мен шу атмосфералқ ауаның әсерін реттеу бойынша, мектепке дейінгі ұйымдарға егілмеген балаларды жіберуді шектеу бойынша ережелер қарастырылған», - деді ол.

Сонымен қатар, Е.Біртанов айтып өткендей, азаматтардың, жұмыс берушілер мен мемлекеттің қоғамдық денсаулықты сақтауға, инфекциялық және инфекциялық емес жұқпалы аурулардың профилактикасына ортақ жауапкершілік көбейтіледі.

2. Медициналық көмек.

«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, медициналық көмектің жоғары сапасына қол жеткізу тәсілдері қайта қаралды. Қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында медициналық көмек көрсетуді стандарттаудағы бірыңғай тәсіл регламенттелмеген, транспланттау институтын жетілдіру, медициналық қызмет көрсету саласында мемлекеттік бақылауды күшейту қарастырылған»,- деді министр.

3. Білім және ғылым.

Министрдің айтуынша, білім беру қызметін жетілдіру мақсатында Дүниежүзілік медициналық білім беру фракциясының талаптарына сәйкес білім алушыларды және түлектерді үздіксіз интеграцияланған оқыту және кәсіптік даярлығын тәуелсіз бағалау моделін енгізу көзделген.

«Түзетулерді қабылдау нәтижесінде клиникалық мамандықтар бойынша базалық даярлау мерзімі 7 жылдан 6 жылға дейін қысқарады. Медицина кадрларын даярлау сапасы артады. Гендік инженерия мен дербестендірілген медицинаның дамуына алып келеді», - деді Е. Біртанов.

4. Фармацевтикалық қызмет.

«Фармацевтикалық қызметті дамыту үшін қосымша тәртібін нақтылау, фармацевтикалық инспекторатты жетілдіру,озық терапиядағы дәрілік заттарды қолдану тәртібін айқындау қарастырылып отыр», - деді Е.Біржанов.

5. Кадр саясаты.

Министр атап өткендей, медицина кадрларының біліктілігін арттыру мақсатында кадарларды үздіксіз кәсіптік дамыту, оның ішінде жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру қаралған.

«Мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету үшін біліктілік деңгейіне сәйкес келетін ынталандыру төлемдерін ұсыну, сондай-ақ, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдауға арналған басым құқықтарын бекіту, «медициналық оқиға» ұғымын және оны айқындау тетіктерін енгізу қарастырылған», - деді ол.

6. Цифрлық денсаулық сақтау.

«Пациенттердің дербес медициналық деректерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар нормалар енгізіледі. Оның ішінде дербес және дербестендірілмеген деректерді пайдалану тәртібін нақтылауды, деректерді енгізудің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілікті көздейтін нормалар енгізіледі», - деді министр.

Өз кезегінде Кодекс жан-жақты халықпен талқыланып жатқанын Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова айтып өтті.

«Халыққа өте ырзамыз. Себебі, екі айдың ішінде 500-ден астам ұсыныс келіп түсті. Медицина қауымы мен қоғам өкілдерінен өз ұсыныстары мен пікірлері болса, бізге жолдайды. Олардың барлығы жұмыс тобында қаралып, жан-жақты талқыланады. Осы орайда, қандай бағыттар мен түзетулер енгізіліп жатқаны туралы халықты ақпараттандырып отырамыз», - деді Зәуреш Аманжолова.

Сонымен қатар, депутат Кодекс осыған дейін көтеріліп жүрген мәселелерді шешуге бағытталып отырғанын айтты. Оның ішінде, негізгі мәселе сапаға қатысты болып отыр.

«Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру қарастырылған. Мәселен, аддекваттық емес тұрғыда қол жұмсау оқиғалары да тіркеледі. Сондықтан да, осындай жағдайлар қатаң жазаланады. Бұл мәселе де қарыстырылып жатыр. Түсірілім жүргізу әлем тәжірибесі сияқты персоналдық рұқсатымен жүзеге асырылады. Мысалы, пациентке бейне қажет болса, қазір барлық ота жасайтын клиникаларда үрдіс бейнеге жазылады. Соңында ота жасалған кездегі барлық ақпаратты пациентке бере аламыз», - деді З.Аманжолова.

Сонымен қатар, депутат дәрігерлердің жауапкершілігін арттыру мәселесі де бұрыннан бар «дүние» екенін атап өтті.

«Дәрігерлік қателік деп айтамыз ғой. Алайда, дәрігерлік қателік Дүниежүзі бойынша кездеседі. Қазақстандағы мұндай жағдайлар жоғары дәрежеде деп айта алмаймыз. Әрбір дәрігер ем жасағанда, ешкімге жаман болсын деп жасамайды. Кейде ол емдеу процессі ерекше болады, дәрігерге байланысты болмауы да мүмкін. Ол дәрінің сапасына, құрал-жабдықтарға, пациенттің иммундық жүйесіне байланысты болады. Бас-көзі жоқ «мына дәрігер осындай іс жасады» деп айтпай, оны құқықтық органдармен сот арқылы шешу керек болса, дәрігердің жазасы дәлелденген жағдайда, ол тиісті жазасын алады. Ал, егер дәрігерден қате кетпей, ем процесіндегі болған жағдай болса, басқаша қаралатын болады», - деді ол.

Айта кетейік, ілеспе заң жобасымен 21 заңнамалық актіге, оның ішінде 8 кодекске түзетулер енгізіледі. Көрсетілген заңнамалық актиілерге негізгі түзетулер Кодекс жобасының жаңа редакциясының нормаларымен бірге синхрондауға бағытталған. Сонымен қатар, Кодекс жобасының нормаларын іске асыруға ӘӘК-не әкімшілік жауапкершілікке қатысты түзетулер енгізіледі.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды