• Басты
  • Мәжілісте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заң жобасы талқыланды
3 Маусым, 2020 11:05

Мәжілісте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заң жобасы талқыланды

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын парламент депутаттары әзірледі. Бүгін мәжіліс отырысында депутаттар тарапынан қолдау тапты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Мәжілісте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заң жобасы талқыланды

Мәжіліс отырысында аталған заңнаманы таныстырған Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Оспанов құжаттың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени құндылығы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін қорғауға бағытталғанын атап өтті.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын парламент депутаттары әзірледі. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени құндылығы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін күзетуге және қорғауға бағытталған. Бүгінгі күні елдің экономикалық даму қарқынының өсуі және табиғи ресурстарды пайдалануды күшейту жағдайында биологиялық әртүрлілік элемент ретінде бірегей табиғи ресурстарды сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр", - деді комитет төрағасы.


Сонымен қатар ол елбасы мен ел президентінің жолдауларында осы мәселе көтеріліп, белгілі бір тапсырмалар берілгенін атап өтті.

"Осы жағдай елбасының "Қазақстан-2050 стратегиясы:Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан жолдауында көрсетілген. Она табиғи ресурстардың сарқылуы және табиғи ресурстарға деген біздің көзқарасымызды қайта пайымдау қажеттігі атап өтілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі жолдауында туризмді, әсіресе экономиканың маңызды саласы ретінде қарап, этнотурмзмді дамыту туралы міндет қойылған. Қазіргі уақытта қорықтар, ұлттық парктер, ботаникалық бақтар, өңірлік парктер, табиғат ескерткштері, қамалдар мен ерекше қорық аталатын табиғи аумақтардың жалпы алаңы 26,2 млн га немесе ел аумағының 9,6 пайызын құрайды. Біздің ортақ міндетіміз оларды сақтап қалу және көбейту", - деді Берік Оспанов. 


Оның айтуынша, құжаттағы өзгерістер елдегі қорықтар, ұлттық парктер, ботаникалық бақтар, өңірлік парктер, табиғат ескерткштері, қамалдар мен ерекше қорық аталатын табиғи аумақтарды сақтап, әрі көбейтуге бағытталып отыр. 

"Қаралып отырған заң жобасы дәл осыған бағытталған. Оның негізі идеясы туризм объектілерін және ерекше стратегиялық маңызы бар құрылыстарды салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған және мақсатты түрде пайдаланылмайтын жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтару болып табылады. Мәселен, іс жүзінде мұндай жағдайлар бар. Бұл "Бурабай" мемлекеттік табиғи-ұлттық паркі және "Іле Алатау" мемлекеттік табиғи-ұлттық паркі. Ауыстырылған жерлердің игерілмеуіне және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кірмеуіне байланысты олар тиісті түрде қорғалмайды. Соның салдарынан өзінің бірегейлігі мен құндылығын жоғалтып отыр", - деді комитет төрағасы.


Бұдан бөлек ол басқа депутаттардың экологиялық туризмді дамыту аясында табиғат қорғау мекемелерінде көрсететілетін қызметтердің тізбесін кеңейтуді ұсынғанын айтты. 

"Сонымен қатар осы аумақтарда өсетін өсімдіктер мен аймақты мекендейтін жануарлар дүниесіне зарар келтірілуі мүмкін. Бұдан басқа депутаттар экологиялық туризмді дамыту аясында табиғат қорғау мекемелерді көрсететін қызметтердің тізбесін кеңейтуді ұсынды. Өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай қызмет түрлері заң деңгейінде қарастырылады. Жалпы заң жобасын қабылдау қайтарылатын жер учаскелеріндегі табиғи кешендері мен табиғат, қорық, қорымның объектілерін сақтау туризмді одан әрі дамытуға септігін тигізбек. Осыған байланысты депутаттардың бастамасын қолдауды сұраймын", - деді Берік Оспанов.


Айта кетейік, аталмыш заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мәжіліс депутаттары бірауыздан мақұлдады. Мәжіліс төрғасы Нығматуллин екінші оқылымда бүгінгі көтерілген мәлелер мен ұсыныстар қаралатынын атап өтті. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды