• Басты
  • Мәжілісмендер Алматы облысында азаматтарды қабылдауда
8 Қаңтар, 2020 10:49

Мәжілісмендер Алматы облысында азаматтарды қабылдауда

 Алматы облысының Іле ауданында Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев, Әбдіманап Бектұрғанов, Амангелді Дәуренбаев «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдау өткізді. 
Мәжілісмендер Алматы облысында азаматтарды қабылдауда

Кездесуге қатысушылар депутаттарға өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, ақыл-кеңес алды.

Қойылған сауалдардың көбі әлеуметтік сала, жұмыспен қамту және ауылды абаттандыру мәселелеріне қатысты болды. 

Мәселен, Қапиза Нұранова депутатқа Жетіген ауылындағы Жаңаталап көшесінің жолын жөндеуге ықпал етуін сұрады.

Өтініш берушілердің барлық өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған депутаттар, уәкілетті органдармен бірлесіп, қолданыстағы заңнама аясында бұл мәселелерді шешуге көмек көрсетілетіндігін жеткізді.

Кездесу барысында О.Өксікбаев «Nur Otan» партиясының депутаттары өз сайлаушыларымен үнемі байланыста болып, ауыл тұрғындарының проблемаларына барынша көңіл бөлетінін атап өтті. 

Мəжіліс депутаты бұл мәселелерді Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі қадағалап отыратының жəне Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқына Жолдауында осы туралы сөз қозғағандығын айтты.

Халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар болған депутаттың айтуынша, бүгінгі қабылдау аудан тұрғындарының билікпен диалогқа және жалпы мәселелерді бірлесіп шешуге дайын екендігін көрсетті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды