• Басты
  • Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшауланды
17 Маусым, 2020 10:37

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшауланды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кетті, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшауланды

Мәжіліс Төрағасы карантиндік шараларды қатаң сақтап, жалпы отырыстарды қоспағанда ешкіммен тікелей байланыста болмады. 

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин әрбір жалпы отырыс сайын коронавирусқа тест тапсырды. 

Ағымдағы жылдың 9-11 маусымы аралығында Мәжіліс Төрағасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің жобасына Сенат енгізген түзетулерге байланысты Денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын. 

Елжан Біртановтың оң сараптамасына байланысты, 16 маусымда Мәжіліс Төрағасы тағы бір сынақтан өтті. Өкінішке орай, тест оң нәтиже көрсетті. Диагноз симптомсыз түрі деп қойылды. 

Осыған орай, Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта Мәжіліс Төрағасы қашықтықтан жұмысын жалғастыруда. 17 маусымда өтетін Мәжілістің жалпы отырысын вице-спикер өткізуде.

Барлық жаңалықтар