• Басты
  • Мәжіліс Төрағасы Иордания мен Оман елдерінен келген әріптестерімен кездесті
23 Қыркүйек, 2019 09:00

Мәжіліс Төрағасы Иордания мен Оман елдерінен келген әріптестерімен кездесті


Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі қарсаңында Иордания Хашимит Корольдігі Халық жиналысы өкілдер палатасының төрағасы Атеф Аль-Тараунмен кездесті, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Мәжіліс Төрағасы Иордания мен Оман елдерінен келген әріптестерімен кездесті

 Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Иордания Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды әріптесі екенін алға тарта келіп, мемлекетаралық қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтті. 

Тараптар келешекте де барлық салалардағы өзара тиімді байланыстарды белсенді түрде ұлғайтуға, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды үйлестіруге, екіжақты қатынастарымыздың құқықтық негіздерін нығайтуға бірлесе қолдау көрсетуге ниетті екендерін білдірді. 

Ал, Оман Аш-Шура Маджлисінің Төрағасы Халид Хилал Нассер Аль-Маауалимен жүздесуде Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Оман тарапынан жасалған жоғары деңгейдегі алғашқы сапар екенін алға тарта келіп, ерекше құрмет ретінде бағалады. 

Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнаған 27 жыл ішінде Қазақстан мен Оман көп бағытты әріптестікті нығайтуда жоғары табыстарға қол жеткізіп, елдеріміз арасында саяси сенім жаңа деңгейге көтерілді. Мәртебелі меймандар арнайы шақыру үшін алғыстарын жеткізді.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды