• Басты
  • Мәжіліс «Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды
22 Мамыр, 2020 14:01

Мәжіліс «Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды

Бүгіннен бастап Мәжіліс заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастайды, деп хабарлады Strategy2050.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Мәжіліс «Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды

Елімізде орын алған карантин режимі Мәжіліс депутаттарының жұмыс нысанын өзгерткенімен, оның мазмұнына әсер еткен жоқ. Осы тұрғыда маңызды заң жобаларын талқылау, халықты толғандыратын мәселелер бойынша әзірленген депутаттық сауалдар бұрынғыдай жүйелі түрде журналистерге ұсынылуда. 

Сондықтан биыл да БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Мәжіліс «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарын анықтайтын болады.

Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша тағайындалған.  

Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2019 жылдың 3 қыркүйегі мен 2020 жылдың 15 маусымы аралығында жазылған және жарық көрген материалдар қабылданады. 

Жеңімпаздар Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бейне-материалдар бойынша анықталады. 

Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады. 

Өтінімдер 2020 жылдың 22 маусымына дейін қабылданады. 

Қосымша ақпаратты Мәжілістің www.parlam.kz ресми сайтынан алуға болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды