- Басты
- Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
Бүгін, яғни 15 қаңтар күні мәжілістің жалпы отырысында жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беруде, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берiк Имашев күн тәртiбiнде ұсынылатын мәселелерге тоқталды.
- ҚР Парламентi Мәжiлiс депутаттарының ант беруi туралы
- ҚР Парламентi Мәжiлiсi төрағасын сайлау туралы
- ҚР Парламентi Мәжiлiс төрағасы орынбасарларын сайлау туралы
- ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң тұрақты комитеттерi комитеттерi саны мен атауы туралы
- ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң тұрақты комитеттерi төрағаларын сайлау туралы
- ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң тұрақты комитеттерi мүшелерiн сайлау туралы.
- Электронды жүйенi қолдануын бақылау жөнiндегi уақытша комиссияны сайлау туралы
Айта өтейiк, мәжiлiстiң жетiншi шақырылымының алғашқы жалпы отырысына 107 депутаттың 100-i қатысуда.
Жаңадан сайланған халық қалаулыраның арасында Еуразиялық интеграция институтының директоры қызметін атқарған Ерлан Саиров, саясаттанушы Айдос Сарым, «Ана тілі» газетінің рекдакторы болған Жанарбек Әшімжан, ақын Қазыбек Иса, журналист Мәди Ахметов, ақын Мақпал Мыса, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Тілектес Адамбеков бар.
Сонымен қоса, ҚР Парламентi Мәжiлiсi төрағасын сайлау туралы күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша Берік Имашев Дархан Мыңбайға сөз берді.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Мәжіліс төрағасына Нұрлан Нығматулинді ұсынды.
«Кеше біздің фракцияның отырысында елбасы, «Нұр-Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Сеніп тапсырылыған барлық лауазымды қызметті лайықты атқарғанын, қойылған міндеттердің үдесінен шыға білгенін айтты. Ұсынысты «Нұр-Отан» фракциясының мүшелері бірауыздан қолдады. Нұрлан Нығматулин бүгінгі көппартиялы парламентімізде барлық партиялармен жұмыс істей алады. Біз оған 6-шы шақырылымдағы Парламент депутаттары куә болдық. Ол заң шығару жұмысының ашықтығын арттыруға, парламентаризмді дамытуға ерекше маңыз берді», - деді Мәжіліс депутаты.
Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев те әріптестерінің қсынысын қолдап, Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулинді ұсынды.
-
ДДҰ: Әлем халқының 10%-дан азында коронавирусқа қарсы антидене бар
-
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева
-
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды
-
Азық-түлік бағаларын тұрақты ету үшін қабылданған шаралар
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал
-
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды
-
Қазақстанда халықты вакцинациялаудың бipiншi күнi қалай өттi
-
Антикор: 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 5%-ға азайды
-
Иммунолог: Вакцина халық өмірін қорғау үшін қажет
-
Президент тапсырмасы: Халыққа берілетін несие ставкасы мен тұрғын үй бағасы төмендетілмек
-
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы

