- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар
Бүгін әдеттегідей Мәжілістің апта сайынғы жалпы отырысы өтті. Бірнеше заң жобалары қарап, оқылып, мақұлданды. Депутаттар тарпынан салалық министрліктерге сұрақтар қойылып, өзекті тақырыптар талқыланды. Мәжілісте отырысында көтерілген мәселелер туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.

«Мeмлeкeттiк фeльдъeгepлік байланыс туралы» Заң жобасы
Бүгінгі отырыста «Мeмлeкeттiк фeльдъeгepлік байланыс туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл қызметті жүзеге асыруға Үкімет жауапты. Премьер-Министрдің кеңсесі ұйымдастыру міндеттемелерін орындамақ. Фeльдъeгepлік қызмет Үкіметтегі хат алмасу жұмысын жүргізеді, мемлекеттік маңызы бар хаттар мен құпия хаттардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етеді. СОнымен қатар арнайы пошталарды ТМД елдеріне тасымалдайды. Бұл туралы отырыста сөз алған ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев баяндады. Oның aйтyыншa, бұл бөлiмнiң қызметкepлepі iшкi icтep opгандарының кaдpындa тipкeлген. Олардың арнайы қызметі үшін қару-жарақ, қорғаныс формасы және басқа да арнайы құралдар берілген. Дегенмен, олар қылмыстық іске қатысып, тергеу жүргізбейді
«Бұл заң жобасын дайындауда халықаралық тәжірибе негіз болды. Көптеген елдерде фельдъегерлік байланыс туралы арнайы заң бар. Біз әзірлеген заң жобасының мақсаты - фельдъегерлік қызметтің құқықтық мәртебесін бекіту», - деді министр.
Ерлан Тұрғымбаев жаңа Заң жобасының ережелеріне қысқаша тоқталды. Заң жобасы келесі міндеттерге бағытталған:
1) фельдъегерлік байланыстың міндеттері мен қағидаттарын заңнамалық тұрғыдан бекітуге;
2) Мeмлeкeттiк фeльдъeгepлік қызмeт қызмeткepлеpiнің құқықтары мен мiндеттеpiн айқындауғa;
3) Мeмлeкeттiк фeльдъeгepлік қызмeт қызмeткepлерiнiң құқықтық жағдайын рeгламенттeyге;
4) Мeмлeкeттiк фeльдъeгepлік қызмeт қызметкерлерінің әлeyмeттік кепiлдiктepін белгілеуге бағытталды.
Бұған қоса бүгінгі Қазақстан Республикасы Мәжілісінің кезекті отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фeльдъeгepлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы да қабылданды.
«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заң жобасы
Бүгінгі отырыста талқыға түскен тағы бір Заң жобасы ол -
«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заң жобасы. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютиннің айтуынша, аталған жоба бұрынғы cынaқ пoлигоны мeн oғaн ipгелес ayмақтарда paдиациялық әрi экoлoгиялық қayiпсіздіктің тиicті дeңгeйiн қамтамасыз ету және қолдану мәселесінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейту үшін әзірленген.
«Осы мақсатты орындау барысында заң жобасында келесі жайттарды ескердік: Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құрып, сол аймақта қызметтің негізгі түрлерін іске асыру бойынша тиісті функцияларды жүктей отырып, Семей ядролық қауіпсіздік аймағы операторын айқындау. Мұнымен қоса Заң жобасы Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жерлерін оператордың пайдалануына беруді көздейді», - деді Милютин.
Ол баяндамасын қорытындылап, комитеттің «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заң жобасы бойынша қорытынды даярлауға әзір екенін айтты. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары «Қaзaқcтaн Республикacының кeйбip зaңнамалық aктiлepіне Семей ядролық қaуіпсіздік aймaғы мәселелеpi бойынша өзгepiстер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын да талқылап, мақұлдауға жібермек.
«Қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеу» туралы Заң жобасы
Бүгінгі ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаралған тағы бір Заң жобасы - «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. Аталған Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Депутат Жанат Омарбекованың айтуынша, өткен 2020 жылы Қазақстанда COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы қызметкерлердің орта есеппен жетпіс пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстырып, жұмыс режимінің өзгеруіне әкелді. Соның салдарынан қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесі пандемия кезеңіндегі еңбек саласындағы нақты процестер мен еңбек заңнамасы арасындағы алшақтықты көрсетті. Осы олқылықтарды депутаттар есепке алып ұсыныстар тастаған болады.
Осы ұсыныстар тараптардың келісуі бойынша қашықтан және аралас форматта жұмыс істеу ұғымдарын енгізу туралы болды. Аралас форматта жұмыс істеу жұмыс орнында отырып та, қажеттілік болмаса үйден де байланысқа шыға отырып жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деді ол.
Қашықтан жұмыс істеудегі қиындық – байланыс сапасы, коммуникация құралдары, компьютерлермен және басқа да құралдардың жеткіліксіздігі. Оған орай, жаңа заң жобасында норма енгізілді. Жаңа норма бойынша төтенше жағдайды енгізу, төтенше жағдайды жариялау және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету әрі шығыстарды өтеу қажеттілігі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
«Қашықтан жұмыс істейтін қызметкер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты түрде қолданатын болса, онда жұмыс беруші өтемақы төлей алады, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімдері тараптардың келісуі бойынша белгіленеді», - деп түсіндірді ол.Жанат Омарбекова айтқандай, егер қызметкер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланатын болса, жұмыс беруші өтемақы төлей алады, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімдері тараптардың келісуі бойынша белгіленеді.
"Жұмыс берушінің актісі бойынша қызметтік міндеттерді еңбек шартын жасаспай жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілерді, әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге жіберу тәртібі регламенттелді", - деді депутат Жанат Омарбекова.
Жұмыс берушінің жұмыскерлер қашықтықтан жұмыс істеу кезінде пайдаланатын құпия ақпаратты қорғау туралы шарт жасасу құқығы бекітілді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин былай деді:
«Әрбір заманның, әр уақыттың адамдарға қоятын талабы болады. Сол заманның қоған талабына ке келген сала дайын болу керекСол үшін бүгінгі заң жобасында «қашықтан жұмыс» деген норманы енгізіп отырмыз. Себебі, пандемия кезінде қашықтан жұмыс жасаудың қаншалықті тиімді екенін түсіндік, көз жеткізді. Сондықтан қашықтан жұмыс форматы да заң деңгейінде реттеледі», - деді Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин.
Заң жобасы келесі нормалармен реттелетін болды. Олар:
- төтeншe нeмece сoғыс жaғдайы, төтeнше жaғдай eнгізiлген кeзеңде нe өзгe дe шeктey ic-шаралары енгізілген кезде немесе қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де жағдайларда жұмыс берушінің актісімен төтенше жағдай жойылғанға дейін жұмыс берушінің қашықтан жұмыс істеу немесе қашықтан аралас жұмыс істеуіне рұқсат беру;
- жұмыс берушінің актісіне сәйкес техникалық жабдықты, бағдарламалық-техникалық құралдарды, коммуникация құралдарын, байланыс қызметтерін, ақпаратты қорғау құралдарын және өзге де құралдарды қоса алғанда, еңбек функцияларын қашықтан орындайтын жұмыскерге жұмыс беруші беретін құралдар тізбесін нақтылау;
- қашықтан жұмыс істеу орындалатын орынды нақтылау және басқалары бөлігінде жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізді.
«Жер қатынастары туралы Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң жобасы
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында тағы бір Заң жобасы қаралды. Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқыламақшы. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, депутат Ерлан Барлыбаев бұл жобаның мемлекет басшысы Тоқаевтың тікелей тапсырмасы екенін еске салды. Бұл жоба жер қатынастары саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылау және сол мәселелер бойынша ұсынымдар дайындауға арналған Жер реформасы жөніндегі комиссия қызметінің қорытындысы бойынша әзірленді.
«Нақты айтсам, заң жобасымен қазақстандық жер пайдаланушыларға арналған ауыл шаруашылығына пайдалануға арналған жерлерді жалға беру институты жетілдіріледі. Сонымен қатар, қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру жөніндегі Жер кодексі нормаларының қолданылуын кейінге қалдырылу көзделіп отыр. Яғни біздің ұсынысымыз бұл мәселені тағы бес жылға кейінге қалдыру керек», - деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев.
Депутат Ерлан Барлыбаевтың айтқандай, заң жобасы негізінде жерді пайдалануға мемлекеттік тексеру күшейтілді. Мәселен, жайылымдық жерлердің территориялары анықталды. Мұнымен қоса ашық жер кадастры да тексеріледі.
«Осы жылы сәуір айында Жер реформасы жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында жерге иелік етуге қатысты ережелерге белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылданған еді. Енді мен басшылық етіп отырған аграрлық мәселелер жөніндегі комитет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді депутат.
Бүгінгі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында әдеттегідей депутаттық сауалдар жолданды. Мәжіліс депуттары Е. Смайлов, Ф. Қаратаев. Е.Саиров, С. Абдрахманов, А. Құспан мемлекеттік орган басшылары түрлі тақырыпты қозғаған сауалдар жолдады.

-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады

