• Басты
  • Мәжіліс Кеден істеріне қатысты ратификациялық заң жобасын мақұлдады
25 Қыркүйек, 2019 14:29

Мәжіліс Кеден істеріне қатысты ратификациялық заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады Strategy2050.kz.

 


Мәжіліс Кеден істеріне қатысты ратификациялық заң жобасын мақұлдады

Келісім 1994 жылғы 15 сәуірде жасалып, түзетулер 2018 жылғы 1 маусымда Душанбе қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында енгізілген.

   Заң жобасын ратификациялау ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында өз бастамасы бойынша немесе кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында сұрау салу бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, Келісімнің қолданылу аясы кеңейіп, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің уәкілетті аумақтық органдарына ақпарат алмасуға өкілеттіктер де беріліп отыр.

Хаттама ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, жәрдемдесуге және өзара көмек көрсетуге бағытталған. 

Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары бірқатар  мемлекеттік атқарушы органдардың басшыларына депутаттық сауалдар жолдады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды