• Басты
  • Мәжіліс еңбек заңнамасына енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады
26 Ақпан, 2020 14:57

Мәжіліс еңбек заңнамасына енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, оны екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәжіліс еңбек заңнамасына енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

Осы Заң жобасы еңбек қатынастары, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін қамтиды.

Мәселен, кадрлық іс жүргізуді цифрландыру мақсатында жұмыс берушінің еңбек шартында көзделген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – Жүйе) беруін көздеу ұсынылады. Қазіргі уақытта ҚР Еңбекмині пилоттық жобаны іске асыруда, оның шеңберінде 23 762 ұйым жасаған 1 млн 220 мың еңбек шарты туралы мәліметтерін жүйеге енгізді.

Еңбек жағдайлары бойынша қызметкерлерді кемсіту фактілеріне жол бермеу мақсатында: Еңбек кодексінде қызметкердің лайықты еңбек және тұрмыс жағдайларына құқығы туралы норманы белгілеу, еңбек саласындағы кемсітушілік фактілеріне жол бергені үшін жұмыс берушілерді жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік заңнамаға негіздеме енгізу ұсынылады.

Бұдан басқа, қызметкерлерге жалақысы сақталмайтын демалыс беру жолымен жұмыс берушінің мерзімді әскери қызмет өткерген кезеңінде олардың жұмыс орнын сақтап қалу міндетін бекіту ұсынылады. Бұл ретте қызметкердің әскери бөлім тізімінен шығарылған күннен бастап бір ай ішінде өзінің еңбек функцияларына кірісу міндеті бекітіледі.

Сонымен қатар, отбасының науқас мүшесіне күтім жасайтын жұмыскерлерге толық емес жұмыс уақыты режиміне құқық беру ұсынылады. Бұл шара қызметкерлерге еңбек қызметін жеке және отбасылық қажеттіліктерімен және міндеттерімен қатар алып жүруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ заң жобасында компаниялардың бір тобы шеңберінде, яғни құрылтайшылары, қатысушылары немесе акционерлері бір заңды тұлғалар арасында қызметкерлерді іссапарға жіберу мүмкіндіктерін кеңейту көзделеді.

Келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттарға қол қою барысында барлық жұмыскерлердің пікірін ескеру мақсатында кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын қызметкерлердің мүдделерін білдіру бойынша сайланбалы өкілдердің өкілеттіктерін бекіту жоспарлануда. Бұл ретте, заңнамаға ұйымның тек бір ұжымдық шарт жасай алуы бойынша нақтылайтын түзету енгізу ұсынылады, себебі бір кәсіпорында бірнеше ұжымдық шарттың қолданылуы олардың мазмұнындағы айырмашылықтарға байланысты жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында даулардың туындауына алып келеді.

Әлеуметтік әріптестікті реттеу саласында кәсіподақтардың қызметіне байланысты Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын орындау мақсатында: кәсіподақтардың жоғары тұрған кәсіподақ бірлестіктеріне міндетті мүшелігін алып тастау ұсынылады, бұл кәсіподақтардың бірлестік еркіндігіне құқығын шектемеуге мүмкіндік береді; кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ретінде мемлекеттік тіркелу кезінде кәсіподақтардың мәртебесін растау шарттарын оңайлату ұсынылады. Осыған байланысты салалық кәсіподақтар үшін сала және онымен байланысты салалар қызметкерлерінің жалпы санының кемінде жартысын біріктіру туралы талап алынып тасталады, кәсіподақтар бірлестігін әділет органдарында тіркеген кезде мәртебесін растау мерзімдері 6 айдан 1 жылға дейін ұлғаяды.

Сондай-ақ Заң жобасында жұмыс берушілерге, жұмыскерлерге және еңбек жөніндегі уәкілетті органға еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуі жөніндегі талаптарды бекіту көзделеді.

Жұмыс берушілердің «Еңбекті қорғау» бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін және жұмыс берушінің қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау жөніндегі қызметін декларациялау үшін мәліметтерді электрондық форматта беру тетігін енгізу ұсынылады.

Бірнеше ұйым бір уақытта түрлі жұмыстарды жүргізген жағдайда, еңбекті қорғау талаптарының сақталуын жалпы үйлестіруді бас мердігерге бекіту ұсынылады. Бұл шара өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында еңбекті қорғау қызметінің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды