• Басты
  • Мәжіліс депутаттары Песчаное ауылының тұрғындарымен кездесті
5 Қаңтар, 2020 18:20

Мәжіліс депутаттары Песчаное ауылының тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина және Александр Суслов Павлодар облысына жұмыс сапармен барды.
 Мәжіліс депутаттары Песчаное ауылының тұрғындарымен кездесті

 Бүгін олар Тереңкөл ауданының Песчаное ауылының тұрғындарымен кездесті. Депутаттармен кездесуге еңбек ардагерлері, мұғалімдер, медицина қызметкерлері, жастар, кәсіпкерлер, шаруа фермер қожалықтарының басшылары, Песчан механикалық-жөндеу зауытының өкілдері қатысты. 

Әңгіме барысында Мәжіліс депутаты Айзада Құрманова депутаттар мен сайлаушылар арасындағы тікелей байланыс аймақтардан объективті ақпарат алу және оны әрі қарай заңнамалық жұмыстарда пайдалану үшін қажет екенін атап өтті. Депутаттар ауыл тұрғындарын елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, көп балалы отбасылар үшін жаңа форматтағы мемлекеттік жәрдемақылар, жаңа АӘК тағайындау ережесі және басқа мәселелер қозғалды.

 Сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін қалыптастыру және іске асыру мәселелері талқыланды. Ауыл тұрғындары су тазарту құрылысын қайта құру мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, халық қалаулыларынан осы мәселені шешуге көмек көрсетуді сұрады. 

" Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыруға үлкен үміт артамыз", – деп атап өтті депутат Айзада Құрманова. "Нақты қадамдар қабылдануда, миллиардтаған бюджет қаражаты ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттыруға, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған", - деді депутат. 

Сондай-ақ, депутаттар көп балалы отбасылармен кездесіп, ауылдағы көп балалы аналардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Өз кезегінде көпбалалы аналар табысқа қарамастан жаңа мемлекеттік жәрдемақы - әділетті және уақтылы қолдау екенін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
3.238.107.166, 192.168.88.100