- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы алаңында VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша жиын өтті. Жиын барысы туралы Strategy2050.kz тілшісі материалынан біліңіз.
Жиынға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев, Парламент Мәжілісінің жаңадан сайланған депутаттар қатысты. Ал онлайн режимде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың айтуынша, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады. Демек, бүгіннен бастап Парламент депутаттарының өкілеттілігі басталды.
«ҚР «Сайлау туралы» Заңнамасына сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент дептутаты ретінде тіркеген сәттен басталады. Сайланған депутаттарды тіркеу үшін заңнамамен көзделген барлық негіз бар. Осыған орай күн тәртібіне 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы мәселе шығарылды», - деді Берік Имашев.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова «VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы» баяндамасында депутаттардың тіркелгенін мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайланған Парламент депутаттарын тіркеуді жүргізіледі. Ортсайлауком әрбір депутатқа белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні береді», - деді ол.
Ол «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1-бабының 5-тармағына сәйкес, депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігі саяси партияның басшы органы сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей айқындайтынын айтты.
Берік Имашев жаңадан тіркелген депутаттарға куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді табыс етті. Өкілеттілігі бүгін басталған заң шығарушы билік органының өкілдеріне табысты, нәтижелі қызмет тіледі.
«VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы» қаулы қабылданды. Қаулығы сәйкес, VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 107 депутаты тіркелді. Оның ішінде: «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша - 76 депутат; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 12 депутат; Қазақстан Халық партиясы – 10 депутат; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған - 9 депутат. Олардың бәрі тіркеуден өтіп, куәліктерін алып, омырау белгілерін алды.
«Ақ жол», «Nur Otan» және Қазақстанның халық партиясы саяси партияларының тиісті құжаттары осы жылдың 12 және 13 қаңтарында ҚР ОСК-ге ұсынылды. Сонымен қатар сайлау заңнамасы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық комиссиясы ОСК-ге Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау хаттамасын ұсынды. Конституциялық заңның 98-бабына сәйкес, ОСК сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркейді. Сайлау туралы заңның 45-бабында ОСК сайланған Парламент депутаттарын 7 күн мерзім ішінде олардан Конституцияға және республика заңдарына сәйкес, Парламент депутаттарының мәртебесімен сай келмейтін өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініштерін алғаннан кейін тіркейді деп белгіленген.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы 10-қаңтарда ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлады. Сайлау қорытындысы бойынша партияларға 7 млн 241 мың 562 дауыс берілді. Соның ішінде Қазақстан Халық партиясына 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы - 71,9 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинаған. Бұдан бөлек, Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат Парламент Мәжілісіне өтті.
Айнара Байжан
фото:
Ашық дереккөз
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді