• Басты
  • Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады
16 Қыркүйек, 2019 18:00

Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады

  Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары Украинамен экстрадициялау туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобасын талқылайтын болады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Онда уағдаласушы мемлекеттер Шарттың талаптарына сәйкес ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында сұрау салушы Тарап іздестіріп жатқан, өзінің аумағындағы адамдарды екінші тарапқа ұстап беруге міндеттенеді.

Сондай-ақ, Палата дене шынықтыру және спорт мәселелері түзетулерді екінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Алдағы жалпы отырыста газ және газбен жабдықтауға қатысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі бекітілмек.


Барлық жаңалықтар
35.153.39.7, 192.168.88.100