• Басты
  • Мәжіліс бірқатар заң жобасын мақұлдады
18 Қыркүйек, 2019 13:36

Мәжіліс бірқатар заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары жалпы  отырыста «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Мәжіліс бірқатар заң жобасын мақұлдады

«Бұл келісім адамдарды қылмыстық қудалау немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беру мәселесін реттейді.  Келісімге сәйкес экстрадиция екі елде қылмыс жасау үшін кемінде 1 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған болса немесе сотталған адамның жазасын өтеу мерзімі 6-10 айдан асса, жүзеге асырылады», - дейді бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

 Сондай-ақ құжатта ұстап беруден бас тартуға негіз бар екен. Мысалы, егер бір жағынан қылмыс ретінде қарастырылатын әрекет басқа елде жасалмаса немесе ескеру мерзімі өтіп кететін жағдай болса: сұралған акт әскери қылмыс болып табылады, ұстап беру елдің тәуелсіздігіне, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін.

Қазақстанның заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді.

«Соңғы үш жыл ішінде Украина бізге алты қылмыскерді ұстап берді.  Қазіргі уақытта Украинада іздеуде жүрген тағы алты адам анықталды. Енді оларды елімізге  әкелу туралы мәселе қарастырылуда», - дейді бас прокурордың орынбасары.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова статистикалық мәліметтер келтірді.

Оның айтуынша, бүгінде 2,6 мыңға жуық азамат іздеуде жүр. Олардың арасында 1,5 мыңнан астамы мемлекетаралық, ал 1,2 мыңнан астамы халықаралық деңгейде іздеуде екен.

 «Украина аумағында 13 адам болды, оның алтауы бізге берілді, біреуінен бас тарттық. Өйткені, бұл әрекет бізде қылмыс емес, 6-сы қазір жұмыс істеуде.  Өтініштер Минск конвенциясына сәйкес жіберілді және оның ерекшелігі - мерзімдердің жоқтығында.  Осы келісімде біз өзіміздің заңнамаға және Украина заңнамасында да мерзім 1 жылдан аспайтындай етіп ұсынамыз.  Яғни, бұл келісім азаматтарымызды тез арада ұстап беруге көмектеседі», - деп уәде етті Ахметжанов.

Бүгінгі таңда екі ел арасында бұл мәселе Минск конвенциясымен реттелуде. Сондай-ақ, жалпы отырыста депутаттар дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарап, газ және газбен жабдықтауға қатысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды

Заң жобасының негізгі мақсаты – қолданыстағы дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру, допингке қарсы ережелерді қатаңдату, Ұлттық допингке қарсы орталықтың мәртебесін көтеру. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар заңның ұғымдық аппаратын нақтылауды мазмұнды түрде қозғайтын түзетулер енгізді.

Олар: «спортшыны жарыстан шеттету», «жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорт медицинасы жөніндегі маманды, дене шынықтыру саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін қызметін атқарудан шеттету.

Құжат жұмыс процесінде «спорттық әдеп», «бірінші жаттықтырушы», «жеке жаттықтырушы» деген ұғымдармен толықтырылды.

Сонымен қатар, допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін жазалау мақсатында депутаттардың түзетулерімен спортшыларды, жаттықтырушыларды, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де қатысы бар субъектілерді тұрғынжайдан, спорттық атақтан, спорттық разрядтан және біліктілік санатынан айырудың құқықтық негіздері пысықталып, нақтыланды.

Мұнымен қоса, заң жобасының жаңашылдығымен чемпиондармен жүлдегерлерге жергілікті атқарушы органның коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға баспана беру, ал 10 жыл өткен соң оны меншікке алу негіздері бекітіледі.

Бұл ретте, әлемдік біріншілік чемпиондары мен жүлдегерлері қайтыс болған жағдайда, осы тұрғын үйді меншікке алу үшін олардың мұрагерлерінің мүдделерн ескеру ұсынылды.


Аягөз Құрмаш 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды