- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс бірқатар заң жобаларын мақұлдады
Мәжіліс бірқатар заң жобаларын мақұлдады

Заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов заң жобасында 3 Кодекске және 4 Заңға түзетулер енгізу көзделгенін айтты.
«Заң жобасында мыналар ұсынылады:жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға осы саладағы мемлекеттік бақылау құзыреті беріледі.Бақылау мына органдарға қатысты қолданылады. Бұл – Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық атқарушы мемлекеттік органдар», - деді Р.Дәленов.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар.
«Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабы бойынша Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесі жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен толықтырылады», - деді Р.Дәленов.
Сонымен қатар, министр бұл мемлекеттік органдарға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында жауапкершілік белгілеуге мүмкіндік беретінін айтты.
«Мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы саласындағы құзыреттерінің аражігі ажыратылып отыр.Осылайша, мемлекеттік органдардың функциялары нақтыланатын болады.Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға сақтандыру қорын құру және сақтау саласындағы қызметті үйлестіру құзыреті беріледі.Бұл – қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қауіптілігі жоғары объектілерге, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге жобалық құжаттаманың сақтандыру қоры», - деді Р.Дәленов.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, мемлекеттік материалдық резервті уақтылы жаңартуды қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер енгізіледі.
«Бұл – сақтау пункттерінің материалдық құндылықтарды жаңартуын енгізу және материалдық құндылықтарды өтеусіз негізде басқа мемлекеттік органдардың балансына беру.Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде қызмет ететін бірыңғай дистрибьютордың жұмылдыру резервінің медициналық мақсаттағы дәрілік заттары мен бұйымдарын жеткізу, сақтау және жаңарту функцияларын орындауы», - деді ол.
Заң жобасы мемлекеттік жұмылдыру дайындығы мен мемлекеттік материалдық резерв жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталды.
Сонымен қатар, отырыста «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова айтып берді.
Сондай-ақ, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заң жобасы туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев баяндады.
«Келісімді ТМД аумағында кейіннен тараған қылмыстардың және IT саласындағы технологиялардың ортақ тәртіпті қамтамасыз етеді. Осы заңды қабылдау теріс әлеуметтік және экономикалық, құқықтық салаларға әкеліп соқпайды. Республикалық бюджеттен қосымша қаржыны талап етпейді», - деді ол.
Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Сонымен қатар, жалп отырыста депутаттық сауалдар тыңдалды.
Аягөз Құрмаш
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері
-
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет
-
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері
-
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар
-
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек
-
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер
-
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы
-
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды
-
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»
-
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
-
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері

