Мәжіліс білім беру саласына қатысты жаңа Заң жобасын мақұлдады

30 Қыркүйек, 2020 12:30

ҚР Мәжілісінің кезекті жалпы отырысында жаңа Заң жобалары мақұлданды. Олар университеттердегі білім беру сапасына, жоғары оқу орындары мен мемлекет арасындағы байланыс, ҚР Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінің статусы, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу мен депутаттардың сауалдары мен ұсыныстары Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан оқи аласыздар.


Қазақстан университеттері дербестік алады

ҚР Мәжіліс Палатасының жалпы отырысындағы басты тақырып білім беру саласын қамтыды. Отырысқа Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин төрағалық етті. Бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген білім беру мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды және мақұлданды.

Жаңа заң жобасы Қазақстандағы білім беру сапасын жақсартуға, оқу процесін жетілдіруге, білім беру саласындағы жетістіктерді бақылап отыруға бағытталыпты. Соған орай қазіргі білім беру жетістіктері мен ұсынысқа сәйкес болашақта енгізілетін жетістік мониторингінің айырмашылығын анықтау қажеттігі айтылды.

Нұрлан Нығматуллиннің пікірінше, бұл бірден қабылданатын шешім емес.

Меніңше, бұл мәселе әлі қарастыруды талықлауды қажет етеді. Білім саласы – елдің дамуының болашағы. Сондықтан, білім саласына қатысты барлық бастама рет-ретімен уақытылы іске асырылып отыр. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын Заң бойынша жоғары оқу орындарына академиялық және басқарушылық еркіндік берілді. Сонымен бірге, келесі жылдан бастап жеке диплом беру де қолға алынатын болады. Осындай жаңашылдық еліміздегі оқу орындарының заманға сай, еркін, ашық және сапалы білім беруі үшін енгізіліп отыр, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары дербестікке көшетінін мәлімдеді.

Әр ЖОО бітірушілерге жеке үлгідегі дипломдарды беретін болады. Оқу орындарының білім беру қызметіне толықтай тәуелсіздік Заң жүзінде берілетін болады. Енді жоғары білімнің сапасына университеттердің өзі жауапты. Бар міндет пен жауапкершілік еліміздің әрбір ЖОО өздеріне жүктеледі, - деді спикер.

Алайда, дербестік тек дипломдарға мөр басумен шектелмейді. Университеттер дербестік алып мемлекет тарапынан бақылаусыз қалады деген түсінік жоқ. Бәрі бақылауда болады. Нығматуллин Қазақстандағы ЖОО-на дипломдарын бағалай білу керектігін ескертті.

Осыған байланысты университеттердің білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізу қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды. Жетістіктерді бақылау әдісі ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының сапасы туралы ешқандай түсінік бермейді. Жеке иеншік университеттерге де бақылау бар. Олар кәсіпкерлік субъектілері болып табылатындықтан, Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес бақылауда болады, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Қазіргі таңда еліміздегі барлық жоғары оқу орындары нарық субъектілері болып табылады. Олардың бәрі біліктілік талаптарына, білім беру стандарттарына сай келеді. Білім министрлігі Бас прокуратураның Құқықтық статистика орталығы арқылы нарық субъектісі ретінде кіріп, бақылау жүргізуге толық құқылы. Бұл жерде Білім министрлігі уәкілетті орган, министрлік юілім ордаларының жұмысын тереңірек талдауға және оларға тиісті баға бере алады.

Мәжіліс Төрағасы осы мәселені ескеріп, екінші оқылымға дейін депутаттармен бірге жұмыс тобына мұқият қарастыруды тапсырды.

Ұлттық қауіпсіздік Комитеті қызметкерлері әскери қызметкерлер болады

Білім саласына қатысты Заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып, мақұлданған соң екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданды. Заң жобасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін әскери қызметшілер санатына ауыстыру туралы бөлім бар. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жеке бөлімшелері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери құрамаларына қайта құру мүмкіндігіне ие бола алады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз мәртебесін бере отырып, авиацияны Шекара қызметінен шығаруды көздейтін түзетулер енгізу ұсынылады. Енді Ұлттық қауіпсіздік органдарының оқу орындарын интеграциялау және кадрлар даярлау сапасын арттыру үшін Шекара қызметі академиясын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағына беру де осы Заң жобасына еніпті. Депутаттар Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялау туралы заң жобасын да мақұлдады. Бұл Келісім Тараптар мемлекеттерінің көші-қон заңнамасы туралы, оның ішінде көші-қон процестерін реттеу, қос азаматтық фактілерінің жолын кесу, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ұйымдастыру, сондай-ақ заңнаманың көрсетілген салаларындағы өзгерістер туралы алмасуды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Сонымен қатар, бүгін Палатаның бейінді комитеті Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алды.

Азат Перуашевтің депутаттық сауалы

Палатаның жалпы отырысында Заң жобалары талқыланып, мақұлданып, Төрағаның жаңа Заңдарға қатысты пікірі тыңдалғаннан кейін депутаттар депутаттық сауалдарын оқуға көшті. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды қабылдау туралы сауал әрі ұсыныс жолдады. Оның айтуынша, неие рақымшылығы, ШОБ өкілдеріне жеңілдіктерді қарастыратын Заң жобасы қажет.

Депутат әріптестерім несие рақымшылығы тураы бірнеше рет ұсыныс тастады. Бұл мәселе кезек күттірмейтін әрі тиісті шешімді талап ететін проблема. Өйткені, пандемия салдарынан бизнес өкілдері табысының көп бөлігінен айырылды, кәсібі тоқтап қалғандары да бар. Қарыз алып бірақ пандемия кезінде жүрмей қалған кәсібі салдарынан несиені өтей алмағандардың талабы орынды. Әйтсе де, бұл талаптар азаматтардың үнемі қарыз тұзағына түсуінің негізгі себептерін шешпейді. Осы себепті шешпей, рақымшылық туралы мәселе жыл сайын қайталана береді», - деді депутат. 

Азат Перуашев өткен жылы Мемлекет басышысының шешімімен тұрмысы төмен отбасылардың банк қарыздары 106 млрд теңгеге жабылғанын еске салды. Бірақ, бұл рақымшылық жеке азаматтардың проблемасын шешіп бергенімен, несие алу себептері жойылмаған. Яғни адамдар несиені ала береді.

Бұл тұрғыда екі себеп бар. Біріншіден, банктердің пайыздық талаптары аспандап болып тұр. Екіншіден, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманың жоқтығы. Егер осындай Заң жобасы әзірленсе, төлем қабілеті нашар отбасыларға несиеден сақтануға, баспанасын сақтап қалуға мүмкіндік берер еді. Әйтпесе қаншама отбасы несие алып, баспанасынан айырылып жатыр. Барлық ипотекалық, тұтынушылық несие мен шағын және орта бизнес үшін несие пайыздарының шекті ставкаларын төмендетуге бағытталған нақты шаралар керек. Сонымен қатар, «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын даярлап, талқылауға енгізу қажет. Бұл қадамдар жасалмаса, несие рақымшылығы туралы талаптар бітпейді. Бұл өз кезегінде қаржы жүйесіне нұқсан келтіреді, - деді Азат Перуашев.

Нұртай Сабильяновтың депуттаттық сауалы

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов та ұсынысы мен сауалын оқыды. Оның сауалы Денсаулық сақтау министрліне бағытталды. Ол өзінің Қазақстанның әр өңірінде ауыл тұрғындарымен кездескенде медициналық көмектің сапасы туралы шағым еститінін алға тартты. Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясының 2019 жылғы 17 қаңтардағы отырысында Денсаулық сақтау министрлігіне тұрғындардың санын, географиялық және табиғи климаттық факторларды ескере отырып, денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативін қайта қарастыру ұсынылған болатын.

Қазіргі кезде елді мекендердегі медициналық көмек көрсету жүйеге келтірілмеген. Мәселен, амбулаториялық көмек медициналық пунктте, фельдшерлік-акушерлік пунктте және дәрігерлік амбулаторияда көрсетіледі. Заңдағы нормативке сәйкес: медициналық пункт халықтың саны 50 –ден 800 адамға дейін; фельдшерлік-акушерлік пункт - 800-ден бастап 1500 адамға дейін; дәрігерлік амбулатория - 1500 –ден 10 000 адамға дейін болатын әрбір ауылда құрылады. Қазақстанжа халық саны 50-ден асатын елді мекендердің саны 5691-ді құрайды. Солардың ішінде тек 1087-сінде ғана тұрғындар дәрігерлік көмек ала алады. Ал қалған ауылдың тұрғындарына көмек көрсетілмейді. Олар сапалы медициналық көмек алу үшін не істеу керек? , - деді Н. Сабильянов. 

Оның ұсынысы бойынша, медициналық пункті халық саны 50-ден 300 адамға дейін, фельдшерлік-акушерлік пункті халық саны 300 – ден 500 адамға дейін, дәрігерлік амбулаторияны500-ден 10 000 мың адамға дейін болатын әр елді мекенде құру бөлігінде денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативіне өзгеріс енгізілуі тиіс.

 

Барлық жаңалықтар