- Басты
- М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді
Бүгінде шетелде білімін шыңдап, тәжірибе жинап жүрген қазақ жастары жетерлік. Соның бірі – Түркия астанасы Анкара университетінде магистратурада білім алып жатқан Мәдина Жанғазиева. Ол 2018 жылы Түркия үкіметі тағайындайтын «Түркия бурслары» бағдарламасының грантын жеңіп алған. Қазіргі таңда аталған бағдарламаға құжат тапсыру жүріп жатыр. Осы орайда, Мәдинадан бағдарламаның артықшылықтары мен мүмкіндіктері, қандай құжаттар қажеттігі, бауырлас елдегі оқу жүйесінің ерекшеліктері мен Түркиядағы қызықты оқиғалары жөнінде сұхбаттастық. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Мәдина, сұхбат беруге келіскеніңіз үшін алғыс. Бірінші сұрақ, қазір қандай мамандық бойынша білім алып жатырсыз?
Мен қазіргі таңда Анкара университетінде журналистика мамандығы бойынша магистратураның екінші жылын яғни соңғы жылын оқып жатырмын.
Неліктен Түркия мемлекетін таңдадыңыз?
Түркияны таңдаудағы бірінші себебім - түбі бір түрік халқы болғандықтан, екіншіден, мені толығымен грантпен қамтамасыз еткендіктен осы елді таңдадым. Сонымен қатар, Түркияға келместен бұрын түрік тілін мүлде білмейтінмін. Алайда, қазақ тілі мен түрік тілі ұқсас болғандықтан, тез меңгеріп алдым.
Стипендия жеңіп алған бағдарлама жөнінде айтып берсеңіз. Жалпы, қандай мүмкіндіктері бар?
Мен «Türkiye Bursları» бағдарламасы бойынша оқуға түстім. Қажетті құжаттарды жинап, онлайн түрде арнайы жүйеге, яғни сайтқа жүктейсіз. Көбінесе тіркеу қаңтар және ақпан айларында жүзеге асырылады. Бағдарламаның мүмкіндіктеріне тоқталатын болсам, бір жыл тегін түрік тілін үйретеді. Сонымен қатар, шәкіртақы төлеп, жатақханамен қамтамасыз етіп отырады. Өздеріңіз білесіздер, шетелде медициналық сақтандыру өте маңызды. Сол медициналық сақтандырумен қамтамасыз де етеді.
Құжат деп қалдыңыз, қандай құжаттар керек?
Ең алдымен сіздің сіз екеніңізді көрсететін жеке куәлік және аттестат. Сонымен қатар, неліктен Түркияны таңдағаныңыз жайлы эссе, сізді жақсы білетін ұстазыңыздан пікір хат, сіз жеткен жетісіктер жинағы. Ең алдымен онлайн түрде құжаттар тапсырылады, ең бірінші академиялық ұтқырлыққа, академиялық деңгейге қарайды. Оған дейін оқу орнын қаншалықты сәтті аяқтағаныңызға, қоғамдық белсенділікке қарайды. Сосын ғана екінші кезеңге өткізеді, ол кезең жүзбе-жүз кездесіп, сөйлесу арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның тағы қандай ерекшеліктері бар?
Негізгі ерекшелігі - студентті толығымен қамтамасыз ете отырып үш жылдың ішінде сапалы білім береді. Бір жыл тіл үйрену курсын оқып, екі жыл мамандық бойынша білім алдым. Түркия мен Қазақстан арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуда өз септігімізді тигізуімізді қалайды. Біздің тегін оқуымыздың өтеуі ретінде бізден тек қана жақсы маман болуымыз сұралады.
Ай сайынғы төленетін шәкіртақы көлемі қажеттіліктерді толық өтей ме?
Шәкіртақы көлемі студенттің жүріп тұруы үшін жеткілікті.. 3 жыл бойы қосымша қаражатсыз осы шәкіртақымен күн көрдім. Алайда, ол әр адамның жеке қажеттіліктеріне сәйкес өзгереді.
Ал, еліміздегі оқу жүйесі мен Түркиядағы білім беру жүйесінде айырмашылықтар бар ма?
Бакалаврды Еуразия ұлттық университетінде оқыған болатынмын. Еліміздегі оқу жүйесі мен Түркиядағы оку жүйесінде айтарлықтай айырмашылық бар. Бағалауында, оқыту әдісінде. Қазақстанда студенттерді әрбір қатысқан дәріс үшін бағаласа, Түркияда керісінше, сабаққа қатыспасаң да өзің білесің. Бірақ ең соңында емтихан кезінде тек бір ғана баға береді. Оған дейін сізді мұғалім қалай бағалайтынын білмейсіз, барлық сабаққа бірдей қатысып, белсенділік танытып жүресіз.
Сізге оқуға түсерде немесе оқу барысында не қиынға соқты?
Айтарлықтай қиындық туындаған жоқ. Тек түрік тілін білмей келгенім үшін басында қиналдым. Бірақ бір айдың ішінде тез үйреніп кеттім.
Оқуды бітірген соң не істейсіз? Қандай жоспарыңыз бар? Қазақстанға ораласыз ба?
Қазақстанға қайтып, өз саламда қызмет етемін деген жоспарым бар. Екі ел арасындағы ыңтымақтастықты нығайтатын салада қызмет еткім келеді.
Венера Жоламанқызы
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша
-
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі
-
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер
-
Қазыбек Иса: Латын әліпбиі орыстілді және қазақтілді жастар арасындағы алшақтықты жояды
-
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар
-
Салық және кедендiк әкiмшiлендiру: Енгізілген цифрлы технологиялар мен заңнаманы жетілдіру шаралары
-
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар

