• Басты
  • "Мұзды өлке 2" фильмін қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды
28 Қараша, 2019 17:08

"Мұзды өлке 2" фильмін қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды

Диснейдің "Мұзды өлке 2" мульфильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Бұл - "Өзіңнен баста" жобасы аясында мемлекеттік тілге аударылып, дыбысталған голливудттың 33-өнімі. Аталған жобаны қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бұл туралы "Мұзды өлке 2" анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімінде "Болашақ" қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

"Мұзды өлке 2" фильмін қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды

"Фильмді әзірлеуге 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Оны "BI group" компаниясы қаржыландырды. Бұл қаражат тек дубляжға ғана емес, жалпы жобаны әзірлеуге кетті. Себебі аталған жоба бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі "Дисней" компаниясымен келісімге келу, олардың талаптарымен танысу. Компанияның талаптары барлық елдерге бірдей. Дубляж жасауға да әртістер аталған компания тарапынан таңдалады. Кейін ол аударылады. Әртістер бекітілгеннен кейін дыбыстау жұмысы жүргізіледі. "Мұзды өлке 2" фильмін дыбыстауға 40-қа жуық әртіс қатысты. Барлық жұмыс біткенен кейін соңғы нұсқасы Лондонға жіберіледі. Сол себепті ол қымбатқа шығады", - деді кеңестің төрайымы. 

Осы орайда ол қазақ тілінде дыбысталған фильмдердің кионтеатрлардағы көрсетелім уақытына байланысты мәселеге тоқталып өтті. Оның айтуынша, бұл мәселеде  үкіметтің қолдауы өте маңызды.

"Бұл жоба біздің қордың "Тұңғыш Президент" күніне арнаған сыйымыз. Қазір таңда үкіметтің қолдауы қажет-ақ. Себебі мұндай жобаларды кинотеатрлардан көрерменге ыңғайлы уақытта көрсетуге мүмкіндік беру үшін кинотеатрлармен келісімге келу керек. Осы орайда біздің қор мәжіліске, атқарушы органдарға ұсыныстар жасады. Бұл өте маңызды. Әр қазақ мемлекеттік тілге дубляждалған фильмді өзіне ыңғайлы уақытта тамашалуы тиіс. Сол себепті үкіметтің қолдауы өте қажет. Сонымен қатар бүгінгі таңда әйел - ана, жұбай, қыз ғана емес, сонымен қатар, жұмысшы, қызметкер, басшы сияқты көптеген әлеуметтік рөлдерді де атқарып жүр. Мұндай фильмдер қыздарға батыл, сенімді болумен бірге жақындарыңмен өмір сүріп отырған қоғамдағы бейбітшілікті бағалай білудің маңыздылығын көрсетеді", - деді Динара Шайжүнісова.

WhatsApp Image 2019-11-28 at 13.40.23 (1).jpeg

Ал аталмыш анимациялық фильмнің тұсаукесеріне қатысып, алғаш болып сөз алған "Болашақ" корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Болашақ" бағдарламасының арқасында қазақстандық мыңдаған жасқа әлемнің ең озық оқу орындарында сапалы білім алуға мүмкіндік берілгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар ол бағдарлама түлектері арнайы қор құрып, балаларға арналған қайырымдылық және білім беру жобаларынан бөлек, мемлекеттік тілді насихаттауды да өз міндетіне алғанын атап өтті.

"8 жыл ішінде ел болашағына бейжай қарамайтын демеушілер мен қамқор жандардың қолдауының арқасында, балаларымызға арналған 33-і голливудтық фильмді мемлекеттік тілге аудардық. 2011 жылы жоба алғаш іске қосылған кезде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл ісімізді қолдады. Елбасы жаңа мазмұн арқылы қазақ тілін дамытуға жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты. Сондықтан, бір ай бұрын ғана «Nur Otan» партиясы тарапынан мемлекеттік тілді насихаттаудың тиімді тетіктерін әзірлеу үшін арнайы топ құрдық. Осы орайда, «Өзіңнен баста» жобасының барлық қатысушысына алғысымды білдіремін", - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне дубляждау кезінде аудармашылар қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларынан үзінділер келтіреді. Мәселен, аталған фильмде Абайдың "Күз" және "Ғашықтың тілі тілсіз" өлеңдерінен үзінді берілген.

Ал "Мұзды өлке 2" анимациялық фильмінің режиссері Шах-Мұрат Ордабаевтың сөзіне сүйенсек, Абайдың өлеңдерінен үзінді келтіру туралы ой жайдан-жай келе салмаған.  

WhatsApp Image 2019-11-28 at 13.40.23.jpeg

"Иә, Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен бір-екі жолды қостық. Жұмыс барысында кішкене қобалжу болды. Алайда біз оны жайдан-жай қоса салған жоқпыз. Өлең жолдарындағы эмоция сол кейіпкердің көзінен байқалды, сонымен қатар кейіпкердің айтатын сөзімен сәйкес келді, сол себепті осындай шешім қабылдап, Абай өлеңдерінен үзінді келтірдік. Өзіміз сәтті шықты деген ойдамыз", - деді ол. 

Сондай-ақ ол фильмді қазақ тіліне аударып, дыбыстау барысында оның мәтініне көптеп назар аударылғанын және қазақы ментиалитетке сай аударма жасауға тырысқандарын атап өтті. 

"Біздің мақсатымыз - өзіміздің жергілікті ерекшеліктерімізді, менталитетіміздегі ерекшлеіктерді, мәселен, мақал-мәтелдерді қосу, тілдің ерекшеліктерін сақтау болды. Бұл шетелдік кино болғандықтан олар өздеріне түсінікті, өздеріне ыңғайлы қалжыңдарды айтса, біз қазақ тілді көрерменге ыңғайлы әзілдерді ұтымды пайдаландық деп ойлаймын. Мәселен, оларда үлкендерге "сен" деп сөйлейтін болса, біз оны "сіз" деген сөзбек ауыстырдық. Сонымен бірге айта кету керек, біздің шағармашылық топтың біліктілігі биыл бірнеше сатыға жоғарылады деген ойдамын. Бұл тек біздің елде ғана емес, әлем бойынша көптен күткен жобалардың бірі. Интернетте, ютубта осыған қатысты көптеген сайыс болып жатыр. Біздің тілді басқа тілдермен салыстырып, қайсысы мықты деген сияқты челлендждер өткізілуде. Біз үздік үштікте, үздік бестікте жүрміз", - деді фильмнің режиссері.  

Бдан бөлек Шах-Мұрат Ордабаев музыкалық жобамен жұмыс істеудің қиындықтарына тоқталды. 

"Бұл музыкалық жоба болғандықтан, оған көп уақыт бөлінді. Әртістермен дыбысталып қана қойған жоқ, бірнеше әртістен құрылған хор орындалды. Балалардың шулайтын эизоды бар, сол кезде бірнеше баланы студияға кіргізіп, шулатып, даыстарын жазып алдық. Бұл ауқымды жұмыс. Сондықтан шамамен 35-40 күндей кетті. Дұрыс бағыт-бағдар берудің арқасында әртістер сәтті дыбыстап шықты", - деді ол.

Сонымен қатар айта кету керек, Шах-Мұрат Ордабаев "Мұзы өлке 2" анимациялық фильмінің режиссері ғана емес, ол фильмдегі Анна мен Эльзаның досы Олафты дыбыстады.

WhatsApp Image 2019-11-28 at 13.40.24.jpeg

"Мен үшін бұл жоба өте ыстық, себебі мен тек жобаның режиссері ғана емес, ондағы аққаланы да дыбыстадым. Екінші бөлімін дыбыстау үшін "Мұзды өлкенің" алғашқы бөлімін еске түсіру мақсатында қайта көріп шықтым. Бірінші бөлімде де Олафтың кейіпкерін мен дыбыстадым. Барлығымызға өте ыстық, себебі Аннаның да, Эльзаның да кейіпкерлерін бірінші бөлімде де дыбыстаған әртістер осы жобаға да қатысты. Диснейдің ережесі бойынша олар автоматты түрде екінші бөлімге өтеді. Аққала менің сүйікті кейіпкерім. Бірінші бөлімімен салыстырғанда екінші бөлімде аққаланың күрделірек әнін орындау керек болды. Ол оңай болмады. Бірақ біздің білікті мамандарымыздың арқасында ән өз деңгейінде орындалды деп ойлаймын", - деді ол. 

Ал Аннаның кейіпкерін дыбыстаған әртіс Назерке Серікболқызы өзінің кейіпкерінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

"Мұның алғашқы бөлімінде Аннаның рөлін дыбыстауға мен бекітілдім. Ол оысдан екі жыл бұрын дыбысталды. Алайда бірінші бөлімі кинотеатрлардан көрсетілген жоқ. Тек "Қазақстан" ұлттық арнасынан көрсетілді. Бірінші бөлімін дыбыстаған соң, екінші бөлімін де дыбыстауға автоматты түрде мені бекітті. Мультфильмдегі Аннаның кейіпкері өте батыл, қайсар қыз. Көпшілік басты рөлде Эльза деп айтып жатады. Алайда мен олармен келіспеймін. Себебі Эльзаны ылғи да депрессиядан құтқарып, басын бәйгеге тігіп, әрдайым жанындағыларға мотивация беріп жүреді.  Жалпы Эльзаның кейіпкері күйзеліске жақын. Ал Анна одан кіші болса да оған әрқашан күш беріп, әр жағдайға позитивпен қарап, міндетті түрде шешімін табады. маған кейіпкерімнің осы қасиеттері ұнайды", - деді ол. 

Сонымен қатар бұл мюзикл болғандықтан, мультфильмде әндер айтылады. Назерке Серікболқызы өзінің кейіпкері Аннаның орындауындағы әндердің барлығын өзі орындап шыққан. Сондай-ақ ол өз сөзінде дубляж кезінде болған қызықтарымен бөлісті. 

"Дубляж деген жеке өзінше бір өнер деп білем. Мәселен, кинода не театрда қозғалыс арқылы көрсетілетін дүниелерді сен дайыспен жеткізуің керек. Мұнда менің кейіпкерімнің секіретін, жылайтын, жүгіріп ентігіп қалатын сәттері өте көп. Соның бәрін кейіпкермен қатар жасап отыру қажет. Яғни, кейіпкер секірген кезде сен де секіріп отыру керек. Себебі оның бәрі, мәселен секіріп ентікпегенің дауыста естіліп тұрады. Осындай қиыншылықтары бар. Өйткені сен кейіпкеріңнің көңіл-күйін, жағдайын тек дауыс арқылы ғана жеткізе аласың. Ал кейіпкердің жылаған жерлерін кейде техникаға салуға тура келеді. "Мұзды өлкенің" екінші бөліміндегі жағдайлар жүрегіме қатты тиді. Мен бірінші рет студияда дыбыс жазып тұрғанда жылап қалдым. Өйткені өте әсерлі", - деп атап өтті Назерке.  

Актрисаның айтуынша, осыған дейін ол "Моана", "Рапунцель", "Сұлу мен құбыжық" мульфильмдеріндегі ханшайымдарды дыбыстаған.  

Ал BI Group құрылыс холдингінің өкілі Қайрат Шаяхметовтің айтуынша, компания әлеуметтік маңызы бар жобаларға ерекше мән береді. Сондықтан BI Group осындай маңызды жобаға ризашылықпен ат салысады. 

Сонымен қатар айта кетейік, "Өзіңнен баста" жобасы аясында қазақ тіліне 33 голливуд кинокартина дубляждалды. Олардың ішінде «Көліктер 2», «Кек алушылар: Альтрон дəуірі», «Батыл жүрек», «Коко құпиясы», «Моана», «Малефисента», «Аладдин» фильмдер бар. Қазақ тілі түрік тілінен кейін дубляжда екінші түркі тілі болып тұр және Дисней компаниясының тарихында 39-шы; Sony Pictures үшін - 7-ші орында. Шығыс Еуропа мен ТМД елдері үшін шығарылатын Blu-Ray-да көруге арналған қолжетімді голливудтық фильмдердің 7 негізгі тілдер қатарына кірді.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды