• Басты
  • Мұқтаж азаматтар «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден ала бастады
9 Сәуір, 2020 15:50

Мұқтаж азаматтар «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден ала бастады

«Сіздің есебіңізге 50 000 теңге түсті. #BizBirgemiz #МыВместе #Елбасы #Nur Otan». Осындай хабарламаларды тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын қазақстандық отбасылар алып жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Мұқтаж азаматтар «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден ала бастады

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің өткен аптадағы отырысында коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден бөлу туралы шешім қабылданған еді.

Бастапқыда қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жоспарланған. Әйтсе де, өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтай өсіп, ал партияның онлайн ресурстарына көмек сұрап хабарласушылар саны екі есеге артты. Сондықтан, Елбасының тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясының аясында, бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азаматқа көрсету туралы шешім қабылданды.

«Birgemiz» Қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сакеевтың мәліметінше, қазіргі таңда 50 мың теңге материалдық көмекті 50 мыңнан аса адам алып үлгерді.

«7,6 миллиард теңге қаражат аймақтық қорлардың есебіне түсті. Ақша сол жақтан көмек алушылардың банктік есеп-шоттарына аударылады. Бұлар негізінен карантин қиындықтарын көбірек шегіп жатқан 23 ірі қаланың тұрғындары. Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған көмек алушылар тізімдерінде табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған азаматтар қамтылған. Оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіретін зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС-ның ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері бар» -деді Руслан Сәкеев.

Сонымен қатар, ол материалдық көмекті екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғалардың карточкаларына немесе ағымдағы есепшоттарына аудару кезінде одан комиссия алынбайтынын айтты. Сондай-ақ, бұл қаражаттың кредиттері бойынша қарызы бар азаматтардың берешегін өтеу үшін ұсталып қалмауы да пысықталған.

«Бүгін ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар " BIZBIRGEMIZ" ҚҚ-нан 50 000 теңге көмек ала бастады. Бұл Елбасы мен Нұр Отан партиясының арқасында жүзеге асып отыр. Әлеуметтік саясатты дұрыс бағытта жүргізіп, ардагерлерді, ерекше қажеттілігі бар балаларды және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын ешқашан қамқорлықсыз қалдырмайтындарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Осындай қиын уақытта әрбірінің есебіне 50.000 теңгеден аударып, мүгедек балаларды да назардан тыс қалдармадыңыздар», - деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында «Орда» елордалық аутизімі бар балалардың ата-аналар бірлестігінің жетекшісі Салтанат Есмагамбетова.

«Бүгін менің карточкама #Birgemiz қорынан 50 мың теңге түскені туралы хабарламаны алып қуанып қалдым. Елбасыға және Nur Otan партиясына қазіргідей қиын кезеңде бізді елеп-ескергені үшін рақмет айтамын. Естуім бойынша, мұндай көмекті аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 1 топ мүгедектері, жетім балалар алады. Қала тұрғындарынан карантин уақытында барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпауларын өтінемін. Біз бірге барлық сынаққа төтеп бере аламыз. #BizBirgemiz!», - деп жазды өзінің Instagram парақшасында Алматы қаласының тұрғыны, үш баланың анасы Әсел Омарова.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды