• Басты
  • Мәслихаттардағы жастардың үлесі қандай

Мәслихаттардағы жастардың үлесі қандай

28 Желтоқсан, 2020 14:08

Қарағанды облысындағы облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттардың ішінде жастар көп пе? Бұл сұраққа саясаттанушы Жұмағұлов  Елдос Тәңірбергенұлы жауап берді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында сайлауға ұсынылатын партиялық тізімде жастар мен әйелдердің қатысыуының 30 %-дық міндетті квотасын енгізуді ұсынған болатын.    Осыған байланысты "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына 2020 жылдың 25 мамырында енгізілген өзгерістерге сәйкес, сайлауда ұсынылатын партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс. Бұл өзгерістер аталған топтардың азаматтық белсенділігін арттыруға себепші болатыны анық.

8c2a7611-920f-4c6a-8dfb-16777b0b3a48.jpg

2016 жылы 20 наурызда сайланған VI шақырылымдағы жергілікті мәслихаттар мажоритарлық жүйе бойынша сайланған болатын. Қазіргі жұмыс істеп тұрған мәслихаттар жергілікті тұрғындардың барлық топтарын қамти алды ма, жастардың, азаматтық сектор өкілдерінің қатысуы деңгейі қандай деген сұрақ туады.

Мәслихаттар құрамын сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша талдаған кезде барлық ақпарат қол жетімді болмағандықтан, облыстық деңгейдегі, тек бірқатар қалалық және аудандық мәслихаттар бойынша талдау жасауға мүмкіндік болды.

Атап айтқанда, Қарағанды облыстық, Теміртау, Сәтбаев, Приозерск қалалық және Бұқар жырау, Қарқаралы, Ақтоғай аудандық мәслихаттары құрылымы бойынша мәліметтерге талдау жасадық. Бұл деректер аталған мәслихаттардың ресми сайттарынан алынған.

Жоғарыда көрсетілген мәслихаттар депутаттарын әртүрлі жас санаттары бойынша бөліп қарастырдық. Бірінші  санат - 20-35 жас аралығында депутаттар, екінші 36-59 жас аралығындағы, үшінші 60 жастан жоғары санат.

Қарағанды облыстық мәслихатында барлығы 42 депутат сайланған. Төменде облыстық деңгейдегі мәслихаттың құрамында әр түрлі жас өкілдерінің қатысуы көрсетілген.   

    Облыстық мәслихат құрамының басым көпшілігін негізінен 36-59 жас аралығында депутаттар құрайды олардың үлесі 70%. 60 жастан асқан депутаттар үлесі 30 %. 35 жасқа дейінгі жастар облыстық мәслихат құрамында қатыспайды.

Қарағанды, Сәтбаев және Приозерск  қалалық мәслихаттарының жастық құрылымын қарастыратын болсақ, бұл жерде 35 жасқа дейінгі депутаттар саны 2 адам болды. Көбінесе 25-59 жас пен  60 жастан асқан азаматтар құрайды,

Аудандық деңгейдегі өкілді орган құрамын зерттеген кезде біз Ақтоғай, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандық мәслихаттарын қарастырдық. Бұл деңгейде 35 жасқа дейінгі азаматтар алдыңғы деңгейлермен салыстырғанда сәл болсын көбірек қатысқан. Б9л 8ш ауданның мәслихаттар құрамында жастардың саны 6 адам.


 Қарағанды облысындағы біз қарастырған мәслихаттардың  құрамындағы 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 1%-ға да жетпейді. Қарағанды облыстық мәслихатындағы 35 жасқа дейінгі санат мүлдем қатыспайды және ол санаттағы тұрғындардщың мүдделерінің жүзеге асуына кедергі болуы мүмкін; Қарастырылған мәслихаттардың гендерлік құрамында әйел депуттар үлесі 21 %-ды ғана құрайды.
 

Саяси партиялардың тізіміндегі жастар

Алдымыздағы 2021 жылы 10 қаңтарда болатын жергілікті мәслихаттар сайлауында қатысатын 5 партия ұсынған партиялық тізімдерді талдай отырып, жастардың бұл саяси науқанға қатысу деңгейін талдап көрдік:

Қарағанды облыстық мәслихатына:

«НұрОтан» саяси партиясы – 63 үміткер ұсынған, соның 4-і;

«Ақжол» партиясы ұсынған – 10 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Adal» партиясы ұсынған – 8 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Қазақстан халықтық партиясы» - 8 үміткер ұсынған, соның 1-і;

 «Ауыл» партиясы ұсынған  - 5 үміткер ұсынған, соның 2-і 30 жасқа дейінгілер.

Қарағанды қалалық мәслихатына:

«НұрОтан» саяси партиясы – 45 үміткер ұсынған, соның 9-ы;

«Ақжол» партиясы ұсынған – 5 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Adal» партиясы ұсынған – 8 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Қазақстан халықтық партиясы» - 8 үміткер ұсынған,  соның 1-і

30 жасқа дейінгілер.

 Балқаш қалалық мәслихатына:

«НұрОтан» саяси партиясы – 26 үміткер ұсынған, соның 3-і;

«Ақжол» партиясы ұсынған – 3 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Adal» партиясы ұсынған –  3 үміткер ұсынған, соның 1-і;

«Қазақстан халықтық партиясы» - 3 үміткер ұсынған, соның 1-і 30 жасқа дейінгілер.

 Ақтоғай аудандық мәслихатына:

«НұрОтан» саяси партиясы – 22 үміткер ұсынған, соның 1-і;

«Ақжол» партиясы ұсынған – 2 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Adal» партиясы ұсынған –  1 үміткер ұсынған, соның 1-і;

 «Ауыл» партиясы ұсынған  - 3 үміткер ұсынған, соның 2-і 30 жасқа дейінгілер.

Бұқар-жырау аудандық мәслихатына:

«НұрОтан» саяси партиясы – 26 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Ақжол» партиясы ұсынған – 3 үміткер ұсынған, соның 1-і;

«Adal» партиясы ұсынған –  3 үміткер ұсынған, соның 1-і;

 «Ауыл» партиясы ұсынған  - 3 үміткер ұсынған, соның 2-і 30 жасқа дейінгілер.

Қарқаралы аудандық мәслихатына:

«НұрОтан» саяси партиясы – 23 үміткер ұсынған, соның 3-і;

«Ақжол» партиясы ұсынған – 3 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Adal» партиясы ұсынған –  4 үміткер ұсынған, соның 2-і;

 «Ауыл» партиясы ұсынған  - 3 үміткер ұсынған, соның 2-і 30 жасқа дейінгілер.

Осы сайлауда жастардың өкілдік билік құрылымына көбірек тартылуына үміт артамыз. Сонымен бірге Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесі 22,3 %- құрайды. Қарағанды облысында 29 жасқа дейінгі 12 әкім бар екен.

Бүгінгі таңда Қазақстан жастарды қолдаудың бірқатар мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруда.Жастардың осы бағдарламалар мен жобаларға қатысуы, хабардар болу деңгейі олардың елдің қоғамдық-саяси өміріне тартылуының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуы, себебі жастардың проблемасын жастардан артқы ешкім білмейді. Жастардың арасындағы ең өзекті баспанамен қамту, әртүрлі жеңілдіктер, жастар кәсіпкерлігін қолдау, жұмысқа орналастыру секілді проблемалармен айналысқанда жастардың үні айқын естілуі тиіс.

 

Барлық жаңалықтар