- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде қазақстандық Ауған соғысы ардагерлері марапатталды
Мәскеуде қазақстандық Ауған соғысы ардагерлері марапатталды
20 қарашада Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан алынған және Ресей Федерациясының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік наградалар бөлімі елшілікке тапсырған Ауғанстандағы соғыс ардагерлеріне "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік қызметі үшін" марапаттарын тапсыру салатанаты өтті.
"Адамзат тарихында кез-келген соғыс – үлкен қасірет. Бұл орны толмас қайғы, бірақ, сонымен бірге әр соғыста батырлық, батылдық пен ерлікке орын бар. Бүгін бұл марапат өз қаһармандарын тапты", - деді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып.
Бүгін Бауыржан Мұхаметжаров осы күнге жете алмаған атасы Қайырболатқа тиісті награданы алды.
"Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің, Ауғанстан ардагерлерінің одағының күшімен біз көптен күткен марапатқа ие болдық. Бұл бірлесе атқарған жұамыстардың жемісі. Енді бұл медаль біздің отбасымыз үшін қастерлі болады. Әкемді көрмедім, бірақ оның ерлігі маған әрқашан үлгі болды. Мен оны мақтан тұтамын", - деді Бауыржан өз эмоциясымен бөлісіп.
Марапаттау рәсіміне Кеңес Одағының Батыры, Ингушетияның тұңғыш президенті генерал-лейтенант Руслан Аушев қатысты. Ол көптеген жылдар бойы Ауған соғысының шындығы ұмытылмауы үшін көптеген жылдар бойы аянбай еңбек етіп келеді.
Рәсімге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Қазақстандағы Ауғанстан ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, сонымен қатар Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Шара барысында қазақстандық ардагерлер «Белгісіз солдат қабіріне» гүл шоқтарын қойды, Жеңіс музейлерін аралап, қарулас серіктерімен кездесті.
Бүгін Александр Кашин, Берікбол Кулов, Көшкелді Омаров, Талғат Сахов, Жұмахан Шоңғараев, Әлім Жұматаев, Бауыржан Мұхаметжаров тиесілі марапаттарын қабылдап алды.
Сонымен қатар, Мәскеуге сапар барысында бірнеше қазақстандық ардагерге емдеу шаралары ұйымдастырылды. Осы қолдаудың арқасында олардың көру қабілеті жақсарды.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
-
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады
-
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды
-
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды
-
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды
-
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады
-
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады

