• Басты
  • Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті

Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті

20 Сәуір, 2021 16:24

2021 жылдың 20 сәуірінде Мәскеу қаласында Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтында «Қазақстан және Ресей: стратегиялық әріптестік пен жан-жақты ынтымақтастықтың 30 жылы» тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті. Халықаралық конференция жұмысына қазақстандық және ресейлік тарихшы-ғалымдар, саясаттанушылар, халықаралық қатынастар мамандары, ҚР және РФ Парламенттерінің депутаттары қатысты. Сондай-ақ, ғылыми форум жұмысына онлайн форматта қосылған РҒА ШИ, Е.Примаков атындағы РҒА ӘЭХҚИ, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.В.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы атап өтіледі, бұл қорытынды шығару мен жүріп өткен жолды ұғынудың маңызды кезеңі мен шебі болмақ. Жаңа заман тарихы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қарышты дамуы мен жоғары нәтижелілігі өзара құрмет, тең құқылық және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделгенін көрсетті. Бұл екі елдің көшбасшылары, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірінші Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельцин, ҚР және РФ Президенттері Қ.К.Тоқаев пен В.В.Путиннің, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, сондай-ақ ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың зор еңбегі.

Өз сөздерінде екі елдің дипломаттары мен парламентарийлері, сондай-ақ конференцияны ұйымдастыруш Институттардың басшылары конференцияның жоғары мәртебесін және онда талқыланатын тақырыптардың маңыздылығын атап өтті. Олар ғылыми диалогты жандандырудың және Қазақстан мен Ресей ғалымдарының тарихи ретроспективасы, сондай-ақ дамудың жаңа тәуелсіз кезеңіндегі екіжақты қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, ұлттық егемендікті, аумақтық тұтастықты және КСРО ыдырағаннан кейін белгіленген шекаралардың мызғымастығын құрметтеуге негізделген стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қатынастарды үдемелі нығайту үшін берік негіз болған мәселелерді талқылау маңыздылығына ерекше назар аударды.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Е.Б. Көшербаев өзінің алғы сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары эталонды екенін бірнеше рет атап өткенін айтты. Өз кезегінде, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі А.Н. Бородавкин өзінің құттықтау сөзінде Ресей Президенті В.В.Путин Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының табысты дамуына баса назар аударатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы М.Т. Ерман былай деді:

«Қазақстан мен Ресейдің саяси диалогының маңызды элементі оның парламентаралық өлшемі болып табылады. Біздің елдеріміздің заң шығарушы билік органдарының оң өзара іс-қимылы жүйелі негізде жүзеге асырылады, конструктивтілігімен ерекшеленеді және қарқынды сипатқа ие. Біздің байланыстарымыз екіжақты форматтан әлдеқайда асып түседі, екі мемлекет заң шығарушыларының ТМД Парламентаралық ассамблеясы, ҰҚШҰ ПА, Парламентаралық Одақ, Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің кеңесі, ЕҚЫҰ ПА сияқты беделді халықаралық институттар құрылымдарындағы коммуникациялардың мазмұнды тарихы бар».

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары В.П.Водолацкий: «Екі ел президенттері қол қойған келісімдер Мемлекеттік Думада да, Мәжілісте де басым тәртіппен ратификациялануда. Палаталар спикерлерінің өзара сапарлары, ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық парламенттік комиссияның отырыстары, бейінді комитеттердің бірлескен іс-шаралары, Ресей мен Қазақстандағы сайлауды байқау жөніндегі миссиялардың қызметіне қатысу тұрақты негізде жүргізіледі», - деді.

РҒА Шығыстану институтының директоры, РҒА корреспондент-мүшесі А.К.Аликберов: «Өткен 30 жыл ішінде Қазақстан да, Ресей де егемен мемлекеттердің, тәуелсіз, халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілерінің қалыптасу жолынан өтті. Осы кезең ішінде біздің алдымызда геосаяси, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы сын-қатерлер бірнеше рет тұрды. Бірақ біздің стратегиялық әріптестігіміздің мызғымастығына және көпжақты ынтымақтастықтың өзара тиімділігіне күмәндануға ешқашан себеп болған емес. Бұл екі елдегі ғылыми, сараптамалық қауымдастықтың біздің тату көршілігімізді нығайтуға және әртүрлі сипаттағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған дұрыс шешімдер қабылдауына ықпал еткен еңбегі», - екенін атап өтті.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры, ҚР ҰҒА академигі З.К.Шаукенова тәуелсіз Қазақстанның өмір сүрген барлық жылдарында оның Ресеймен қарым-қатынасы екі тараптың да тұрақтылығымен және ынтымақтастыққа дайын болуымен сипатталғанын атап өтті.

«Екі ел арасында ынтымақтастықтың берік құқықтық, экономикалық, саяси және мәдени негіздері бар. Шын мәнінде, Қазақстанның Ресейге қатысты сыртқы саясаты Ресей Федерациясы Қазақстан үшін өзара әрекеттесудің барлық салаларында ең маңызды серіктес болып табылатындығына негізделді».

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысы екі сессия шеңберінде өтті.

«Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы: тарихтан бүгінге дейін» бірінші сессиясының аясында екі ел арасындағы тату көршілік қатынастардың негізі ретіндегі халықтар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар мәселелері талқыланды.

Ресей ғылым академиясының Ресей тарихы институтының Ресей халықтарының тарихы және этносаралық қатынастар орталығының жетекшісі В.В.Трепавлов Ресейдің империялық мемлекеттілігі жүйесіндегі қазақ басқарушы элитасына арналған баяндамасында қазақтар өздерін төл мәдениеттің тасымалдаушылары деп таныды және билік өкілдерімен қарым-қатынаста өздерінің қадір-қасиеттерін сезінуі көрінді, бұл, атап айтқанда, хандардың императорларға және петербургтік мәртебелі адамдарына жолдауынан айқын көрінеді» деп атап өтті. Сонымен қатар, империялық мемлекеттілікке бейімделу барысында қазақ элитасы жоғарғы билікке және оның аймақтық өкілдіктеріне қатысты өзін-өзі ұстау парадигмасын жасады. Ресей тарихшысының айтуынша, «бұл парадигма көшпелі патриархалдық мәдениеттің белгілерін көрсету мен біртіндеп модернизациялауға дайындықты біріктірді.

Баяндама жасаған тарихшылар заманауи әдістеме мен ғылыми жетістіктер негізінде мамандардың бірлескен жалпылама еңбектерін дайындаудың маңыздылығына назар аударды. Атап айтсақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры., тарих ғылымдарының докторы А.Қ. Көшкімбаев өзінің Алтын Орда тарихының өзекті мәселелеріне арнаған баяндамасында «бұл ортағасырлық орасан зор мемлекеттің тарихын қарастыра отырып, ол заманауи тарих ғылымындағы дәстүрлі және сонымен бірге ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі болып қала береді деп айтуға болады. Сонымен бірге бүкіл бай тарих, қарым-қатынастардың барлық спектрі – дипломатиялық келіссөздер, сауда қатынастары, мәдени алмасу, экономикалық өзара іс-қимыл және жай ғана достық қатынастар, әр түрлі ұлттардың өкілдері, соның ішінде неке байланыстары да көлеңкеде қалып отыр. Әрине, халықтар мен мемлекеттер арасында соғыстар, жапқыншылық және әскери қарама-қайшылықтың басқа да фактілері болды. Бірақ соғыстар ерте ме, кеш пе аяқталады, және бейбітшілік пен жасампаздық уақыты келеді. Бұл жерде көшпелі малшылар, отырықшы шаруалар мен қала тұрғындар, орманды аймақ пен далалық өңірлердің және дәстүрлі Орта Азия оазистерінің, ескі қалалардың автохтонды тұрғындары және жаңа қалалар мен елді мекендердің тұрғындарының тіршілік ету ортасы қатар бейбіт өмір сүруі мүмкін еді.

Осы тұрғыдан алғанда заманауи жетекші орыс тарихшыларының бірі – РҒА ҚҒҒАИ Өркениеттерді салыстырмалы зерттеу орталығының жетекшісі И.В. Зайцеватің баяндамасы қызықты болды. Ғалым XIX ғасырдағы қазақ тарихнамасының ескерткіштері туралы соңғы зерттеулерімен бөлісті, олардың бірегей тізімдері Ресей астанасының жинақтарында сақталған.

И.В. Зайцев 2017 жылы «Кенесары Қасымов пен Садық Кенесарин тарихы» («Насаб-наме-йи Сұлтан Садық» - «Сұлтан Садықтың шежіресі») қолжазбасының факсимилесі және аудармасы жарық көргенін атап өтті. Ахмет Кенесарин 1887 жылы аяқтаған бірегей қолжазба Ресей Федерациясының Мемлекеттік тарихи музейінің жазба деректер бөлімінде сақталған. Сонымен қатар, қызықты тарихи дерек көзі – қазақ жырауы (дастаншысы) Мұсабайдың 1893 жылы Қазалыда жазылылып алынған толғауы ғылыми айналымға енгізілді, толғау 1830-40 жылдары Сырдария қазақтарының Хиуа мен Қоқанға, ал 1850 жылдары Ресей империясына қарсы көтерілісін басқарған Шекта руынан шыққан қазақ батыры – Жанқожа Нұрмұхамедовке (1774-1860) арналған.

Қазір жыл сайын мұрағат мәліметтерімен жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктері пайда болып, жаңа дерек көздер ашылуда. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлының ХІХ-ХХ ғасырлардағы Ресей империялық армиясының қатарындағы қазақ офицерлерінің тағдыры туралы хабарламасы үлкен қызығушылық тудырды. Қазақстандық парламентарий көп ұзамай олардың көпшілігі туралы кітаптар шығарылады, фильмдер түсіріледі және біз олардың есімдерін құрметпен, естелікке айналдырамыз деген үмітін білдірді.

Сондай-ақ, бірінші сессия шеңберінде Қазақ хандығы мен Ресей мемлекеті арасындағы 16-17 ғасырлардағы қатынастарының алғашқы кезеңіндегі дипломатиялық қатынастар тарихының мәселелері де талқыланды. ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Н.С. Лапиннің пікірінше, бұл кезең жалпы екіжақты қатынастарды қалыптастырудың маңызды бөлігі болып табылады, оны зерттеу қазақ-орыс қатынастарының ұзақ тарихының кейінгі кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Қазақстандық тарихшының ойынша, алғашқы қазақ-орыс дипломатиялық қатынастарының орнығуы 1519-1520 жылдарға, Қасым ханның билік еткен кезеңіне сәйкес келетіні құжаттармен дәлелденген. Кейінірек елеулі үзіліс болып, қайта жандандыру әрекеті 1570 жылдары Иван Грозныйдың қазақ ханы Хак-Назардың ордасына елшілік жіберуге қатысты бір сәтсіз және екі сәтті - бір қазақ және бір орысты аттандыру әрекеті болғаны айтамыз.

«ХХ ғасыр және тәуелсіздік. Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамыту» тақырыбындағы екінші сессия жұмысы XX ғасырдың тарихы мен посткеңестік кезеңдегі екіжақты қатынастардың құқықтық негіздерін нығайту мемлекетаралық өзара әрекеттесудегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі мәселесіне, қазіргі геосаяси процестер контекстіндегі Қазақстан-Ресей қатынастарын талдау сұрақтарына арналды.

Сөз алған тарихшылар мен саясаттанушылар тарихи өткенге, оның ішінде кеңестік кезеңді зерттеуге жүйелі және кешенді түрде қарау керек деп атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан-неміс университеті жанындағы Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Б.К. Сұлтанов «Қазақстан мен Ресейдің, қазақ және орыс этностарының арасындағы қатынастар әртүрлі, кейде қиын тарихи шынайылық жағдайында дамыды» деп атап өтті. Тоталитарлық кеңес мемлекетінде орын алған қасіретті беттермен қатар, дәл осы кеңестік кезеңде Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы үшін әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттар жасалғанын атап өткен жөн. ХХІ ғасырда одақтастық қағидаларына сүйене отырып, біздің елдеріміз экономиканы, саясатты, халықаралық қатынастарды және гуманитарлық саланы қамтитын көп қырлы қатынастардың жаңа деңгейіне шықты.

Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты И.С. Савинның баяндамасы екі мемлекет қоғамдарының өзара байланысының ауқымды желісіне, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның ортақ әлеуметтік кеңістігін түсінудің қиындықтары мен перспективаларына талдауға арналды. Зерттеуші кеңістіктік өлшемдегі ортақтықты – «коммуникациялық кенепіне іскери байланыстар мен тасымалдауға қатысушылар, отбасылық трансшекаралық байланыстар, студенттер, еңбек мигранттары және т.б. кіретін» ауқымды шекара мәселесін зерттеген. Сарапшының пікірінше, жыл сайын Қазақстанның жүз мыңдаған азаматтары әр түрлі мақсатта Ресейде жүреді, ал Ресейдің кем дегенде жүз мың азаматтары Қазақстанда болады.

Савиннің пікірінше, ортақ әлеуметтік кеңістіктің уақытша өлшемі кем дегенде 300 жыл бойғы ортақ тарихқа, оның ішінде заманауи көзқарастар мен жады саясаттарына, сондай-ақ біртұтас тілдік және мәдени өрістің тасымалдаушыларының үздіксіз қауымдастығына негізделеді. Қазақстан мен Ресей тұрғындарының көпшілігі осы кеңістікке қосылған, өйткені оның шеңберінде қалыптасқан тарихи және әлеуметтік көзқарастар екі елдің қазіргі заманғы тұрғындарының ұжымдық бірегейлігіне жағымды да, жағымсыз да әсер етеді». Осы тұрғыда ресейлік ғалым «екі ел де тату көршілікке мүдделі, бұл екі елдің азаматтарының санасында көршінің оң имиджін қалыптастырмайынша мүмкін емес. Осыдан, әр түрлі елдерде айырықша болып келетін белгілі бір мәлімдемелер мен бастамаларды тудыратын жағдайлар мен факторларды талдау арқылы бір-біріміздің ішкі саясатының ерекшеліктерін түсінудің барлық қиындықтарын еңсеру қажеттілігінің пайда болатынын ерекше айтып өтті.

Бұл ойды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Е.А. Әбіл жалғастырды. Ол заманауи ғылыми білім мен әдістемесі қазіргі мемлекетаралық шекаралардың заңдылығы мәселесімен байланысты алыпсатарлық үшін жосықсыз саясаткерлер қолданатын тарихи тұжырымдар қақтығысын, тарихи жадыны басқарудағы әрекеттерді болдырмауға мүмкіндік беретінін ерекше атап көрсетті.

Халықаралық конференцияда сөйлеген ғалымдар мен сарапшылар әр елге сенімді және жайлы көршілік қажет екендігіне сүйене отырып, барлық күрделі тақырыптарды әр түрлі контекстті және әр елдегі фактілерді әр түрлі қабылдауын ескере отырып, келтірілген дәлелдердің әрқайсысын ашық академиялық талқылау арқылы талдауға болатынын және талқылануы керектігін баса айтты.

Атап айтқанда, Азия зерттеулер институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Әкімбеков өз сөзінде тарих – ол бірегейліктің негізі. Жалпыға ортақ тарихты жазу өте қиын, өйткені ол міндетті түрде өте сезімтал тақырыптарды да қозғауы керек. Ресей империясы, Кеңес Одағы кезеңіндегі мәселелер оңай емес және бұл үшін көптеген күрделі тақырыптарды ашып, оларға баға беру керектігін ерекше айтып өтті.

Бұл тұрғыда Ресей ғылым академиясы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты А.Д. Васильев өз сөзінде бөліскен бұрынғы КСРО түркі халықтарының әліпбилерін латындандыру туралы тарих беттерінде аз зерттелген мәліметтер үлкен қызығушылық тудырды. Ресейлік зерттеуші Бүкілодақтық Жаңа Түркі әліпбиінің Орталық Комитеті (ВЦКНТА) қызметінің тарихына қатысты Ресей Ғылым академиясының архивтік деректері 1920-1930 жылдардағы Кеңес Одағындағы ауқымды тарихи тәжірибе туралы да, сондай-ақ түркі халықтарының жазуын латындандырудағы туындаған мәселелер туралы да куәландыратынын атап көрсетті.

Екі елдің бай тарихи өткенін ескере отырып, Ресей мен Қазақстан халықтарының өркениеттік бірегейлігі мен табиғи конгломерациясын сақтап қалу маңыздылығына ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі С.Т. Сейдуманов ерекше көңіл бөлді. Сонымен бірге, академиктің пікірінше, мұндай ынтымақтастықтың негізгі сөзсіз қағидаты мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін ұжымдық негізде қорғау болып қала береді, өйткені біздің келісілген және қабылданған бағдарларды тарихи қайта қарау немесе ситуациялық жаңартудың кез-келген әрекеті Ресей мен Қазақстанның стратегиялық серіктестігі негіздерінің сөзсіз құнсыздануына әкеледі.

Ресей Ғылым академиясының Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының (ИМЭМО) аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты С.А. Притчин өз сөзін қазіргі уақыттағы халықаралық қатынастар турбуленттілігінің жоғарылауы жағдайындағы ресейлік-қазақстандық қатынастары дамуының жаңа кезеңіне арнады. Сарапшы «интеграциялық жобаларды қолдайтын және бірлесіп жүзеге асыратын, аймақтағы және жалпы әлемдегі дағдарыстарға жауап беретін бітімгершілік және модераторлық бастамалар мен платформалар құра отырып, посткеңестік кеңістіктегі тұрақтандырушы рөл атқаратын Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы байланыстың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Еуразиялық интеграция институтының директоры У.К. Селтеев «екі мемлекет те Еуразия континентіндегі негізгі стратегиялық серіктестер болған және солай болып қала береді. 30 жыл ішінде екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін барлық мүмкін дипломатиялық және саяси қадамдар жасалды. Ресми деңгейде, шын мәнінде, шешілмеген бірде-бір мәселе жоқ. Екі елдің саяси басшылығының теңдестірілген және уақыт сынынан өткен ыңғайлары уақыт сынынан өтті және ешқандай таңқаларлық, арандатушылық мәлімдемелер елдеріміз арасындағы қатынастарға көлеңке түсірмеуі керектігін» айтты. Қазақстандық сарапшы Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарды нығайтуда сараптамалық дипломатиясы оң рөл атқаруы керектігін, және оның жалғасы осы конференция болып табылатынын ерекше айтып көрсетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Ресей Ғылым академиясының Шығыстану институты өткізген халықаралық конференция қазақстандық және ресейлік ғалымдардың тарихи мұраның объективті және теңгерімді бағаларын ілгерілетуге және тәуелсіз дамудың жаңа кезеңінде екіжақты қатынастардың сенімді, тату көршілік негіздерін нығайтуға бірлесе қатысу дәстүрін жалғастырды. Өткен ғылыми форум екі мемлекет арасындағы қатынастар тарихындағы «ақ дақтарды» жою бойынша қазақстандық және ресейлік тарихшылардың бірлескен жұмысының басталуына негіз болады.

Конференцияға қатысушылар - екі елдің ғалымдары, дипломаттары мен парламентшілері халықаралық ғылыми форумның өткізілу уақыттылығын, Ресей-Қазақстан қатынастарының қазіргі кезеңін талдаудың жоғары деңгейін,. Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестіктің тұрақтылығына ықпал ететін әріптестердің бірлескен күш-жігерін, өзара сенімі мен кәсібилігін атап өтті.

Конференция нәтижесінде оған қатысушылардың сөйлеген сөздері мен екі елдің жетекші тарихшылары дайындаған баяндамалар жинағын шығару жоспарланып отыр. 

Барлық жаңалықтар