- Басты
- Жаңалықтар
- ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауынгерлік даярлық, әскери-техникалық ынтымақтастық, әскери білім беру және бітімгершілік қызметінің жай-күйі туралы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Еліміздің әскери ынтымақтастығы
Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевтың айтуынша, қазіргі таңда еліміз 180-нен астам мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатқан. Шет елдерде Қазақстан Қорғаныс министрлігінің 25 әскери атташесі, ал елімізде 44 әскери-дипломатиялық корпус өкілі жұмыс істейді.
«Ынтымақтастық екіжақты форматта халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысу аясында жүзеге асырылады. Бұл ретте әскери білім, ғылым, жауынгерлік даярлық, әскери-техникалық ынтымақтастық салалары мен бітімгершілік қызметі ұдайы дамытылуда», - деді ол.
Ол өз сөзінде, ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығы, Солтүстік Атлантика шарты ұйымдарының қатысу шеңберінде жүзеге асырылатынын жеткізді.
Жауынгерлік дайындық
Тимур Дәндібаевтың айтуынша, әскери қызметшілер жеке құрамының жауынгерлік даярлығына, жауынгерлік мүмкіндіктері мен практикалық дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Соның ішінде, екіжақты форматта таяу және қиыр шетел қарулы күштерінің – Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Түркия, Италия, Үндістан, Пәкістан және т.б. өкілдерімен бірлескен іс-шаралар өткізіледі.
Сондай-ақ, көпжақты форматта ҰҚШҰ («Жауынгерлік бауырластық»), ШЫҰ («Бейбіт миссия»), ТМД («Жауынгерлік достастық»), БҰҰ («Дала қыраны») бірлескен оқу-жаттығулары өткізіліп жатырғанын айтып өтті.
«Жауынгерлік шеберлік деңгейін арттыру үшін әскери қызметшілеріміз әскери халықаралық ойындарға қатысады. Конкурстардың бір бөлігі Қазақстанда өткізіледі», - деді Тимур Дәндібаев.
Оның сөзінше, АрМИ – бұл «ойын» емес, нағыз жауынгерлік дайындық түрі. Оларға қатысу әскери қызметшілердің кәсіби өсуіне, әскери шеберлігін және жауынгерлік дағдысын шыңдауға ықпал ететінін жеткізді. 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа сәйкес, Ресей тарапы Қазақстанға әскери мақсаттағы өнімді жеңілдікті шарттармен жеткізеді.
«ҰҚШҰ шеңберінде әскери-техникалық ынтымақтастық жүзеге асырылуда. Екіжақты форматта Қазақстан 40-тан астам елмен әскери - техникалық ынтымақтастық орнатты, - деді ол.
Бітімгершілік іс-шаралар
Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевтың айтуынша, қорғаныс министрлігі шетелдік қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алуды әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұдан бөлек, халықаралық міндеттемелерді орындау, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қатысу мақсатында Қазақстан Қарулы күштердің әскери қызметшілерін бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссияларға жіберетінін айтып өтті.
- 2014 жылдан бастап БҰҰ миссиясына әскери байқаушылар мен штабтық офицерлер қатысады;
- 2018 жылдан бастап қазақстандық бітімгершілік контингент БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына қатысуда;
- 2020 жылы Ливанға Бейрут портындағы жарылыс кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ҚР ҚК Әскери-медициналық мамандарының топтары жіберілді;
«ҚР ҚК медициналық қызметкерлері Ливанның төрт қаласында 70-тен астам операция мен 1000-ға жуық манипуляция жасады. Бітімгершілік операцияларына қатысу практикалық тәжірибе алуға, оны талдауға және дайындық процесіне енгізуге, әскери қауіпсіздіктің әлеуетін арттыру үшін Қарулы күштерді дамытуға түзетулер енгізуге мүмкіндік береді», - деді Тимур Дәндібаев.
Әскери білім беру саласы
Ол тәуелсіздік жылдары Қорғаныс Министрлігі негізгі одақтастармен, әртүрлі халықаралық және аймақтық қауіпсіздік құрылымдарымен өзара әрекеттестік орнатылғанын айтып өтті. Осы негізде әскери ынтымақтастықты, коалициялық әскери құрылысты және әскери білім беру саласын дамыту бүгін де жалғасып жатыр.
Оның айтуынша, қазіргі таңда шетелдік әскери оқу орындарында әскери кадрларды даярлау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Біздің әскери қызметкерлер Ресей, Беларуссия, Армения, Түркия, АҚШ, Үндістан, Пәкістан, Корея, Қытай, Ұлыбритания, Италия, Франция және Германия университеттерінде білім алады», - деді Тимур Дәндібаев.
Қорғаныс министрінің орынбасарының дерегінше, қазіргі таңда Қорғаныс министрлігінің қарамағында 9 әскери оқу орны бар. Сондай-ақ, әскери кадрларды даярлау шет мемлекеттердің әскери оқу орындарында да жүзеге асырылады. Ұлттық қорғаныс университетінде 10 факультет, сондай-ақ 27 оқу кафедрасы жұмыс істейді, онда күндізгі және қашықтан оқыту форматында 500-ден астам әскери магистранттар мен докторанттар оқиды. Оның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан және Армениядан ҰҚШҰ елдерінің 24 әскери қызметшілері де бар.
«Жыл сайын қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесі арқылы еліміздің Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының, сондай - ақ мемлекеттік органдарының 3 500-ден астам әскери қызметшілері мен қызметкерлері өтеді», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Отандық әскери робототехника және ұшқышсыз ұшақтар
Сондай-ақ, жоғары білім беру бағдарламасы бойынша дайындық барлық әскер түрлері мен Қарулы күштердің негізгі мамандықтарын қамтитын үш әскери институтта жүзеге асырылады екен. Соңғы жылдары оларға ерекше сұранысқа ие жаңа мамандықтар енгізілген.
Ол профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттырып, ғылыми әлеуетті үнемі дамытып отыратынын айтып өтті. Соынмен қатар, қорғаныс зерттеулерінің кеңесі, алдыңғы қатарлы ғылыми-эксперименттік базасы бар әскери-ғылыми орталық құрылғанын да жеткізді.
Қорғаныс министрінің орынбасарының айтуынша, Ғылыми зертханаларда отандық әскери робототехниканы, ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасау, әскери-ғарыштық және ақпараттық технологияларды дамыту мәселелері зерттеледі.
Тимур Дәндібаевтың айтуынша, Армияны кәсіпқой сержантпен жасақтау міндеті Щучинск қаласы, Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжге жүктелген.
Онда 3 мамандық бойынша орта білім негізінде техникалық, кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады.:
1. «Мотоатқыштар бөлімшелерін басқару»;
2. «Зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін басқару»;
3. «Танк бөлімшелерін басқару»;
Сонымен қатар, Қарулы Күштерді кәсіпқой сержанттармен жасақтау мәселесін шешу үшін биыл 9 ақпанда Үкімет қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж болып қайта аталған.
Әскери колледжде негізгі орта білім беру базасында орта мектептің 9-шы сыныбынан кейін 2 жыл 10 ай оқу мерзімімен төмендегі білім беру бағдарламалары іске асырылады.
4 мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім
1) «Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар»;
2) «Қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету»;
3) «Инженерлік бөлімшелерді басқару»;
4) «Радиациялық, химиялық, биологиялық қауіпсіздік әскерлері бөлімшелерін басқару».
Қорғаныс министрінің орынбасары құрылған әскери білім беру жүйесі әскери сала маманының мансаптық өсуінде дәйекті модель жасауға мүмкіндік берететін жеткізді.

-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау

