• Басты
  • М.Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды
4 Мамыр, 2020 13:54

М.Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы болды, деп хабарлады Strategy2050.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 


 М.Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды

Президенттің ұсынысы бойынша сенаторлар жасырын дауыс беру арқылы Мәулен Әшімбаевты Парламент Сенатының Төрағасы етіп бір ауыздан сайлады.

М.Әшімбаев Президентке және сенаторларға жоғары сенім көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. «Президентіміз еліміздің алдында тұрған мақсаттарға жан-жақты тоқталып кетті. Қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселе, ол әрине, пандемиямен – бүкіл әлемге тараған осы індетпен күресті жалғастыру. Мемлекет басшысы атап өткендей, барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін Елбасымыздың саясатының сабақтастығын сақтап, мемлекетімізді, экономиканы одан әрі дамытуға, еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған Президентіміздің стратегиясын іске асыру болып табылады. Қазақстан Парламенті Сенаты Мемлекет басшысының саясатын заңнамалық тұрғыда сапалы қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараны жүзеге асыратын болады», - деді Мәулен Әшімбаев.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды