- Басты
- М.Әшімбаев: Еліміздің этносаясатын жетілдіру керек
М.Әшімбаев: Еліміздің этносаясатын жетілдіру керек
Елордада Қазақстанның жетекші сарапшыларының қатысуымен "Қазақстандағы этносаясаттың өзекті мәселелері: сараптамалық пікір" тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр. Алғаш болып сөз алған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев этносаяясатты жетілдіру қажеттігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Мәулен Әшімбаев Қордайда болған қақтығысқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, осы секілді жағдайлардың қайталанбауы үшін алдын алу шараларын қабылдау керек.
"Елімізде этносаралық қарым-қатынам пен қоғамдық келісімді сақтау мәселесі мемлекеттiк саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Бұл бағытта соңғы жылдары көптеген жұмыстар iстеліп жатыр. Алайда жақында Қордай ауданында болған оқиға бүл салада да қордалагғаг мәселелердің бар екенін көрсетті. Сол себепті мұндай жағдайлардың қайталанбасы үшін бардық алдын алу шараларын қабылдау керек. Мемлекет басшысы осы бағытта мемлекеттік органдарға тиiсті тапсырмалар берді", - деді ол.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев мұндай оқиғаларға алып келген факторларды анықтау керегін, объективті сараптама жасалу қажеттігін атап өтті.
"Ең алдымен осы оқиғаларға, этносаясатымызға жан-жақты,объективті сараптамалар жасалуы қажет. Қандай факторлар мұндай жағдайларға алып келді, әлеуметтік мәселелердің рөлі қандай болды, қылмыстық тортардың әсері болды ма, алдыг алу кезінде қандай шараларға назар аудару керек деген секілді сауалдарға дұрыс жауап табуымыз қажет. Этносаясатымызды жетілдіру керек. Бұл мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттің бiрi", - деді ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
Сонымен бірге ол өз сөзінде еліміздің этносаясатын жетілдіру мақсатында барлық мүдделі топтармен, ұйымдармен бірігіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
"Этносаралық қатынастарды реттеу жалпы бiздiң мәселені жан-жақты талқыға салып, керекті іс-шараларды қабылдауымызға тікелей байланысты. Біз, Президент Әкімшiлiгi талқылауларға, ашық диалогқа, азаматтық қоғам институттарымен және мүдделi азаматтармен бiрiгiп қызмет атқаруға, жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл - президенттiң "Халық үнiнe құлaқ асaтын мемлeкeт" тұжырымдамасын iске асыру бағытының бірі. Біз жоғарыда айтқанымдай, біз еліміздің этносаясатын Қазақстанның этносаясатын жетілдіру үшін барлық мүдделі тараптармен, ұйымдарымен және нақты сарапшылармен тығыз жұмыс iстеуге әзiрміз", - деді Мәулен Әшімбаев.
Назерке Сүйіндік
-
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Су саласын цифрландыру, заңнаманы жетілдіру қалай жүзеге асуда
-
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр
-
Жылыту маусымы кезiндегi өpт қауiпсiздiгi: нені білу керек
-
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады
-
«Пластиксіз Қазақстан»: Қалдықсыз қоғам қалыптастыру үшін не істеу керек
-
COVID-19 екінші толқыны: екінші рет вирус жұқтырып алмау үшін не істеу керек
-
Антибиотиктердің ағзаға әсері туралы нені білу керек
-
COVID-19: Жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар нені білуі керек
-
Назарбаев: Праймериздерді әділ, ашық және барлық қатысушы үшін тең жағдайда ұйымдастыру керек
-
Еліміздің тәуелсіздігіне жол салған «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл

