• Басты
  • М.Сұлтанғазиев: Коронавирусқа байланысты Қытайдан келетін импорт көлемі азайды
11 Наурыз, 2020 17:28

М.Сұлтанғазиев: Коронавирусқа байланысты Қытайдан келетін импорт көлемі азайды

Қытай Халық Республикасында коронавирус инфекциясының шығуына байланысты импорт көлемі азайған. Бұл туралы елордада өткен ҚР ҚЖ Мемлекеттiк кірістер комитеті жұмысының 2019 жылғы қортындысынa aрналған бaспaсөз мәжілісінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кiрiстер комитетiнiң төрағасы Марaт Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

М.Сұлтанғазиев: Коронавирусқа байланысты Қытайдан келетін импорт көлемі азайды

Комитет төрағасының сөзінше, көрші мемлекеттегі коронавирус індетінің таралуы Қытайдан Қазақстанға келетін импорт көлемінің азаюына әсер еткен.

"Қытайда коронавирус шығауына байланысты импорт көлемі азайды. Қаңтар мен ақпай айы бойынша, Қытаймен тауар айналымы 22 пайызға азайды. Оның ішінде автокөлiк құрaлдарының сaны 24 пaйызға, темiржол көліктерi 14 пaйызға азайып отыр. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден де импорт тасымалдайтын автокөлiк саны 20 пайызға азайды", - деп атап өтті Марат Сұлтанғазин.

Сонымен бірге комитет төрғасы өз баяндамасында мемлекеттік бюджеттің кіріс жоспары 100 пайызға орындалғанын айтып өтті.

"Мемлекеттік кірістер комитеті құзыретіне кіретін мемлекеттік бюджеттiң кiрiс жоспары 100,8 пайызға орындалды, өткен жылмен салыстырғанда 1 трлн 381 млрд немесе 17,4 пайызға көп. Республикалық бюджет 100,3 пайызға және жергілiктi бюджеттер 102 пайызға орындалды. Шикізаттық емес сектордан түсетiн кiрiстер 10 пайызға артып, 6,4 трлн теңгенi құрады, шикізат секторынан 7 пайызға өсіп, 5,6 трлн теңге болды", - деді комитет төрағасы.

Сонымен бірге Марат Сұлтанғазин Қазақстанда кассалық аппараттардың барлығы онлайн кассалық аппартқа ауыстырылғанын атап өтті.

"Республика бойынша кассалық аппараттардың 97 пайызы онлайн кассалық аппаратқа ауыстырылған. Аппараттарды орнату бойынша жұмыс бітті деуге болады. Уақытша тоқтатылған, не жұмыс істемейтін кәсіпкерлерде ғана орнатылмаған. Қазір онлайн бағдарламалар (приложение) бар. Тіпті өзіңіздің смартфон телефоныңызды пайдалансаңыз да болады", - деді ол. 

Сондай-ақ ол жаппай декларация тапсыру мәселесіне де тоқталды. Оның сөзінше, бұл процес уақытты қажет етеді, яғни кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Жаппай декларация тапсыруға көшу процесі біраз уақытты алады. 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілгендер, депутаттар, бірінші рет мемлекеттік қызметке келгендер, жыл сайын толтырып жүрген, толтыру білетін азаматтар тапсырады. 2023 жылдан бастап әр жыл сайын жаңа категория қосылады. Екінші категорияда мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, олардың жұбайлары, ал үшінші кезеңде заңды мекемелердің басшылары, құрытайшылар мен жеке кәспкерлер. Ал төртінші категорияда басқа азаматтар тапсыратын болады", - деді комитет төрағасы.

Оның сөзінше, келесі категорияны енгізу кезінде нені ескеру керек, қандай жеңілдіктер мен модульдер енгізу қажеттігін білі үшін әр кезеңнен кейін сараптама жүргізіледі. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды