• Басты
  • МӘСҚ-дан 35 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
9 Маусым, 2020 11:15

МӘСҚ-дан 35 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 35,5 мың адамды құрады, бұл ретте ағымдағы жылғы мамыр айында 5,2 мың азаматқа жәрдемақы тағайындалды, деп хабарлады Еңбек және ілеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

МӘСҚ-дан 35 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге:

- Egov.kz порталында авторизациялану;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды  тіркеу» қызметін таңдау;

- Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық алаңдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

- Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) сізге бос жұмыс орындарын ұсынады;

- Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде сізге қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады);

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.

Барлық жаңалықтар