Мәртебелі мұғалім сапалы ұрпақ тәрбилейді - педагог

27 Мамыр, 2020 17:05

Бүгін, яғни 27 мамыр күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық кеңестің ІІІ отырысы өтті. Отырыс кезінде ел президенті ұстаздардың жағдайына кеңірек тоқталып, олардың  беделін көтеру керектігін айтып өткен еді. Осы орайда БҚО Шыңғырлау ауданы Сегізсай негізгі мектебінің ұстазы Гүлсара Бекмағамбетова мемлекет басшысының сөзіне үн қосып, елдегі білім саласындағы реформаларға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда ұстаздың мәртебесін арттыруға мемлекеттің де, министрліктің мүдделі болып отырғаны қуантады. Әсіресе, ел президентінің бүгінгі отырыста білім саласына қатысты айтқан ұсыныстары мен тапсырмалары ұстаздарды бір серпілтіп, стимул берді деп олаймын. Мәселен, "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы бола тұра, жастар ауылға барып жатқаны сирек кездеседі. Осы қолға алу керегін бас айтып өтті. Сонымен қатар қазір ауылдардағы басты мәселе - бір мұғалімнің үш-төрт пәннен сабақ беруін де көтерді президент. Демек, болашақта бұл мәселе шешіледі деген сөз. Әр пәннен сол мамандықта оқыған адамның бергені дұрыс", - деді Гүлсара Бекмағамбетова. 


Оның сөзінше, отырыста көтерілген мәселердің барлығы орынды, ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартауға себін тигізеді.

"Сонымен бірге мемлекет басшысы бір сабақта әртүрлі жастағы балалар бірге отырып оқуға мәжбүр екенін де айтып өтті. Бар мәселе. Жақын арада шешімін табатынына сенімдімін. Сонымен қоса ауыл ұстаздарына еңбекақы төлеу жүйесінде осы мәселе ескерілмейтіні айтылды. Бұл ұстаздар қауымын бір қуантқан жаңалық болды. Өйткені әлеуметтік жағдайы жолға қойылған мәртебелі мұғалім сапалы ұрпақ тәрбиелейтінін ескеру керек", - деді педагог. 

Сонымен қоса педагог балалардың қауіпсіздігі бірінші орында болу керегін атап өтті. Оның сөзінше, білім ордаларына камералар қойылар болса, балалардың тәртібн, сабақ үлгерімін қадағалауға мүмкіндік бермек.

"Бұдан бөлек ел президенті мектеп жанындағы интернаттардың жұмысын одан әрі жетілдіру керегін айтты. Мәселен, біздің мектеп тоғыз жылдық. 9-сыныпты аяқтаған соң, біздің мектеп түлектері жан-жаққа интернаттары бар мектептерде оқуын жалғастырады. Біздің де балаларымыз осындай мектептер де білім алуда. Қазір де жағдайлары жақсы, десек те келешекте бұдан да жақсара түссе, нұр үстіне нұрболар еді. Соынмен біррге білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі де өте өзекті мәселе екені қозғалды. Енді мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдер барлық мектепті бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілетіні ата-аналар үшін де жақсы жаңалық болмақ", - деді Гүлсара Бекмағамбетова. 
Барлық жаңалықтар