• Басты
  • М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды

М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды

3 Ақпан, 2021 12:34

«Өңiрлiк коммуникациялар қызметi» алаңында өткен баспасөз мәжiлiсiнде Жамбыл облысы бойынша Экология департаментiнiң басшысы Марат Құрманбаев 2020 жылы ведосмтвоның атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2021 жылғы жұмыстардың негiзгi бағыттары туралы баян еттi. Ол баяндамасында бақылау қызметінің жұмысы, өңірдегі экологиялық жағдайды, сонымен бірге экологиялық мәселелермен күрес жқмыс жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.

Экологиялық бақылау қызметiнiң жұмысы

Департамент басшысы департаменттiң негiзгi мiндеттерi - қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру мен экологиялық реттеу шараларын атқару екенiн атап өттi. Оның мәлiметiнше, өткен жылы ауа атмосфераға шығырындыларға лимит бойынша 125,078 мын тонна берiлсе, нақты жағдайға 74,543 мын тонна (59%), төгiндiлер лимитi 23,759 мын тонна болса, нақты жағдайға 16,321 мың тонна (69%), қалдықтарды орналастыру лимитi 45,4679 млн тонна болса, нақты орналастырғаны 13,021 млн тонна (29%). Оның пiкiрiнше, бұл көрсеткiштер қоршаған ортаға эмиссияларға берiлген рұқсаттар көлемiнен бiршама төмен екендiгiн көрсетедi.

«Осы ретте экологиялық бақылау қызметi аясында түрлi негiздермен 50 тексеру (оның iшiнде 20 жоспардан тыс, 2 тексеру бармау арқылы профилактикалық бақылау жүргiзiлсе, 28 бару арқылы профилактикалық бақылау тiзiмi бойынша) жүргiзiлдi. Осы тексерiстермен 129 құқық бұзушылық фактiлерi анықталып, оларды жою үшiн 33 нұсқама берiлген. Анықталған құқық бұзушылық бойынша 52 әкiмшiлiк iс қаралып, 3,335 млн теңге айыппұл салынып, бүгiнгi күнге оның 51-i, яғни 2,668 млн теңгесi өндiрiлдi (80%)», - дедi ол.

Марат Құрманбанвтың дерегiнше, қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың 41 фактi бойынша 16,871 млн теңгеге талап-арыз берiлiп, оның 36-сы бойынша 11,107 млн. теңгесi өндiрiлген(68 %).

«Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз және берiлген рұқсат көлемiнен тыс эмиссия шығарудың алдын-алу мақсатында ластаушы көздердi тоқтатуға сотқа 19 талап-арыз жолданып, 8 қанағаттандырылды, 3-еуi қаралуда, 8 талап-арыз бойынша iстi қарау мерзiмдерiнде нұсқамалардың орындалуына байланысты, iстердi қарау тоқтатылды», - дедi департамент басшысы.

Сондай-ақ, ол соңғы жылдары бепартамент бей-берекет орналасқан қалдықтарды анықтауды ғарыштық бақылаумен жүзеге асыру нәтижелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға оларды жою жөнiнде нұскамалар берiп отырған.

«Департамент зертханасымен есептi мерзiмде ластаушы көздерден 722 сынама 2455 химиялық талдау жасалған, оның iшiнде ауа атмосферасынан 648 сынама алынып 1586 талдау, су ресурстарының ластануын бақылау бағытында 68 сынама алынып 845 талдау, жердiң ластануын бақылау бағытында 6 алынып 48 талдау», - дедi ол.

Сонымен қатар, ол қоршаған ортаның радиобелсендiлiгiн анықтау бағытында Мойынқұм ауданы аумағындағы «Ақсүйек» және «Мирный» ауылдарының аймағындағы бұрынғы уран кенiштерiне радиобелсендiлiгiн анықтау жұмыстары жүргiзiлгенiн еске салды.

«Есептi мерзiмде 134 қызмет көрсетiлдi, яғни 73 экологиялық рұқсат және 61 экологиялық сараптама қорытындысы берiлдi, 67 мемлекеттiк қызмет алу бойынша негiздi бас тартылған», - дедi Марат Құрманбаев.

Қызмет көрсету нәтижесiнде қызмет алушылардан ешқандай арыз-шағымдар мен келiспеушiлiктер болмаған. Есептi мерзiмде қызмет алушыларға қолданыстағы заңнамаларға еңгiзiлген өзгерiстер мен толықтуларды түсiндiру және кездесiп отырған проблемалық сұрақтарына жауап беруге, бағытталған 2 семинар үйымдастырылған.

«Департамент қабылдап жатқан шаралардын ашықтығын қамтамасыз етуде 2 рет Сараптамалық кеңесте iрi ауқымды жобалар қарастырылып, нәтижесiнде эмиссиялар көлемi 150 тоннаға азайтылған», - дедi мекеме басшысы.

Цифрландыру бойынша 8 iрi өндiрiс кәсiпорынмен меморандум

Сонымен бiрге, оның мәлеметiнше, елiмiзде жүргiзiлiп жатқан Цифрландыру бағдарламасына сәйкес аймақта шығарындыларды автоматтандырылған жүйе арқылы бақылау шараларын iске асыруға 8 iрi өндiрiс кәсiпорынмен меморандум жасалған. Бүгiнде «Қазфосфат» ГПК «Қаратау» «Көк су» кеншi және «Жамбылская ГРЭС» АҚ орнатып отыр.

«Есептi мерзiмде қоршаған ортаға эмиссия төлемдерi болжамы 3578,9 млн теңге болса, нақты түскенi 3668,5 млн теңгенi құрады. Табиғат пайдаланушылармен қоршаған ортаны қорғау iс-шараларына 808,7 млн теңге жоспарланып, 559,5 млн теңгесi (69 %) игерiлген», - дедi ол.

«Жол картасы» - 2021-2024

Аймақтын экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған «2021-2024 жылдарға арналған экологиялық проблемаларды кешендi шешудiң Жол картасы» әзiрленiп бекiтiлген.

«Санитарлық талаптарды сақтай отырып Полиция басқармасымен бiрлескен «Таза ауа» рейдтерi, кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндiруге байланысты пресс-тур, сондай-ақ «Бүкiл әлемдiк тазалық күнi» шарасына сәйкес акциялар ұйымдастырылды. Есептi мерзiмде заңды және жеке тұлғалардан 61 өтiнiш түсiп, уақтылы қаралып жауаптар берiлдi. Мемлекет басшысының «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және Министрлiк жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кенсе филиалы аясында тұрғындардын өтiнiштерi бойынша көпшiлiкпен 4 кездесу өткiзiлiп, нәтижелерi әлеуметтiк желiге жарияланды, iрi кәсiпорындардын тексерулер нәтижелерi туралы тiкелей эфирде ақпараттар берiлдi», - дедi ол.

Сондай-ақ, департамент қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы Фейсбук парақшасына түрлi 95 материал мен шаралар жарияланғанын тiлге тиек еттi. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған 5 құқықтық семинар сабақтары өткiзiлiп, екi рет iшкi талдау жүргiзiлген.

«Қолданыстағы 54 зертханалық прибордын 26-сы занамауи автоматтандырылған, өлшеу нәтижелерi бiрден мониторға берiлiп, кейбiр құралдар дер кезiнде чек шығарып бередi.Бұл цифрландыру принципiне келедi, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн болдырмауда сыртқы факторлар әсер ете алмайды, сондай-ақ инспекторлардын әрекеттерiн бақылайтын видеорегистратормен қамтамасыз етiлдi», - дедi ол.

2021 жылы атқарылатын шаралар

Бұдан бөлек, басқарма басшысы департамент биыл жаңа Экология кодексiн насихаттау және түсiндiрумен бастамақ. Бұл тұрғыда бiршама шаралар белгiленген. 

«Атап айтқанда, ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлiгi басшылығының аймаққа iс-сапары жоспарланып, iрi кәсiпорындар, экологиялық жобалаушы мекемелер, сондай-ақ, қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiмен кездесуден басталмақшы. Бұдан басқа жаңа кодекстiң әрбiр тарауы бойынша департамент бөлiмдерi табиғат пайдаланушылардың қызметтерi нәтижесiне сәйкес жекелеген семинарлар мен талқылаулар өткiзудi, және әлеуметтiк желiлерi арқылы түсiндiрмелер беру жоспарлануда. Әлеуметтiк желiдегi департамент парақшасы арқылы, сондай-ақ, Департаментте жекелеген қабылдаулар мен кездесулердiң кестесi жасалып, көпшiлiк назарына ұсыну көзделуде», - дедi Марат Құрманбаев.

Оның сөзiнше, осы жылы атқаратын маңызды шаралардың бiрi, аймағымыздың экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған Жол картасынын орындалуын, қалдықтарды ғарыштық бақылау, мемлекеттiк экологиялық бақылау мен мемлекеттiк қызметтердi сапалы және мейлiнше қысқа мерзiмдерде көрсету, сондай-ақ аймақта бекiтiлген қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн қайта қарастырып бекiту мiндеттердiң негiзгiлерi болмақ.

«Сондай-ақ, аймақта экологиялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында аймақтағы кәсiпорындардың экологиялық тәуекел ерекшелiктерiне сәйкес қоршаған ортаға елеулi түрде әсер ететiн 13 табиғат пайдаланушы кәсiпорындарға профилактикалық тексеру тiзiмi қалыптастырылып отыр. Сонымен қатар, бұрынғы берiлген нұсқамалардың орындалуын, экологиялық рұқсаттардың берiлу шарттарының орындалуы, табиғат қорғау жобаларының жүзеге асырылуы мен өндiрiстiк экологиялық бақылау шараларына талдауды жүйелi түрде жүргiзу негiзгi бағыттардың бiрi болмақ. Экологиялық сараптамаға келiп түскен жобалардың экологиялық тиiмдiлiгiн арттыру, маңызды жобаларды қоғамдық тыңдаулар арқылы көпшiлiк талқылауға шығару, неғұрлым энергия үнемдiлiгi, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану талаптарына ден қойылатын болады», - дедi басқарма басшысы.

Сонымен қоса, ол қоршаған ортаға залалдық мониторингi көрсеткiштерiне ден қойылып, нәтижелерi қолжетiмдi түрде көпшiлiкке жариялауда ашықтық қамтамасыз етiлетiнiн атап өттi. Әлеуметтiк желiлерде аймақтағы iрi кәсiпорындардың тексеру нәтижелерi, сондай-ақ қоршаған ортаның экстремалды ластану, орын алған жоғарғы деңгейдегi ластану деректерi бойынша ашықтықты қамтамасыз ету шаралары атқарылмақ. 

«Билiк пен жалпы көпшiлiктiң ара қашықтығын жақындату, мемлекет басшысынын «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Департаменттiң есептi мерзiмiнде атқарған жұмыстары туралы қоғамдық ұйымдар алдында есебiн беру және қолжетiмдi жариялауды жоспарлап отырмыз», - дедi ол.

Бұдан бөлек, оның сөiзнше, министрлiк жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кенсесiнiң филиалы жұмысын жандандыру, бұл орайда тұрғындардың әр бiр өтiнiш-шағымдары бойынша олармен тiкелей кездесулер өткiзу, маңызды жобаларды қоғамдық ұйымдар өкiлдерiмен талқылау, қоғамдық үйымдар алдында есеп беру, әлеуметтiк желiлердегi жарияланымдарға ден қою жыл бойы басты мiндеттер болмақ.

«Сондай-ақ биылғы маңызды белес жылында «Тәуелсiздiктiн 30 жылында экология саласы қандай жетiстiктерге жеттi?», «Келер ұрпаққа қандай табиғи ортаны қалдырамыз?», «Елiмiздiң қоршаған ортанын сапасын жақсартуға әрi қарай қандай шараларды атқаруға тиiстiмiз?» тектес сауалдар бойынша барынша ақпараттық танымдық шараларға копшiлiктi, кәсiби мамандарды, экология саласының ардагерлерiн, сондай-ақ қоғамдық үйымдарды тарту негiзгi шаралардың бiрi болмақ», - деп түйiндедi.

Барлық жаңалықтар