• Басты
  • Мұрат Әбенов: Дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлілерді тексеру керек
10 Шілде, 2020 15:28

Мұрат Әбенов: Дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлілерді тексеру керек

Президенттің кеңейтілген отырыста айтқан дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты шешімдері жайлы Ұлттық кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.


Мұрат Әбенов: Дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлілерді тексеру керек

Мұрат Әбеновтің пікірінше бұл іске құзырлы органдар араласу қажет.

Дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлі қор басшыларын жұмыстан шығару аздық етеді. Қаншама адам қайтыс болды. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Комитеті мен Бас Прокуратурасы бұл істі қарау керек, - деп жазды қоғам белсендісі.

Оның айтуынша, қазақстандықтар үшін дәрі-дәрмек мәселесімен Президенттің өзі тікелей айналысып жатқаны өте маңызды.

Біріншіден, Денсаулық сақтау саласы дәрі-дәрмек тапшылығын қолдан жасау арқылы үлкен трагедяларға жол берді. Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала дәрі-дәрмек тізімін қарастырудың орнына «СҚ Фармацияға» тапсырып қойды. Елдегі дәрі-дәрмекті сатып алу тек бір ғана ұйым арқылы жүргізілді. Нәтижесінде дәріхана сөрелерінен дәрілер жоқ болды. Президент осы мәселені көтеріп, осы мәселеге жауапты қор басшыларын жұмыстан босатып, тексеруді тапсырғаны дұрыс шешім деп ойлаймын, - деді М.Әбенов.


Барлық жаңалықтар