• Басты
  • Мұнай-газ өндіру мәселелері

Мұнай-газ өндіру мәселелері

11 Тамыз, 2021 11:13

Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2021 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша отын-энергетикалық кешеннің ағымдағы жағдайы туралы баян етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, көрсетілген кезеңде мұнай және конденсат өндіру көлемі 49,8 млн тоннаны құрап, жоспар 99%-ға орындалды.

Теңіз жобасында аталған кезеңде 15,9 млн тонна мұнай өндірілді, жоспар 100% орындалған.

Ал, Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 6,9 млн тоннаны құрады, ағымдағы жылғы жеті айдың жоспарымен салыстырғанда 95,1%-ды құраған.

Орынбор газ өңдеу зауытындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай, Қарашығанақ кен орнынан жеткізілетін газды қабылдауды шектеу себебінен, есепті ай жоспарының көрсеткішінен төмен болуына әсер етті.

Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі – 8,7 млн тонна болды, яғни қаңтар-шілде айларының жоспары 100% орындалды.

Экспорт

Министрдің дерегінше, есепті кезеңде 39,3 млн тонна мұнай экспортталған, осылайша, ағымдағы жылғы қаңтар-шілде айларының жоспары 100%-ға орындалған.

Газ өндіру

«Көрсетілген кезеңде 31,7 млрд.текше метр көлемінде газ өндірілді, бұл ағымдағы жылғы жеті айдың жоспарымен салыстырғанда 98,2%-ды құрады», - деді Нұрлан Ноғаев.

Аталған көрсеткіштің есепті айдың жоспарынан төмен болуының басты себебі - мұнай өндіруде алынатын газ ілеспе газ болып табылады, яғни мұнай өндіру көлемінің төмендеуі, тиісінше, газ өндіру көлеміне әсер еткен.

Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 10,7 млрд текше метрге жетті, осы көрсеткіш биылғы жылғы қаңтар-шілде айларының жоспарына 112,4% орындалған. Ал, сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,8 млн тоннаны құрап, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 106,6%-ға орындалған.

«Есепті кезеңде ел аумағынан газ транзиті 44,8 млрд текше метрді құрап, жеті айдың жоспарымен салыстырғанда 114,1%-ға жетті», - деді министр.

Мұнай өндіру

Биылғы жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша 7,2 млн тонна мұнай өнімдері өндірілген, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112%-ды құрайды, соның ішінде:

Автобензин бойынша көрсеткіш 2,7 млн. тонна, яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,3%-ды құрады. Өндірілген дизель отынының көлемі 2,8 млн тонна, бұл 2020 жылдың жеті айының көрсеткішімен салыстырғанда 109%-ды көрсетті. Әуе отыны бойынша көрсеткіш 323 мың тоннаны, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 127,7%-ды құрады. Мазут өндірісінің көрсеткіші 1,4 млн тоннаны құрады, яғни өткен жылдың сәйкес кезеңіне 125% құрап отыр. Сонымен қатар, есепті кезеңде битум өндірісі 556 мың тоннаға жетті, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,5% құрап отыр.

«Тұтастай алғанда, мұнайгаз-химия өнімдерінің көлемі 84,5 мың тоннаны құрады, бұл есепті айдың жоспарына 100%-ды құрайды», - деді ведомство басшысы.

Электр энергиясын өндіру

Оның сөзінше, есепті кезеңде 66,2 млрд кВт.сағат электр энергиясы өндірілген, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,7%-ды құрап отыр.

Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша, жаңартылатын энергия көздері нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 2,03 млрд Квт сағ құраса, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 142% құрап отыр.

Инвестиция

Негізгі капиталдағы инвестициялар тарту жөніндегі жоспарға сәйкес отын-энергетикалық кешендегі инвестицияның нысаналы көлемі ағымдағы жылы 5 трлн 508 млрд тг құрады.

«2021 жылдың 6 айында инвестициялар көлемі 1 813,2 млрд тг құрады, жоспармен салыстырғанда 491 млрд. тг. немесе 21% қол жеткізбеу байқалады. Бұл көрсеткіш 5 айының нәтижиесі бойынша 27% құраған болатын. Яғни қабылданып жатырған шаралар жоспар мен нақты көрсеткіштер арасындағы алшақтықты жоюға ықпал етеді», - деп толықтырды ведомство басшысы.

ТОП-10 инвестициялық жоба бойынша инвестициялар тартудың оң динамикасының есебінен Министрлік инвестициялар көлемінің жылдық көрсеткішіне жетуді жоспарлағанын жеткізді.

Барлық жаңалықтар