• Басты
  • Мұнай бағасының төмендеуі бензин бағасына қалай әсер етті
9 Сәуір, 2020 15:16

Мұнай бағасының төмендеуі бензин бағасына қалай әсер етті

Соңғы күндері қазақстандық интернет кеңістікте наурызда дүниежүзілік мұнай және мұнай өнімдері бағасының құлдырауына байланысты мұнай өнімдерінің бағасын төмендету үшін үкімет қабылдаған шаралар пакеті белсенді талқылануда. «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Болат Ақшолақов Атырау МӨЗ-ін тілге тиек ете отырып, мұнай бағасы 55% түскен кезде бензиннің құны неліктен 4% ғана түскенін түсіндіріп берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Мұнай бағасының төмендеуі бензин бағасына қалай әсер етті

Оның айтуынша, ҚР-дағы бензиннің нақты бөлшек сауда бағасы өндіруші зауыт белгілеген көтерме сауда бағасы мен өткізушінің бөлшек сауда бағасынан тұрады. Бензиннің көтерме сауда бағасы қанша? Мұнайды өңдеуге беруші мұнайды АМӨЗ-ге жеткізген кезде мыналарға ақы төлейді: шикізаттың өзіндік құны – 55 000 теңгеге жуық немесе 17 долл/баррель (Argus агенттігінің деректері бойынша); АМӨЗ-де мұнай өңдеу қызметтері – 41 466 тг/тн; өндірушінің акцизі немесе бензиннің көтерме сауда акцизі (дизель отыны) – 24 435 тг/тн (540 тг/тн); цистернаға құю-жинау – 2 900 тг/тн;  АМӨЗ-ге мұнайды өңдеуге беруші октанарттырушы қоспаны өзі жеткізеді, мұнайдың зертханалық зерттеулері бойынша шығындарды, банк қарыздарының қызметтерін өзі төлейді, мұның бәрі 3 000 жуық тг/тн құрайды. 

Барлық шығарылатын өнімдерге мұнайдың құнын бөлген кезде мұнайдың нарықтық құнына және бір тонна мұнайды өндіру үлесіне негізделген мұнай өнімінің әрбір түрінің меншікті салмағын есептеу механизмі ескеріледі. Мұнай өнімдерінің ортақ корзинасында Аи-92 бензинін өндіру үлесі шамамен 19% құрайды. 

«АМӨЗ шығаратын өнімдер корзинасын және мұнай және оны өңдеу құнына барлық линейканың бөлінетінін ескерсек, 1 тонна бензиннің өзіндік құны 127 000 тг/тн құрайды, оны литрге аударсақ (1000 литр шамамен 750 кг тең деген мәнге сүйене отырып) ҚҚС-ны қоспағанда 95 тг/литр бензин құны шығады», - деп атап көрсетті Болат Ақшолақов. 

ЖҚС-да бензиннің бөлшек сауда бағасы зауыттан станцияға жеткізгенге дейінгі барлық ілеспе шығындарды ескере отырып МӨЗ-дегі көтерме сауда бағасынан құрылады, оның ішінде: МӨЗ-дегі көтерме сауда бағасы (цифрларды түсіну қолайлы болуы үшін біз мұнда ҚҚС-ны қоспаймыз, ол ең соңында қосылады): 95 тг/литр + 4 тг/литр (мұнайды өңдеуге берушінің маржасы)=99 тг/литр; МӨЗ-ден өткізетін өңірге жеткізу (Қостанай Орал) – 11,5 тг/литр; мұнай базасында сақтау шығындары – 4 тг/литрге дейін; бөлшек саудада өткізушінің тұрақты шығындары (ЖМҚ ұстау, персоналдың жалақысы, ЖМҚ мен мұнай базасы арасында тасымалдау,  банк қарыздарының қызметі) – 14-15 тг/литрден бастап одан жоғары; бөлшек саудада өткізушінің маржасы (КТС ұлғайтылады) – 5 тг/литр. Бұл ретте Ақтөбе және Атырау облыстарының ЖМҚ маржиналдығы жоғары; бөлшек сауда акцизі – 0,4 тг/литр; ҚҚС – 16 тг/литр.

«Барлық көрсеткіштерді жиынтықтай отырып, біз ЖМҚ-дағы қазіргі бөлшек сауда бағасын шығарамыз – 150-152 тг/лит, мұнда ЖМҚ стелласындағы баға дейінгі барлық шығындардың тізімі қамтылған», - деп атап өтті Қауымдастық басшысы.

Осыған қарамастан, «KAZENERGY» деректері бойынша ҚР МӨЗ-дегі мұнай бағасы бойынша өзекті деректер Argus, Thomson Reuters ақпараттық агенттіктері шығаратын көздерде ашық жарияланады. ҚР МӨЗ, бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеу механизмдерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы тауарларын  өндірушілер және жылумен жабдықтаушы ұйымдар  тұтынатын отынға жеңілдікті баға белгілеу жөнінде 206 жылға дейін заңды түрде қолданылған ережелер шеңберінде, мұнай өндіруші ұйымдар мұнайдың экспорттық құнынан елеулі дисконт ұсына отырып ішкі нарыққа жеткізіп отырды. Бұл ретте ҚР МӨЗ жүктемесін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылар өздері өндіретін көлемнің 70% ұсынады.  Жекелеген кезеңдерде бөлшек сауда бағасының өсуін болдырмау үшін мұндай баға кеміту  мұнайдың бір тоннасына 60-70$ құрады, яғни бір баррельге 10$ дейін жетті деп хабарлайды Қауымдастық. 

«Мұнайдың 25$/баррель бағасы Қазақстандағы өңдеу нарығына сыни болып табылады деп айту – әділетсіз пікір. Ұлттық валюта бағамын, ішкі нарықта бөлшек сауда бағасын қалыптастырудың мемлекеттік реттеу шараларын, мұнай өнімдерінің экспортталатын түрлерін өткізетін нарықтағы мұнай өнімдерінің белгіленген бағасын ескеру керек. Нәтижесінде мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда бағаларының кез келген ауытқулары мұнай өндіруші компаниялардың шикі мұнайды өткізу құнына әсер етеді. Егер мұнай өнімдерінің бағасы өссе, жер қойнауын пайдаланушы өткізілген мұнайдан көп табыс алады. Сәйкесінше, дайын өнімнің бағасы құлдыраған кезде, мұнай өндірушілердің табысы да азаяды», - деп түйіндей келе, мұнайды өңдеуге берушінің (трейдер) маржасына қатысты жоғарыда айтылғаннан анықталғандай, ол болмашы әрі өзгеріссіз қалады – трейдер баға өзгерістерінен қосымша табыс түсірмейді дейді Болат Ақшолақов.

                                               
                                            ҚР МӨЗ өндірілетін өнімнен неге пайда түсірмейді

Қауымдастықтың Бас директоры Болат Ақшолақовтың деректері бойынша ҚР МӨЗ мұнайды өңделме схема бойынша өңдейді, яғни мқнай өңдеу бойынша қызмет көрсетеді, мұның өзі мұның өзі жаңғыртуға тартылған қарызға қызмет жасау, персонал ұстау, технологиялық жабдықтарға қызмет жасау, акционерге дивиденд төлеу үшін МӨЗ табыс көзі болып табылады. 

«Мұнайды әрі қарай өңдеу және дайын өнімді өткізу мақсатында өз бетінше мұнай сатып алу үшін МӨЗ-де жеке қарыз қаражат болуы тиіс, бұл кезеңде МӨЗ-де ондай мүмкіндік жоқ» - деп атап көрсетті Қауымдастық басшысы. 
Сонымен бірге, оның айтуынша, мұнай өңдеу нарығының ірі қатысушыларының бірі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ болып табылады, ол мұнай өңдеу өнімдерін өткізуден түсетін табысты шоғырландырады.

«Қазақстандық мұнай саласы үшін тиімді төмен баға туралы мәселеде 25$/баррель  деп айту қате пікір. Бұл баға Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ бірқатар мұнай өндіруші елдердің экономикасы үшін аса тиімсіз баға», - деп аяқтады өз сөзін Болат Ақшолақов.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды