• Басты
  • Мұнай бағасының төмендеуі: Бұл жағдай 1-2 жылға созылуы мүмкін
18 Наурыз, 2020 17:03

Мұнай бағасының төмендеуі: Бұл жағдай 1-2 жылға созылуы мүмкін

Мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне байланысты жақын арада мұнай бағасының жағдайы дұрысталады деп айту қиын. Бұл жағдай 1-2 жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағы төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов  мұнай нарығындағы жағдай жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Straetgey2050.kz тілшісі.

Мұнай бағасының төмендеуі: Бұл жағдай 1-2 жылға созылуы мүмкін

Оның сөзінше, қазір әлемдегі жағдай, атап айтқанда коронавирус инфекциясының таралуы мұнай бағасының төмендеуіне алып келді. Тек бұл емес, сонымен қоса мұнай өндіруші мемлекеттердің арасындағы сауда соғысы мұнай саласын кері әсерені тиігізіп жатыр деді ол.

"Мұнай нарығында үлкен толқыныс жүріп жатыр. Мқнай бағасының тқрақтылығына ықпал ететін ірі көлемде тқтынатын Қытай мемлекеті коронавирус індетіне байланысты мқнайға деген сұраныстың ауқымды мөлшерде азайтты. Оған қосымша мемлекетаралық әуе қатынастарына, суда жүретін танкерлерге қойылып жатқан шектеулер оған әсерін тигізіп жатыр. Енгізіліп жатқан каратинге байланысты автокөлік қозғалысының азаюы мұнайдың сұранысына кері әсер етуде. Оның сыртында мұнай өндіретін мемлекеттердің сауда соғысы мұнай саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді", - деді Рашид Жақсылоқов.

Оның айтуынша, мұнай бағасы жағдайының қашан оңалатынын айту оңай емес, тіпті бір-екі жылға созылуы мүмкін.
"Жоғарыдағы деректерге сүйене отырып, 2020 жылы мұнайға деген сұраныстың өте төмен болатнын және мұнай бағасының жағдайы оңалады деп айту қиын. Шамамен бұл жағдай біздің болжамымыз бойынша 1-2 жылға созылуы әбден мүмкін. Қазір тек Қазақстанның экономикасы ғана емес, бүкіл дүниежүзінің экономикасы сын сағатты басынан өткеріп жатыр", - деді ол.

Сонымен қоса төралқа төрағасы мұнай бағасының төмендеуі еліміздің экономикасына кері әсер етіп жатыр. Мемлекет қомақты қаржы жоғалтады.

""Мұнай және газ өндіруші мекмелер еліміздің бюджеті кірісінң басым бөлігін құрап отыр. Ұлттық қорға құйылатын трансфер - 3,4 трлн теңге, сатылған өнімге салынатын баждың төлем кірісі - 1 трн теңге, егер мұнай бағасы 25 долларға түссе, баждың төлемі төленбейтін болады. Мұнайға қызмет көрсету саласының бюджетке беріп отырған қаржысы 500 млрд теңгенің үстінде. Мұнай бағасы бүгінгідей көрсеткіште болатын болса, экспорттық кіріс 3 есеге азаяды. Бюджеттің ішкі айналым өніміндегі тапшылығы 1-2 пайызды құрайды. Өздеріңіз байқағандай, қомақты қаражат еліміздің бюджетіне түспейді", - деді Рашид Жақсылықов. 

Оның сөзінше, Тоғжанов бастаған үкімет мүшелері мұнайлы өңірлердегі кәсіпкерлермен кездесу өткізген. Кездесудің басты мәселесі - әр жұмыс орнын сақтап қалу екенін айтқан ол: " Мұнай мен газ саласында 2 мыңнан аса кәсіпорын бар.  Шамаамен 200 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтылып отыр. Мұнай бағасы төмендеген сайын мұнай өндіруші компаниялар шығынын үнемдеу үшін іс-шараларын арттырмақ", - деді төралқа төрағасы. 

Назерке Сүйіндік


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды