• Басты
  • МӘМС жүйесі бойынша барлық азаматқа бірдей медициналық көмек көрсетіледі
9 Қазан, 2019 10:02

МӘМС жүйесі бойынша барлық азаматқа бірдей медициналық көмек көрсетіледі

Қазіргі таңда елімізде ҚР Президенті мен Елбасы тапсырмасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта азаматтардың жүйеге қалай тіркелетіні, жүйе арқылы қандай медициналық қызмет алуға болатыны жөнінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының халықпен жұмыс істеу департаментінің менеджері Айтолқын Сұлтановамен сұхбаттасқан едік.
МӘМС жүйесі бойынша барлық азаматқа бірдей медициналық көмек көрсетіледі | Strategy2050.kz

Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген барлық ҚР азаматына бірдей медициналық көмек көрсетілетін болады.

«Келер жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелген барлық азамат медициналық қызметтерді екі пакет бойынша пайдалана алады. Оның бірі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК), екіншісі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі.
МӘМС пакеті бойынша көрсетілетін медициналық көмек азаматтар немесе жұмыс орны төлейтін жарнаның мөлшеріне байланысты емес. Аталған жүйе бойынша барлық азаматқа бірдей медициналық көмек көрсетіледі. Мәселен, ауылдық жерде тұратын азамат қалалық азаматпен салыстырғанда аз жарна төлесе де, бірдей медициналық көмек алуға мүмкіндігі бар», - деді Ақтолқын Сұлтанова.

Сондай-ақ, Ақтолқын Сұлтанова атап өткендей, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әрбір азамат жарна аударады.

«Қазіргі таңда қордың заңына сәйкес тек қана жұмыс берушілер жұмыскерлері үшін аударым аударуда. Аударым мөлшері әр азамат жалақысының 1,5 пайызын құрайды. Алайда, жұмыскерлердің жалақысынан ұсталмайды, жұмыс беруші яғни компания төлейді. Ал 2020 жылдан бастап жұмысшы жалақысының 1 пайызы жарна ретінде ұсталады. Ал, дара кәсіпкерлер 1,4 айлық көрсеткіштің бес пайызын төлейді», - деді ол.

Бұдан бөлек, ол МӘМС жүйесінің іске қосылуы халық үшін үлкен қолдау екенін атап өтті. Мәселен, белгілі бір әлеуметтік топтар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарнаны мемлекет төлейтін болады.

«Азаматтардың жеңілдік берілген 15 санаты үшін жарнаны мемлекет төлейді. Олардың қатарына балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, жұмыс істемейтн жүкті әйелдер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедек балаларға күтім жасаушылар, зейнеткерлер, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, мемлекеттен әлеуметтік көмек алатын азаматтар кіреді», - деді ол. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, әр азамат медициналық орталықты өзі таңдау құқығына ие. 

«2020 жылға дейін әр азамат өзіне қажетті медициналық орталықты таңдап алуға құқығы бар. Сайтта қормен келісімге отыратын орталықтардың тізімі көрсетілген. Бәсекелестікті тудыру мақсатында біз тек мемлекеттік медициналық мекемелермен ғана емес, сондай-ақ, жеке медициналық орталықтармен де келісім-шартқа отырамыз. Сондай-ақ, бұл жүйе арқылы қажет болған жағдайда азаматтар жоғары технологиялық ота жасату мүмкіндігіне де ие болады», - деп атап өтті ол. 

Бұдан бөлек, оның айтуынша, қыркүйек айынан бастап байланыс орталығы ашылған. Бұдан былай кез келген азамат 1406 нөміріне хабарласып, жүйеге қатысты барлық сұрақтарға жауап ала алады. Сондай-ақ, қандай да бір мекемеге азаматтар тарапынан шағым түссе, оны өз құзыретіміз шегінде қарайтын боламыз, деп түйіндеді ол сөзін.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды