- Басты
- Жаңалықтар
- МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады
Бүгін елордада Медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалы мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «МӘМС: медициналық қызметтер, КВИ және медицина қызметкерлерінің үстемеақысы» тақырыбында онлайн баспасөз мәжілісі өтті. Брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров 2021 жылға медициналық қызметті сатып алуға бөлінген қаражат, короновируспен ауырған науқастарға медициналық көмек үшін бөлінген қаражат, пандемия кезіндегі ақысыз медициналық қызмет, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Филиал директорының мәлiметiнше, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша тұрғын халыққа медициналық көмек көрсету үшiн 17,2 млрд теңге, оның iшiнде тегiн кепiлдендiрiлген медициналық көмек көлемi (ТМККК) аясында – 9,2 млрд теңге, ал медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетiндегi медициналық қызметтерге – 8,0 млрд. теңге қарастырылған. Қазiргi уақытта Қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 108 медициналық қызмет жеткiзушiмен шарт жасады, оның 71-i – жекеменшiк клиника.
«Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететiн жекеменшiк қызмет жеткiзушiлер үлесi артуда. Бұл пациенттiң үздiк клиниканы таңдауына мүмкiндiк бередi», - дедi ол.
Оның айтуынша, 2021 жылы Қор амбулаториялық-емханалық деңгейдегi медициналық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн кеңейтiп, күндiзгi стационар қызметiн қаржыландыру көлемiн көбейтуде, бiршама қаржы пандемия жағдайын және цифрландыру мүмкiндiктерiн ескере отырып, қашықтықтан көрсетiлетiн медициналық қызметтердi одан әрi енгiзуге жұмсалады.
Медицина қызметкерлерiн ынталандыру үстемақысы
Сонымен қоса, ол Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры COVID-19 және вирустық пневмониямен күресуге жұмылдырылған медицина қызметкерлерiне қосымша ақы төлеудi жалғастырып жатқанын атап өттi. Оның мәлiметiнше, елордада 2021 жылдың 5 айында осы iндетпен күресуде аянбай көмек көрсеткен 22 517 медицина қызметкерiне 8,9 млрд. теңгеден аса үстемеақы төлендi, оның iшiнде ағымдағы жылдың қаңтар айында елордадағы 3 614 медицина қызметкерi 1,3 млрд. теңгеге жуық сомада үстемеақы, ақпанда 4 019 медицина қызметкерi 1,4 млрд. теңгеге жуық сомада үстемеақы, наурыз айында 4 081 медицина қызметкерi 1,5 млрд. теңгеден аса сомада үстемеақы, сәуiр айында 5 759 медицина қызметкерi 2,3 млрд. теңгеден аса сомада үстемеақы алған. Ал, мамыр айы үшiн 5 044 медицина қызметкерiне 2,4 млрд. теңгеге жуық сомада үстемеақы төленген.
«Еңбек жағдайларының қауiптiлiк дәрежесiне байланысты медицина қызметкерлерiн көтермелеу сомасы 20, 10 және 5 ЕТЖ құрайды. Ең жоғары мөлшерлеме инфекциялық стационарлар мен реанимациялардың дәрiгерлерiне, орта және кiшi медициналық персоналына, провизорлық стационарлардың қызметкерлерiне, жедел медициналық көмектiң, оның iшiнде МСАК жанындағы дәрiгерлер мен фельдшерлерге, ең төмен мөлшерлеме – карантиндiк стационарлардың, шұғыл стационарлар мен МСАК ұйымдарының қабылдау бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне, зертханалардың мамандарына, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң қызметкерлерiне арналған», - дедi Нұрлыбек Қабдықапаров.
Тиiсiнше:
қауiптiң 1-тобы бойынша – 8 861 қызметкерге 5,7 млрд. теңге сомасында, қауiптiң 1-тобы үшiн айына бiр қызметкерге бөлiнетiн үстемеақы мөлшерi 850 000 теңге (20АЕК) ;
қауiптiң 2-тобы бойынша – 5 456 қызметкерге 2 млрд. теңге сомасында, қауiптiң 2-тобы үшiн айына бiр қызметкерге бөлiнетiн үстемеақы мөлшерi 425 000 теңге (10АЕК);
қауiптiң 3-тобы бойынша – 8 200 қызметкерге 1,3 млрд. теңге сомасында үстемеақы төлендi, қауiптiң 3-тобы үшiн айына бiр қызметкерге бөлiнетiн үстемеақы мөлшерi 212 500 теңге (5АЕК).
Оның сөзiнше, COVID-19 және вирустық пневмониямен күресуге жұмылдырылған денсаулық сақтау саласы қызметкерлерiнiң үстемеақы мөлшерi олардың әр айда iстеген нақты жұмыс сағаттарына қарай берiледi.
«Осы жерде айта кетейiк, Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры қаржы операторы рөлiн атқарады. Егер медицина қызметкерiнде үстемеақы есептеу бойынша сұрақтар туындаса, ол жедел штаб жанындағы өңiрлiк комиссияға жүгiнуi қажет. Өңiрлiк комиссиялар ай сайын үстемеақы алушылардың тiзiмiн жасайды және оларды ӘМСҚ-на жiбередi. Комиссия құрамына Өңiрлiк бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгер, Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры филиалының, жергiлiктi денсаулық сақтау басқармасының және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кiредi», - дедi мекеме басшысы.
Нұрлыбек Қабдықапаровтың дерегiнше, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың 5 айында коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы iс-шараларды қаржыландыру 16,38 млрд теңгенi құраған. Оның iшiнде:
- медицина қызметкерлерiне үстемеақылар – 8,97 млрд млрд. теңгеге жуық;
- медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөнiндегi қызметтерге – 5,86 млрд теңге, карантиндiк және инфекциялық стационарларға 29 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды және емделдi;
- КВИ таралуын болдырмау үшiн стационар аясында үйге кеп көрсетiлетiн медициналық көмекке – 574 мың теңге, 20 адам емделдi;
- ПТР диагностика қызметiне – 1,31 млрд теңге, 162 мың ПТР-тест жасалды;
- мобильдi бригадалардың шығуына – 238 млн теңге, 41 мың шақыртуға шықты.
COVID-19: постковид синдромы – медициналық оңалт
Оның сөзiнше, елорда тұрғындары коронавирустық инфекция және пневмония кезiнде медициналық көмектi медициналық сақтандыру жүйесiндегi мәртебесiне қарамастан тегiн алған.
«Коронавирус инфекциясы ковидтен кейiнгi түрлi асқынулармен ауырғандар үшiн қауiптi. Қор елiмiздегi оңалту шараларын, оның iшiнде ковидпен ауырғаннан кейiнгi оңалту шараларын дамытуды барынша қолдайды, бұл қауiптi созылмалы аурулардың ерте сатыда дамуының алдын алуға мүмкiндiк бередi», - дедi ол.
Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы оңалту қызметтерiн көрсететiн 45 медицина ұйымымен келiсiмшарт жасаған. Олардың iшiнде жекеменшiк – 20, мемлекеттiк – 22, республикалық – 3 медицина ұйымы бар.
Жалпы, медициналық оңалту үш кезеңнен тұрады:
Бiрiншiсi ауруы асқынып тұрған науқастарға, хирургиялық операция жасатқан, жарақат алған адамдарға арналған. Ол стационарлардың құрылымдық бөлiмшелерiнде жүргiзiледi.
«Егер пациенттi ауруханаға жатқызу қажет болмаса, медициналық көмек көрсетiлгеннен кейiн және негiзгi ауру емделiп болғаннан кейiн пациент оңалтудың екiншi немесе үшiншi кезеңiне жiберiледi», - дедi Нұрлыбек Қабдықапаров.
Оңалтудың екiншi кезеңi мамандандырылған бөлiмшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдары, мамандандырылған оңалту орталықтары мен көпбейiндi стационарлар базасында өтедi. Бұл кезең ауру басталған сәттен бастап тоғыз ай iшiнде жүргiзiлуi қажет. Курстың ұзақтығы мен жиiлiгi нозологияға, науқасты денсаулық жағдайына, тағы да басқа факторларға байланысты.
Үшiншi кезеңде медициналық оңалту емхана-амбулатория деңгейiнде, күндiзгi және тәулiк бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, шипажайлар мен курорттарда, үйдегi стационар жағдайында, сондай-ақ қашықтықтан жүргiзiледi. Курстың жиiлiгi мен ұзақтығы пациенттiң денсаулығына қарай белгiленедi.
Коронавирустан жазылған соң оңалтудан өтуге бола ма
«Коронавирустық инфекциямен немесе орташа, ауыр және аса ауыр деңгейдегi пневмониямен ауырған пациенттер Медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебiнен оңалтудан өте алады. Азаматтар үйiнде емделдi ме, әлде ауруханада емделдi ме, оған қарамайды. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитолог маманның қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша берiледi», - Нұрлыбек Қабдықапаров.
Оңалту қажеттiгiн бағамдау барысында, оның сөзiнше, тыныс алу органдарының қызметi, күнделiктi өмiрге қабiлетi тексерiледi.
КВИ кезiнде дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету
Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәлiметiнше, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша COVID-19 короновирус инфекциясымен күрес аясында амбулаториялық деңгейде 2021 жылдың 5 айында 81,89 млн теңге сомасына 19 908 рецепт бойынша 14 886 пациент антибактериалдық, ыстық түсiретiн препараттармен және антикоагулянттармен қамтамасыз етiлген. Оның iшiнде COVID-19 коронавирус инфекциясы. U07.1; Коронавирус COVID-19, идентификацияланбаған вирус (U07.2) диагноздары бойынша 69,98 млн теңге сомасына 10 818 рецептiмен 7 562 пациент дәрiлiк заттармен қамтамасыз етiлген.
«COVID-19дың жеңiл түрiмен ауырған науқастар, ПТР-тест нәтижесiне қарамастан, тек емдеушi дәрiгерiнiң тағайындауы бойынша ыстық түсiретiн дәрiлер мен антикоагулянттарды өзi тiркелген емханадан ала алады», - дедi ол.
Еске салайық, МӘМС жүйесi бойынша, медициналық көмек алу бойынша, тағы да басқа сұрақтар туындаған жағдайда Қордың елордалық филиалына 1406 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильдi қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, Қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады.

-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр

