• Басты
  • МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы

МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы

20 Қаңтар, 2021 17:37

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов 2020 жылға арналған ӘМСҚ жұмысының қорытындылары және 2021 жылға арналған негізгі міндеттер жөнінде айтып берді. Оның сөзінше, өткен жылы халықтың 85 пайызы МӘМС жүйесіне тіркелген. 2021 жылы да тұрғындарды тіркеу жұмыстары жалғасады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

МӘМС-ке кімдер тіркелді

Басқарма төрағасының мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша халықтың 85%-ы тіркелген, яғни 15,9 млн адам тіркелген. Карантин шараларына, сонымен бірге осы кезеңдегі бизнестің төлем қабілетінің төмендігіне қарамастан, бірінші жыл ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар санын 1 миллион адамға көбеюге мүмкіндік берді. Нақтырақ айтсақ, 2020 жылғы қаңтардағы дерек бойынша, 14,9 миллион адам болса, биылғы қаңтардағы мәліметке сүйенсек, 15,9 миллион адамға жеткен.

Сонымен қоса, Болат Төкежановтың сөзінше, МӘМС жүйесінен 3 млн-нан астам қазақстандық тыс қалған. Дегенме, олар кез келген уақытта тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуға құқылы.

«Қор әкімдіктермен және бейінді министрліктермен бірлесіп, халықты МӘМС-ке тарту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыратын болады», - деді басқарма басшысы.

 ӘМСҚ-на қанша теңге аударылды

Оның дерегінше, 2020 жылдың 12 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) шамамен 550 млрд теңге аударылған. Ең ірі соманы мемлекет азаматтардың 15 жеңілдік санаты үшін 297,6 млрд теңге төлеген. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін аударымдарының жалпы сомасы 162,6 млрд теңгені немесе 30%, жеке тұлғалар жарналарының үлесі 16%-ды құраған.

«2020 жылы Қордың медициналық қызметтерді сатып алу жоспары 1 807 млрд теңгені құрады және 2019 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артты. 1 237,7 млрд теңге ТМККК, 569,3 млрд теңге МӘМС-ке жұмсалды», - деді Болат Төкежанов.

МӘМС аясында халыққа қандай көмек көрсетілді

Басқарма төрағасының мәліметінше, есепті кезеңде халыққа амбулаториялық деңгейде 215 млн қызмет көрсетілген. 110 млн-ға жуық қабылдау жүргізіліп, оның 33 млн-ы бейінді мамандар, зертханалық зерттеулер саны - 65 млн, диагностикалық процедуралар -11 млн, оның ішінде 454 мың КТ / МРТ, 2,8 млн УДЗ, 13,5 мың ПЭТ диагностика жүргізілген.

Сонымен қатар, оның сөзiнше, өткен жылы күндiзгi стационарға 1 млн астам емдеуге жатқызылған. Атап айтқанда, МӘМС жүйесiнде - 578 мың, ал 2,7 млн жуық пациент тәулiк бойы жұмыс iстейтiн стационарларда ем алған. Бұл әлеуметтiк мәнi бар ауруларды есепке алмағанда. Ал, шұғыл госпитализация жағдайлары айтарлықтай төмендеген.   

Сондай-ақ, ол Медициналық сақтандыру қаражаты есебiнен 10 мыңға жуық жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетiлгенiн атап өттi. Әрбiр емделген жағдайдың орташа құны - 3,2 млн теңге.

Сонымен қоса, оның айтуынша, мүмкiндiгi шектеулi балалардың санын көбейтуге мүмкiндiк туған. Шала туылған нәрестелердiң ретинопатиясын емдеу операциялары бiр жарым есеге, электромагниттiк есту аппаратын имплантациялау саны 1,5 есеге өскен. Осындай бiр араласудың орташа құны орта есеппен 5,5 млн теңгенi құрайды.

«Медициналық сақтандырудың тағы бiр бастамасы - халық үшiн оңалтудың қолжетiмдiлiгiн арттыру болды. Егер 2019 жылы медициналық қалпына келтiру iс-шараларын 64 ұйым жүргiзсе, 2020 жылы 559 ұйым ұйымдастырды», - дедi басқарма төрағасы.

Коронавирус пандемиясы кезiндегi ӘМСҚ жұмысы

Болат Төкежановтың дерегiнше, коронавирус инфекциясымен күрес шеңберiнде iс-шараларды қаржыландыруға аталмыш қор 187,7 млрд теңге, оның iшiнде денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметкерлерiне үстемеақыға - 110,9 млрд теңге, медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөнiндегi қызметтерге – 53,9 млрд теңге, ПТР диагностика қызметтерiне – 19,7 млрд теңге, мобильдi бригадалардың шығуына - 3,2 млрд теңге жұмсап, 550 мыңға жуық сапар ұйымдастырылған.

«Наурыздан желтоқсанға дейiн 384 мың адам провизорлық, карантиндiк және инфекциялық стационарларға жатқызылды және емделдi. Бiр жыл iшiнде жарты миллионға жуық медицина қызметкерлерi қауiп-қатер деңгейiне байланысты жалақыға үстемақы алды. Жақында ынталандыру үстемелерi 2021 жылдың бiрiншi жартыжылдығында да төленедi деген шешiм қабылданды», - деп атап өттi ол.

Дегенмен, оның айтуынша, қор 2020 жылы пандемияға байланысты бастамалардың кейбiр бөлiгiн жүзеге асыра алмаған 

«Бiрақ олардан бас тартпаймыз және осы жылы оларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Бұл ең алдымен амбулаториялық-емханалық деңгейдегi көмек, мектеп медицинасы, стационарды алмастыратын көмек, оңалтуды кеңейту және басқаға қаржыландыруды ұлғайту арқылы медициналық қызметтерге қолжетiмдiлiктi арттыру», - дедi басқарма төрағасы.

2021 жылға қандай мiндеттер қойылды

Сонымен қоса, ол 2021 жылғы желтоқсанның басында қор ТМККК және МӘМС пакеттерi бойынша Медициналық қызметтердiң негiзгi көлемiне шамамен 1,5 трлн теңге сомаға сатып алуды жариялағанын атап өттi, болжам бойынша бұл сома 20%-ға өседi деп күтiлуде.

«Дәрiгерлердiң жалақысын 30% дейiн және орта медициналық қызметкерлердiң жалақысын 20% дейiн арттыру, сондай-ақ ауылды жерлерде медициналық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн арттыру жоспарланған, осы бағыт бойынша қаржыландыру көлемi 20%-ға өседi», - дедi ол.

Сонымен қоса, ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ЭКҰ қызметтерiнiң саны жетi есеге артқанын тiлге тиек еттi. Егер 2020 жылы 1000 астам отбасы ана мен әке атануға мүмкiндiк алса, 2021 жылы олардың саны 7 мыңға дейiн артпақ.

«Қор медициналық қызметтердi қаржыландыру бойынша өз мiндеттемелерiн тұрақты орындағанына қарамастан, пациенттiң жолында түрлi кедергiлер туындайды. Олардың қатарында бiрлесiп орындау шарттарының болмауы, жеткiлiктi техникалық жарақтандырылуы, бейiндi мамандардың тапшылығы, бұл ұзақ күтуге, қандай да бiр қызметтердi, әсiресе КДУ ұсынудан бас тартуға алып келедi. Бұл денсаулық сақтаудың жүйелi проблемалары, оларды медициналық ұйымдардағы менеджмент деңгейiн арттыру, инфрақұрылымды қосымша қаржыландыру, медицина қызметкерлерi үшiн тартымды еңбек жағдайларын жасау арқылы бiрлесiп шешу қажет», - дедi басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау жүйесiнiң негiзгi қатысушысы ретiнде Қор 2021 жылы осы мәселелердi бiрлесiп шешу жұмыстарын жалғастырады, бұл ретте басты мақсат пациенттердiң құқықтарын қорғау болмақ.

Барлық жаңалықтар