- Басты
- МӘМС: Қазақстандықтар тіркелетін емханасын өзі таңдай алады
МӘМС: Қазақстандықтар тіркелетін емханасын өзі таңдай алады
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес сақтандыру қоры ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес 2019 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаларда тіркелу науқаны басталатындығын мәлімдеді.

Қордың мәліметінше науқан тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізілмек. Азаматтар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарына тіркелу туралы өтініш бере алады.
2020 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде қызметтер көрсетіле бастайтындықтан 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін қазақстандықтар емханаға тіркелуі қажет. Жыл басынан бері емханаға тіркеу eGov электронды үкімет веб-порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны қолданып жүргізіледі.
«Бастапқы медициналық-санитарлық көмек беретін халықты тіркеумен айналысатын емханалар мен клиникалар – кепілдендірілген медициналық көмек пакеті бойынша қызмет көрсететін болады. Оған: учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер, тіркелген емханадағы медбике сынды мамандар қызметі кіреді. Ол мамандар мынадай қызметтерді: профилактикалық екпелер мен скринингтер, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды дәрігерлік бақылау, созылмалы аурулар (25 топ бойынша) әлеуметтік маңызы бар ауруларды (онкология, туберкулез, ВИЧ, психикалық аурулар) динамикалық бақылау сынды медициналық қызмет түрлерін көрсетеді», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.
Дегенмен, міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатыспайтын қазақстандықтар, Қазақстанға уақытша тұруға келген шетелдіктер, туристер шұғыл медициналық көмек ала алады, терапевке қаралып (созылмалы ауру асқынғанда), диагностикалық көмек, соның ішінде лабороторлық дигностикалық қызмет ала алады. Сондай-ақ қазақстандықтар мамандардан салауатты өмір салты, репродуктивтік денсаулық мәселелеріне қатысты кеңес алуына мүмкіндігі бар.
Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысатын азаматтар көмектің екінші деңгейін ала алады. Оған: операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы секілді медициналық қызметтер кіреді.
Осы жылғы емханаға тіркелу науқанында айтарлықтай өзгерістер бар көрінеді. Осы орайда нормативтік базаға өзгерістер енгізіліп, отбасылық принципке басымдық беріледі. Ол бойынша, ата-анасы да, балалары да бір емханаға тіркелгені жөн болып саналады. 18 жасқа толмаған азаматтар болса, оларды заңды өкілі ғана тіркеу мүмкіндігіне ие. Тұрғындар кез-келген медициналық мекемеде тіркелуге мүмкіндігі бар. Алайда бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекеме жүктемесі шектен асып кеткен жағдайда мекеменің өзі қызмет көрсететін аймақтан тыс жерде тұратын азаматтарды тіркеуден бас тартуы мүмкін.
Қазақстандықтар емханаға тіркелуге қатысты мәліметтерді жалпы тәжірибедегі емдеуші дәрігерден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру fms.kz ресми сайтынан немесе 1406 бірыңғай байланыс орталығынан біле алады.
Egov.kz порталы арқылы емханаға тіркелу кезінде электронды цифрлық қолтаңбаңыз арқылы «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдап, одан кейін «Медициналық көмек - қызметтер», «Алғашқы медициналық –санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» - «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, электронды форманы толтырып, сұраным жіберу керек. Нәтижесінде пайдаланушы пациент емханаға бір күнде тіркеле алады. Тіркелу кезінде тұрғын ең алдымен, қызметті көрсететін компаниялар тізімінен тиісті емханасын таңдауы тиіс. Мамандардың сөзінше, денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселенің бірі – бастапқы медициналық-санитарлық көмектің рөлін күшейтіп, халықты жақын маңдағы қолжетімді учаскелермен, жалпы практика дәрігерімен қамтамасыз ету.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ қазақстандықтарға тіркелу науқаны аяқталмастан бұрын емханаға тіркелген-тіркелмегеніңізді анықтап қоюға кеңес береді. Айлада жедел көмек көрсету жағдайлары туындаған кезде науқас кез-келген емханадан, оған тіркелмей-ақ, қызмет алу мүмкіндігіне ие. Көші-қон немесе басқа да себептермен мекенжай ауысқан кезде науқаннан тыс, кез-келген уақытта азаматтар емханасын ауыстыра алады. Жалпы емдеу мекемесі қайта құрылса немесе Қормен келісімшартты бұзған жағдайда жылына бір рет басқа емдеу мекемесіне тіркелуге болады.
Айдана Абдрахманова
-
Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады
Қазақстан Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану бойынша үлгі бола алады. Бұл туралы «Корея түбегінің қосылуы және бейбітшілігі: Қазақстан тәжірибесі» атты семинар барысында Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэсик мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады
Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады. Бұл туралы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәжілісінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты.
14 Қараша 2019, 13:37
-
Елбасы Түркістандағы бірқатар нысанды аралады
Елбасы Түркістан қаласындағы бірқатар нысанды аралады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттер парақшасына жазды.
05 Қараша 2019, 11:42
-
Д.Назарбаева: Елдің басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды әрі күшті буын болуы тиіс
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
01 Қараша 2019, 18:38
-
Әлеуметтік кәсіпкерлер өздерін тізілімге енгізе алады
Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлер тізілімін әзірлеу жоспарлануда.Аталған тізілімді құру Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерліктің даму деңгейін бағалауға және одан әрі елдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеуге, тұтастай алғанда үкіметтік емес сектор мен кәсіпкерліктің қызметін жандандыруға, сондай-ақ ел бойынша деректерді жүйелеуге мүмкіндік береді.
01 Қараша 2019, 15:11
-
Ө.Шөкеев Түркістанның құрылыс нысандарын аралады
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
22 Қазан 2019, 17:49
-
Қазақстандағы интернет контенттің 12 пайызы ғана қазақ тілінде дайындалады
24 қазанда елімізде тұңғыш рет "Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі" деген атпен республикалық тіл форумы өтетіні белгілі. Осыған байланысты елордада аталған форумның өту барысы, мақсаты мен онда көтерілетін мәселелер жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға қатысқан Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы Анар Фазылжан Қазақстандағы интернет контенттің 12 пайызы ғана қазақ тілінде дайындалатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
22 Қазан 2019, 16:26
-
Жаңа жылдан бастап мыңдаған көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
18 Қазан 2019, 16:04
-
Министрліктің құрылымында бірқатар өзгерістер орын алады – А.Аймағамбетов
Министрлік жұмысының тиімділігін арттыру - маңызды мәселе. Бұл -ішкі бизнес-процестерді реттеу, кейбір функциялардың қайталануын болдырмау, әр қызметкерге нақты міндеттер жүктеу, бөлімшелердің жұмысын оңтайландыру мен олардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету және т. б.Біз министрлік жұмысына функционалдық талдау жүргіздік. Біраз мәселелер өзгерістерді қажет ететіндігі анықталды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
17 Қазан 2019, 17:52
-
Зейнеткерлер емханаға өтініш жазып тіркеле алады
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін алу кезінде туындаған мәселелерді шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің өкімі бойынша Азаматтардың кейбір санаттарына емханаға тіркелу қағаз жүзінде рұқсат етілген.
15 Қазан 2019, 12:32
-
Барлығы да кішкентай нәрседен басталады –АӘК алушы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Ошаған ауылында тұратын жалғыз басты ана, атаулы әлеуметтік көмек алудың нәтижесінде жеке қосалқы шаруашылығын құрып, отбасының материалдық жағдайын жақсартуға қол жеткізді.
15 Қазан 2019, 09:54
-
Б.Сапарбаев Ақтау емханаларын аралады
ҚР Премьер министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ақтау қаласындағы емханаларды аралады. Алдымен жұмыс сапары Ақтау қалалық №2 емханасынан басталды.
11 Қазан 2019, 17:30
-
Көптеген жұмыс берушілер басшылық лауазымға әйелдерге қарағанда ер адамды көбірек алады- Д.Назарбаева
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәслихат депутаттарымен, мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен және Кәсіпкер әйелдер ассоциациясының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
08 Қазан 2019, 17:54
-
Б.Сапарбаев Қарағанды облысындағы МӘМС пилоттық жобасының нәтижесін оң бағалады
Қарағандыда Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен медициналық сақтандыруға дайындық жұмыстарына арналған кеңес өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz.
04 Қазан 2019, 18:16
-
Білім саласындағы барлық қызметкерлер педагог боп саналады – А.Дүйсенбаева
Еліміздегі педагогтардың мәртебесін көтеру мақсатында жасалған «Мұғалімдердің мәртебесі туралы» заң жобасы мәжіліске жіберілді. Бұл туралы «Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы: мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспекті» тақырыпта өткен дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің басқарма басшысы Айман Дүйсенбаева айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
04 Қазан 2019, 12:44
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды