• Басты
  • Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін онлайн мектеп: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
26 Тамыз, 2020 15:53

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін онлайн мектеп: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәсіби білім беретін онлайн мектеп ашылды. Аталмыш мектептің ерекшеліктері мен мүмкіндері жөнінде Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін онлайн мектеп: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау шаралары

ҚР президенті Қ.Қ.Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің екінші отырысында мүгедектерді қолдау мен жұмысқа орналастырудың тиімді жүйесін енгізу тапсырған болатын. Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының "мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау" жобалық кеңсесінің басшысы United Nations Development Programme (UNDP) in Kazakhstan Данияр Нұрпейісовтің сөзінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірлесіп, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің 26 негізгі шараларын қарастыратын «Мүмкіндігі шектеулі жандардың экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндіктер беру» жобасы қолға алынған. Жоба іске асырудың жол картасы оңалту, бизнесті қолдау, мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпараттық технологияларға қолжетімділігін арттыру, кәсіпорындардағы жарақаттануды азайту және т.б. мәселелерді қамтиды.

Сонымен қоса Данияр Нұрпейісов мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаны 2-4% көлемінде орындамайтын ірі және орта компаниялар үшін мемлекеттік сатып алуларға қатысуды шектеу бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Қазіргі жағдайда бизнесті қолдауға бірнеше рет қиын болған кезде, Министрлік мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін, олар үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін, сондай-ақ мүгедектер құрған бизнесті тұрақтандыру және одан әрі дамыту үшін әкімшілік қолдау ұсынады», - деді ол.

Сонымен қоса оның сөзіне сүйенсек, мүгедектерді жұмыспен қамту жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі жандардың түріне байланысты мүгедектерге ұсынылатын мамандықтар бойынша нұсқаулық әзірленуде. Нәтижесінде тек әдістемелік және бағдарлы материал алып қана қоймай, оны enbek.kz электрондық еңбек биржасына енгізу жоспарланып жатыр.

 

«LIDER Z» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәсіби онлайн мектебінің мүмкіндіктері 

Елімізде «LIDER Z» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәсіби онлайн - мектеп әлеуметтік жобасы басталды. Аталған жоба ерекше қажеттілігі бар жандарға компьютерлік сауаттылықты үйретумен қатар, мамандық алуға да мүмкіндік береді.

«Ерекше таңдау-Шелек» КҚ бағдарламалық директоры Захира Бегалиеваның айтуынша, жобаға қатысушылар білім алумен бірге, оқуын тәмәмдаған соң жұмысқа да орналасатырылады.

«Осы көктемде ITeachMe құзыреттіліктерді дамыту орталығы қорының мүгедектер арасында өткізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша, респонденттердің 50% -ы (345 мүгедек) цифрлық технологиялар саласындағы білімі жоқ екенін, білім алу, жұмыс табуға кері әсер ететінін айтқан. Сонымен бірге сауалнамаға еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жанда да қатысып, «цифрлық» мамандықты игергісі келетінін жеткізген. Респонденттердің 33% (234 мүгедек) бағдарламалау тілін үйренгісі келеді. Сауалнамаға қатысқандардың 52% (мүгедектігі бар 366 адам) жұмысқа орналасу үшін компьютерлік базалық дағдыларды меңгеру қажеттілігін айтқан», - деді Захира Бегалиева.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген дерекке сүйенсек, Қазақстанда 695 000 астам мүгедек адам тұрады. Оның 424 000-ы еңбекке қабілетті жаста.

«Бірақ олардың төрттен бір бөлігі ғана еңбек қызметіне тартылған. Біздің жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарға сұранысқа ие мамандық алуға және жұмыс табуға жәрдем береді. Оқуға 137 адам өтініш берді», - дейді «Ерекше таңдау-Шелек» КҚ бағдарламалық директоры.

Осы орайда Данияр Нұрпейсов те бағдарлама жөнінде ойымен бөлісті.

«Жобалық офис сонымен қатар мүгедектерді әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру мақсатында IT дағдыларына үйретумен айналысады. Бұл мәселе өте өзекті, сондықтан біз LIDER Z-мен бірге жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз», - деді Данияр Нұрпейсов.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдар жоғары білім алуға, айлығы жоғары жұмысқа орналасуға ынталы болғанымен, біздегі курстардың көпшілігі мүгедектердің арнайы білім қажеттіліктеріне бейімделмеген, мұғалімдердің жеткіліксіздігі сонымен қатар инфрақұрылымдағы кедергілер мүмкіндік бермей отыр», - деді Захира Бегалиева.

Сонымен қоса атап өту керек, ұйымдастырушылар қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты стигматизация әлі де бар екенін еске салды. Себебі көптеген жұмыс берушілер оларды белгілі бір салада жеткілікті білікті емес деп санайды. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жетістікке жеткен және өнеге тұтар жандар саны аз. Олардың пайымынша, осы «LIDERZ» жобасы бұл мәселені шешуге мүмкіндік бермек.

Фото: Ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар