• Басты
  • М. Кортюм: Қазақстанға жаңа вагондар жеткізіледі
11 Қазан, 2019 13:01

М. Кортюм: Қазақстанға жаңа вагондар жеткізіледі


Қазақстан темір жол саласы жаңа вагондармен толығады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Михаэль Кортюмнің теміржол жолаушылар тасымалын дамыту туралы баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
 М. Кортюм: Қазақстанға жаңа вагондар жеткізіледі

 "Заманауи вагондарды көмірмен жылытуға болмайды, менің ойымша, вагондар экологиялық таза болуы керек. Қазіргі қолданыстағы вагондар күрделі жөндеуді қажет етіп отыр. Қазақстандағы вагондар 30-40 жылдан бері қолданыста, сол себепті біз оларды жаңалауымыз керек. Сондай-ақ, вагон жетіспеушілігін жою мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Осы айдың соңына қарай 23 млрд теңгеге 23 жаңа вагон әкелінеді. Кеелесі аптада 19 вагон әкелінсе, 22 -сы күні тағы да 4 вагонмен толығады",- деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры.

Сонымен қатар, "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры теміржол саласына қатысты ұзақмерзімді жопарларымен бөлісті. 

"Жақында ғана Америкада климатқа қатысты конференция өтті. Жолаушылар тасымалы саласынан мен де қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімді қосқым келеді. Барлығымыз болашақ ұрпақ алдында жауаптымыз. Сол себепті көмірмен жүретін пойыздарды тоқтату керек. Бізде қазір екі мүмкіндік бар, бірі дизельді тепловоздарға фильтр қою, екіншісі -техникалық мүмкіндік, болашақта тек электр жылумен жүретін ғана пойыздармен қамтамасыз ету керек. Осылайша ғана біз қоршаған ортаны қорғай аламыз. Негізі, авто мен авиа көліктермен салыстырғанда, темір жол көліктері экологиялық тұрғыда таза, - деп атап өтті ол. 

Бұдан бөлек, ол еліміздегі қазіргі қолданыста жүрген теміржол машиналарымен, вагондарымен танысып, Қазақстанды пойызбен аралағаны туралы айтып, әсерімен бөлісті.

"Мен тальго пойызымен де, стандартты пойызбен де Қазақстанды араладым. Жер көлемі өте үлкен. Павлодар мен Алматы қаласында болдым. Пойызда қызметкерлермен, жолсеріктермен және тұтынушылармен,яғни, туристермен кездесіп, әңгімелестім. Вагондар жақсы, іші таза және халық өте жайдары. Әрине, қызмет кқрсетуге байланысты айтылып жатқан шағымдар бар. Қазір біз сондай олқылықтардың орнын толтыру үшін жаңа жеткізушелермен жұмыс істеуді қолға алдық",- деді ол.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды