- Басты
- Жаңалықтар
- Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Оның мәліметінше, 2021 жылы әлеуметтік нысандарды мүгедектігі бар адамдарға бейімдеу бойынша 800-ден астам тексеріс жүргізілген.Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.
Мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау
ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова өз сөзінде мүмкінділігі шектеулі азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет 1991 ж «ҚР-да мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» ҚР Заңы қабылданғанын еске салды. Заң көлемінде мемлекеттік саясаттың мақсаты ретінде осы азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау басты міндет болып белгіленді.Сондай-ақ, заңмен елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманғы құқықтық базасының негізі қаланған.
Оның мәліметінше, қазіргі таңда «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында (inva.gov.kz) өңірлер тұрғысында Нысандардың қолжетімділігі картасы жұмыс істеп, онда ел бойынша 35 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бейімделуі туралы мәліметтер қамтылған. Көрсетілген нысандар қолжетімділіктің 3 санатына бөлінген. Олар қолжетімді, ішінара қолжетімді, қолжетімді емес.
Қолжетімділік мүгедектігі бар адамдардың 4 санатына қатысты қарастырылуда: адам ағзасы функцияларының бұзылу сипаты, есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар және тек кресло-арбалармен жүріп-тұру мүмкіндігі жөнінде.
«2025 жылға дейінгі кезеңде 22 мың нысан ең басым болып белгіленді, бұл бірінші кезекте мемлекеттік мекемелер, ХҚКО, емханалар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандары сияқты мүгедектігі бар адамдар жиі баратын нысандар», - деді Анархан Дүйсенова.
Интерактивті қолжетімділік карта
Сонымен қатар, ол интерактивті қолжетімділік картасында жергілікті атқарушы органдар онлайн режимде мүгедектігі бар адамдар және мүмкіндігі шектеулі басқа да азаматтар үшін нысандардың жағдайын өзектендіруді жүзеге асыратынын айтып өтті. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жүргізілген бейімдеу сапасы тұрғысынан нысандарға мониторинг жүргізу бойынша қоғамдық бақылаудың өңірлік топтарының жұмысы жандандырылған.
«Нәтижесінде, өңірлердегі мониторингтік топтар 4 мың нысанда бейімделу сапасына бағалау жүргізіп, 3 569 ұсыным берілді, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 1 447 хат жолданып, 29 ұйғарым берілді», деді Дүйсенова.
Ол сондай-ақ, жіберілген заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті анықтау тәртібі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс арқылы реттелгенін айтты. Соның ішінде, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз етпеу, сондай-ақ мәдени ойын-сауық шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР заңнамасын бұзу лауазымды тұлғаларға 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 120, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтыратынын айтты.
«Айыппұлдар сомасы бақылау субъектілерінің мәртебесіне байланысты 145,8 мыңнан 1 млн 166,8 мың теңгеге дейін түрленеді. 1 жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін заңбұзушылықтар қайта анықталған жағдайда лауазымды тұлғаларға 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 150 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», – деді ол.
Нысандарды мүгедектігі бар тұлғаларға бейімдеу
Комитет төрағасы орынбасары ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Комитеттің аумақтық департаменттерінің мамандары «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарының сақталуы тұрғысынан, оның ішінде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет, көліктік қызмет көрсету салаларындағы әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде 805 тексеру жүргізгенін, оның ішінде жоспарлы тексерулер (кәсіптік бақылау) 507, жоспардан тыс 98 болғанын жеткізді.
Олардың қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 598 ұйғарым беріліп, жалпы сомасы 10,9 млн теңгеге 106 әкімшілік айыппұл салынған. Оның айтуынша, тиісті салаға пандустың болмауы, пандустардың еңістерінің сәйкес келмеуі, зағип және нашар көретін азаматтар үшін тактильді көрсеткіштердің, шақыру түймелерінің, бейімделген санитарлық тораптардың, жеделсатылардың, көтергіштердің және т. б. жоқтығы сынды келеңсіздіктер тән болып табылады.Сонымен қатар, деректерді қолжетімділік картасына енгізу қорытындысы бойынша аумақтық департаменттер барлық өңірлер бойынша нысандарды қайта тексеретінін айтып өтті.
«Мәселен, тексеру қорытындысы бойынша барлық өңірде дерлік заңбұзушылықтар анықталды. Жалпы бұл 1 701 нысан: тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 199, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін 269, есту қабілеті бұзылған адамдар үшін 268 және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін 290 нысан», – деді Анархан Дүйсенова.
Сондай-ақ, ол мүгедектердің әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мұқтаждығы мен нақты қажеттіліктерін ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарын өз бетінше таңдау мүмкіндігі бар екенін айтып өтті. Мүгедектерді қоғамға интеграциялау және кедергісіз орта құру мақсатында жергілікті атқарушы органдар Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, оның ішінде тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға қолжетімділікті ұлттық стандарттарға сәйкес қамтамасыз етеді.
Венера Жоламанқызы
фото:
Ашық дереккөз
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар