- Басты
- Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
Бүгіннен бастап бастап «Электрондық үкімет» порталында (eGov порталы) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде берілетін құжаттардың электрондық нысандарын алу қолжетімді.

Бұл қызметті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 4 наурыздағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілетін әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жұмыс барысында іске асырды.
Осылайша, eGov порталында келесі құжаттардың электрондық нысандарын алуға болады:
- мүгедектік туралы анықтама;
- жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
- кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
- кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірме;
- зардап шеккен қызметкердің көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды;
- оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірме;
- оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме;
- медициналық-әлеуметтік сараптаманың сараптамалық қорытындысы туралы хабарлама;
- толық оңалту туралы хабарлама.
Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына және мүгедектігі бар адамдардың қамқоршыларына балаға/қорғаншыға жоғарыда аталған электрондық құжаттарды алуға болады.
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» атты кітап жарық көрді
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
-
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар
-
SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты»
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Сайлаушылар дауыс беруге белсенді келуде

