• Басты
  • Мәдениет министрлігі карантин басталғалы 15 мың онлайн іс-шара өткізді – А.Райымқұлова
24 Сәуір, 2020 11:25

Мәдениет министрлігі карантин басталғалы 15 мың онлайн іс-шара өткізді – А.Райымқұлова

Мәдениет министрлігі карантин басталғалы 15 мың онлайн іс-шара өткізді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Мәдениет министрлігі карантин басталғалы 15 мың онлайн іс-шара өткізді – А.Райымқұлова
«Елімізде ТЖ енгізілген күннен бастап көптеген ұйымдар қашықтан жұмыс істеуге көшіп, барлық мәдени, бұқаралық және спорттық іс-шаралар тоқтатылды. Бірақ, қалыптасқан жағдайға қарамастан барлық спорт, туризм, мәдениет ұйымдарын қызметін қайта жүктеуге мүмкіндік ретінде қарастырып отырмыз. Министрлік жұмыстың жаңа нысандарын енгізіп, күн сайын іс-шаралар жоспарын, азаматтардың рухани-мәдени және мәдени байытылуы, әр түрлі жастағы азаматтардың спорттағы белсенділігін қолдау қажеттілігін ескере отырып, өзін-өзі оқшаулау кезеңінде халықтың зияткерлік дамуына бағыттап келе жатыр. Сахналық қойылымдарды, музей құндылықтарын, тарихи-мәдени мұра нысандарын, кітап қорларын,фильмдер мен жалпы саланы алдын ала цифрландырудың нәтижесінде халықтың бұл мәжбүрлі демалысын барынша қолайлы әрі тиімді өткізу үшін онлайн режимде іске қосылу мүмкіндік бергенін атап өту қажет», - деді А.Райымқұлова.

Сонымен қатар, министр дәрістер, вебинарлар, концерттер мен виртуалды экскурсиялар, балаларға арналған ертегілер, белгілі атлеттермен өткізілген жаттығулар, қашықтан және онлайн режимде спектакльдер мен фильмдер Мәдениет министрлігі қолға алған шаралардың тізімінде екенін атап өтті.

«Қазақстандықтардың оң пікірлерін ескере отырып, бұл жұмыстарды кейінгі кезеңде де жалғастыруды көздеп отырмыз. Мәселен, министрліктің «instagram» парақшасында «Оқырман кітабы қандай?» атты мәдениет қайраткерлері бастаған және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау көрсеткен әркім өзі оқып жатқан кітаптар мен журналдар тізімін ұсынатын челлендж оқырманның көңілінен шықты», - деді министр.

Сонымен қатар, А.Райымқұлова МСМ мен «Қазақтелеком» АҚ бірігіп «Карантиндегі жұлдыз» онлайн жобасына көрерменнің жылы пікірі айтылып жатқанын жеткізді.

«Жоба басталғаннан бері 15 млн адамды қамтыған 30 онлайн концерт өткен. Жалпы, карантин басталғалы бері онлайн режимде 15 мың іс-шара өткізілді. Оны 30 млн адам тамашалаған екен. 1 онлайн концерт бір млн аудитория жинайды. Сондай-ақ, министрліктің бастамасымен «Қазақфильм» АҚ қорындағы 223 фильм республикалық телеарналарға ақысыз негізде беріліп отыр», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды