• Басты
  • М.Әбенов: Шектеулер енгізуден басқа амал жоқ
2 Шілде, 2020 13:05

М.Әбенов: Шектеулер енгізуден басқа амал жоқ

Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Жиында еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар шара қаралды. Мәселен, көлік қатынасы, азаматтардың жүріп-тұруы бойынша шектеулер енгізіліп, бірқатар нысанның қызметіне тыйым салынды. Осы орайда Ұлттық кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбеновтің пікірін білген едік, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

М.Әбенов: Шектеулер енгізуден басқа амал жоқ

Ұлттық сенім кеңесі мүшесінің сөзінше, қазіргі жағдайда шектеулер енгізуден басқа амал жоқ. 

"Бүгінгідей вирус жұқтырғандар саны артқан кезде шектеулер енгізуден басқа амал жоқ. Үкіметтің елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау, өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау, аймақтар арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату, қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу секілді шараларын толықтай қолдаймын", - деді қоғам қайраткері.


Мұрат Әбеновтың айтуынша, бұл шаралар тек бизнес пен азаматтар үшін ғана. Сондықтан ол 14 күн ішінде нақты нендей шаралардың жасалауы керегін айтса, дұрыс болар еді деген пікірде.

"Бірақ бұл шектеулер тек азаматтар мен бизнес үшін. Үкіметтің және аймақтық биліктің осы кезеңдегі әрекеттері қайда? Бұл туралы құжатта "14 күні бойына осындай шараларды қолдану керек" деп нақты жазса дұрыс болар еді. Сонда адамдар біздің жасырынып қалмай, әрекет етіп жатқанымызды түсінеді", - деді Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі.
Барлық жаңалықтар