• Басты
  • М.Бекетаев: Қорғаушы пен прокурор құқығының теңдігі қамтамасыз етіледі

М.Бекетаев: Қорғаушы пен прокурор құқығының теңдігі қамтамасыз етіледі

30 Қараша, 2020 16:29

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Әділет министрі Марат Бекетаев мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баян етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілішісі.

Министр мемлекет басшысының сот ісін жүргізу кезінде адвокат пен прокурордың құқығының теңдігін қамтамасыз ету қажет дегенін еске салды. Оның айтуынша, осы тапсырманы орындау үшін адвокаттар қауымдастығымен бірге адвокаттардың сот ісін жүргізудегі өкілеттіктерін кеңейтетін адвокатура және заң көмегі мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер әзірленген. Қазіргі таңда заң жобасы мәжілістің қарауында.

«Әділет министрлігі 43 іс-шараның бірлесіп орындаушысы ретінде жауапты мемлекеттік органдарға кешенді құқықтық қолдау көрсетеді, сонымен қатар тиісті ұсыныстарды әзірлеуге қатысады», - деді министр.

Әділет министрлігінің басшысы сонымен қатар қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету тәсілдерін әзірлеу міндеті қойылғанын тілге тиек етті. Ол үшін Әділет министрлігі құқық қорғау органдарымен бірге тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиісті тетіктерін әзірлеу үстінде.

«Мәселен, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге түзетулер енгізу мерзімін азайтуға осы саладағы ұсынылған бастамаларды пысықтау тетіктерін күшейту арқылы қол жеткізуге болады. Мүдделі органдармен бірге «әкімшілік» және «қылмыстық» құқық бұзушылық ұғымдарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Марат Бекетаев.

Барлық жаңалықтар