- Басты
- М.Башимов: Митингтер халықаралық адам құқығы жөніндегі шарттардың аясында болуы керек
М.Башимов: Митингтер халықаралық адам құқығы жөніндегі шарттардың аясында болуы керек
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бейбіт акцияларға заң бойынша рұқсат беруді тапсырған еді. Мемлекет басшысының мұндай шешімі қоғам тарапынан да, заңгерлер мен халық тарапынан да жақсы қабылданды. Осыған байланысты белгілі заңгер, профессор Марат Башимовтың пікірін білген едік. Ол митингтер халықаралық адам құқығы жөніндегі шарттардың аясында болуы керектігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Белгілі заңгердің айтуы бойынша, халықаралық заңға сәйкес бейбіт митингтерге, шерулерге рұқсат берілген. Алайда, шерулер бейбіт акциялар өткізуге қатысты халықаралық адам құқығы жөніндегі шарттардың аясында өтуі керек.
"Жолдауда айтылған маңызды мәселенің бірі - митинг өткізу. Шеру өткізуді қалай реттеу керек, ол туралы мемлекет басшысы айтып кетті. Ата заңымызда айтылғандай, митингтер ұйымдастыруға азаматтардың құқықтары бар. Алайда, заң шеңберінде ғана, заңды түрде болуы тиіс, конституциямызды бұзбау керек. Қазір рұқсат берілді. Мәселен, мен министрліктер үйінің жанынан күнде өтем, төрт күннен бері бір жігіт пикетке шығып жүр. Айналасында адамдар да, полиция да бар. Бірақ, оған ешкім, тіпті полиция да оған тиісіп жатқан жоқ. Ақырындап көзқарас өзгереді", - деді ол.
Сондай-ақ, сөз барысында Марат Башимов халықаралық адам құқығы жөніндегі заң бойынша қандай кезде митингтерге шектеу қойылатыны туралы айтып өтті.
"Халықаралық адам құқығы жөніндегі шартқа байланысты төрт жағдайға митинг өткізуге шектеу қойылады. Біріншіден, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төнген жағдайда. Мәселен, қару пайдаланып, елде төңкеріс жасау. Ата заңымыз бойынша сайлау деген бар, сайлауға келіп, өзің ұнатқан кандидатқа дауыс бересің. Кеелесі қоғамдық тәртіп бұзылған кезде.Үшіншіден, адамның құқығы бұзылған кезде. Мысалы, басқа адамның мүлкін бұзып, дүкенін тонап, материалдық зарар келтірсе, шектеу қойылады.Төртіншіден, адамның денсаулығына зиян тигізген жағдайда шектеу қойылады", - деді заңгер.
Сонымен қатар, ол азаматтардың өз ойын айтуға құқығы бар, алайда басқа адамның құқығын бұзуға ешқандай да хақы жоқ дейді.
"Тағы бір принцип бар, 12 баптың 5 тармағында тура жазылған. "Өз ойыңды айтуға құқығың бар, бірақ басқаның басқаның құқығын бұзуға құқығың жоқ". Мәселен, темекі шеккің келе ме, арнайы орындарға барып шегуің керек, шеруге шыққың келе ме, басқа адамдардың құқығын бұзба", - дейді ол.
Назерке Сүйіндік
-
Р.Рымбаева: Әрбір сыйлы азамат өзін-өзі дамыту үшін жұмыс істеуі керек
Әрбір сыйлы азамат өзін-өзі дамыту үшін жұмыс істеуі керек,деді әнші Роза Рымбаева Президент Қ.Тоқаевтан "Қазақстанның Еңбек ері" орденін алған соң.
12 Желтоқсан 2019, 16:18
-
Қызылорда облысында 27 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы атанды
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 27 422 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 490 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 109-ы немесе 64% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
10 Желтоқсан 2019, 15:31
-
Н. Нығматулин: Шахмат – спортта дұрыс қадам жасауға үйретеді
Мәжілісте түрлі жас санаттары бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы өтті.
10 Желтоқсан 2019, 14:26
-
Қазақстанда адам құқықтарын қорғау қалай жүзеге асырылады
Елордада Құқық қорғаушылардың жаңа буын Коалициясының қызметі таныстырылды. Адам құқықтары күніне орай ұйымдастырылып отырған шарада әйелдерге қатысты тұрмыстық,физикалық зорлық мәселелері де талқыланды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
10 Желтоқсан 2019, 12:05
-
Үкімет сағатында АӘК жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру талқыланды
Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның басшылығымен кезекті Үкімет сағаты өтіп, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жаңа тәсілдері, оны іске асыру тетіктері, аталған салада орын алған проблемаларды және оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
09 Желтоқсан 2019, 17:55
-
Қостанай облысында 24 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында 24 561 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 16 305 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 287-сі немесе 81,5% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
03 Желтоқсан 2019, 13:30
-
Қазақстанда алғаш рет "Зерна" адамгершілік педагогикасының халықаралық фестивалі өтті
Алматы қаласында 5 алыс және жақын шетелдерден 1000-ға жуық қонақтарды біріктірген "Зёрна " адамгершілік педагогикасының Халықаралық фестивалі өтті.
03 Желтоқсан 2019, 10:57
-
Қарағанды облысында 43 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 43 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 33 901 адам жұмысқа орналастырылса, оның 30 621-і немесе 90% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
27 Қараша 2019, 09:50
-
Түркістанда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық форум өтті
9 желтоқсан - «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» деп белгіленген болатын. Осы айтулы күн қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан облысы әкімдігі және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік халықаралық тәжірибелер» тақырыбында Түркістанда алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық Түркістан форумы» өтті.
22 Қараша 2019, 15:50
-
Елорда әкімдігіндегі қабылдауда 700-ге жуық адам болды
2019 жылғы 21 қарашада Президенттің "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында республика бойынша "азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында елорда әкімі Алтай Көлгінов, елорда әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады, деп хабарлады астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
22 Қараша 2019, 09:30
-
Ақтөбе облысы халықаралық форумда экспорттық әлеуетін көрсетті
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орынбор қаласында басталған «Орынбор – Евразия жүрегі» халықаралық форумына қатысуда.
21 Қараша 2019, 17:20
-
Ішкі істер министрінің қабылдауына 100-ден астам адам жазылды
102 адам жалпы республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қабылдауына жазылды.
21 Қараша 2019, 14:50
-
"Шырақшы" фильмі Сочиде өткен Халықаралық фестивальде екі жүлдеге ие болды
"Шырақшы" фильмі Ресейде өткен Sochi International Film Festival and Awards кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды, деп хабарлады Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" Баспасөз қызметі.
21 Қараша 2019, 11:00
-
Елордада Адам құқықтары диалогы басқосулары өтті
Нұр-Сұлтан қаласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитетінің 17-ші отырысын және Адам құқықтары бойынша 11-ші диалог басқосуын өткізді. Биыл қос кездесу Қазақстандағы саяси өзгерістер мезеті мен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) ЕО-ға мүше мемлекеттермен толық бекітілуі аясында ЕО-Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызды кезеңімен тұспа-тұс келді. Талқылаулар сындарлы және ашық диалог жағдайында өтті.
20 Қараша 2019, 12:10
-
БҚО-да 23 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 23 346 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 14 748 адам жұмысқа орналастырылса, оның 9 978-і немесе 68% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
19 Қараша 2019, 16:26
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды