- Басты
- Жаңалықтар
- М.Ахметжанов: Балаларға зорлық көрсеткендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
М.Ахметжанов: Балаларға зорлық көрсеткендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
Балаларға зорлық көрсеткендер 20 жылға сотталады немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылатын болады. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты.
"Ағымдағы жылы қылмыс 17 пайызға (289 096 -2018 ж. бастап 241 479-ға дейін), соның ішінде кісі өлтіру - 11 пайызға (797-ден 695-ке дейін), ұрлық - 23 пайызға (175 636-дан 136 316-ға дейін), тонау-22 пайызға (7 956-дан 6 237-ға дейін), қарақшылық-21% (560-дан 453-ке дейін), бұзақылық-28 пайызға (8 118-ден 5 821-ге дейін), есірткіге байланысты қылмыс - 12 пайызға (7 646-дан 6 700-ге дейін) төмендеді. Ал соңғы 20 жылды қылмыс деңгейі 3 есеге кеміген", - деді Бас прокурор орынбасары.
Сонымен бірге ол қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасына енгізілген өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері орташадан ауыр санатқа ауыстырылған.
"Үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына баса-көктеп кірумен жасалған ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін жауапкершілік күшейтіліп, олар ауыр қылмыстар қатарына ауыстырылады. Олар бойынша, соның ішінде қайталанған қылмыстар үшін татуласу болмайды. Жас балаға қатысты зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жауаптылық көзделіп отыр. Жас балаларды өлтіргені үшін де осындай жаза қарастырылған", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ оның сөзіне сүйенсек, енді педофилия фактілерін хабарламағаны, жасырғаны және бұрмалағаны үшін жазаның ең жоғары мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сонымен бірге ол заңсыз аң аулау және заңсыз балық аулау теріс қылықтан ауырлығы орташа қылмыстар санатына ауыстырылғанын айтты.
"Заңсыз аң аулау және заңсыз балық аулау үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 10 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Қорықтардағы балықтардың сирек кездесетін түрлеріне және Қызыл кітапқа енгізілген жануарларға қатысты осы әрекеттер 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал қылмыстық топтың құрамында немесе аса ірі мөлшерде 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Олар бойынша қылмыс құралдарын, көлік құралдарын және браконьерлердің мүлкін міндетті түрде тәркілеу енгізіледі", - деді ол.
Бұдан басқа бірқатар түзетулер есірткі қылмыстары үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған.
"Есірткіні насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыр көзделген. Сонымен қатар заңсыз айналым үшін жауаптылықты көздейтін баптарда және есірткіні пайдалануға көндіргені үшін "электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану" және "қоғамдық орындарда” деген жаңа саралау белгілері енгізілді. Бұдан былай интернетте, түнгі клубтарда, дәмханаларда, парктерде орын алған есірткі айналымы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал кәмелетке толмаған адамға осындай тәсілмен есірткіні сату – өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланбақ", - деді Марат Ахметжанов.
Бұдан бөлек қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасына енгізілген өзгерістерден басқа тағы да 14 заңға түзетулер қарастырылған. Сондай-ақ оның айтуынша, Неке және отбасы туралы Кодекске бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу бойынша нормалар енгізілмек.
Назерке Сүйіндік
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді