• Басты
  • Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды – Президент
27 Сәуір, 2020 12:13

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды – Президент

Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді.Бірақ, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды, деді Президент Қ.Тоқаев өз мәлімдемесінде, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды – Президент

«Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі.Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді.Денсаулық сақтау министрлігі ауруды тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейтуге тиіс.Оны халықаралық стандартқа сәйкес тәулігіне кем дегенде 20-25 мыңға дейін жеткізу қажет.Осыған орай, Үкіметке қысқа мерзім ішінде отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырамын», - деді Президент.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу үшін қолда бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалану керегін айтты.

«Вакцина қолжетімді болған кезде Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажет.Дағдарыстан кейін де біз медицинаны дамытуға баса мән береміз.Бұл салаға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды